Халқым, саған айтам, билік, сен тыңда!

немесе Жерімізді «әркім» иеленсе, онда біздің кім болғанымыз?

Бұл — менің ғана емес, сырттағы, іштегі «әрбір қазақ — жалғызым» деп ұғынатын миллиондаған бауырларымыздың үні. «Құдай бетін әрмен қылсын!» — деп жақсылыққа жорығанмен, бұл ақиқат. Менің қолыма қалам алғызған мәселе осы болып тұр. Анамын ғой, елімнің ертеңі үшін алаңдаймын. Біраз күннен бері ақпарат беттері сайттарда, әсіресе әлеуметтік желілерде бүкіл қазақ үлкен-кіші, алыс-жақын шетелдердегі исі қазақ қатты қобалжу үстінде. Өткен апта Елбасының Үндеуінен басталды. Одан мәлімдемемен жалғасып, халыққа Елбасының Жолдауы түсіндірілді. Бұл да егемендігіміздің арқасы, Елбасының сындарлы саясаты. Ең бастысы, ол құжаттарды елдің жан-жақты талқылауында. Бұл қуантады. Халық еш нәрсеге немқұрайлы қарамайды, жақсы пікірлер айтып, жеткізіп жатыр. Мен де өз пікірімді айттым, жаздым. Аллаға сансыз шүкіршілік етемін. Бақыттымын, кемеңгер көшбасшымның саясатын шамам келгенше насихаттап, елмен араласып, билік пен халықтың ортасында алтын көпір болғаныма да сансыз шүкіршілік етемін. Еңбегім бағаланып, Елбасымның жарлығымен 68 жасымда ҚР еңбек сіңірген қайраткері атандым. Ол маған күш-қайрат, жігер берді. Қазір 71 жастамын. Еліңе адал еңбек етсең, жастың еш кедергі болмайтынының бір айғағы бұл. Бір Алла қолдаушым, бағдаршамым — Елбасым, тілекшім халқым… Президентіміз демалысты білмей, бүкіл әлемді аралап, елімді қайтсем бақытқа жеткізем деп тынбай жүр. Мен де ел ішін жиі аралаймын. Елбасының саясатын қалың елге жеткізуге, ал ел жақсылықтарын билікке жеткізуге асығамын.

img_0415

Алладан жалғыз тілегім бар. Ол — елімнің, бала-шағамның амандығы, бірлігі, ынтымағы, ел тұтастығы, егеменді еліміздің тұрақтылығы. Дат жазуыма себепкер болған нәрсе — Ата Заңымызға жасалайын деп отырған өзгертулердің кейбірінің менің халқымның осы үлкен арманына нұқсан келе ме деген қауіп. Осы 26-баптағы «әркім» деген сөз қазақтың тынышын алып отыр. Халқым берген елана атым бар. Үндемей қалғаным аналық атыма сын. Қазақ ешкімді кеудесінен итермеген. Бүкіл ұлтты бауырына басқан қазағым «өзбекті өз-ағам, қырғызды «басымда менің ақ қалпақ, айырмам қайсы қырғыздан, менің де бетім жап-жалпақ» деп, орысты тамырым, ұйғырды бауырым…» дейді. Қазақстанды Отаным деген ағайындардың пікірін, білдірмегендері де көңілге қаяу түсіреді. Зиялы қауымымыз, ғалымдар, мамандар, қарапайым бұқара халқымыз, алыс-жақындағы қандастарымыз, қарттарымыз, аналарымыз «аштыққа да, суыққа да, басқаға да шыдармыз, ал жерімізді, меншігімізді әркім иеленсе, біздің кім болғанымыз» дейді шырқырап. Кеше ғана шекараны Елбасы бекітті, бабаларымыз найзаның ұшымен, білектің күшімен қорғаған қасиетті жеріміз үшін мың өліп, мың тірілген қазақ енді Тәуелсіздігіміз жігіт жасы 25-тен асқанда меншігімді әркімге беріп қоямыз ба? Жерімізге, жер байлықтарымызға, ел бірлігіне әлемде көз тігіп отырған қаншама халық бар. Мен бұл заң Елбасының алдына бекітілуге барғанда қабылданбайтынына кәміл сенімдімін. Нұрсұлтан Әбішұлы — тарихта аты алтын әріппен жазылған қазақтың тұңғыш президенті. Халық қамын, жер тағдырын Елбасынан артық ойлайтын біреу бар десек, қателесеміз. «Патша біреу, халқы оған тіреу» дегендей, біз әрқашанда ол кісінің қасындамыз. Замана ыңғайына қарай келетін өзгерістерге түсіністікпен қарау да байыптылық. Елдіктің, азаматтықтың Ата Заңы бұл. Ұлттықтың, Тәуелсіздіктің, болашақ ұрпақтың тегіне залалы тиеді-ау дейтін тұстарда парасаттылықпен, асықпай ақылдасқанымыз абзал. Шынында да Ұлттық жасампаздыққа бастайтын, ұлыстық бірлікке үндейтін өзгерістерді өзегімізбен қабылдай білсек, қанеки.

Ата Заңда астар болмайды! Тек қана шындық жазылатын жалғыз мәтін — Ата Заң. Бұл — Қазақстанымыздың, қазағымыздың тағдыры алтын әріппен жазылатын ұлы құжат.

Қадірлі Елбасы, сіздің қашанда халық пікірімен санасатыныңыз белгілі. Қандай да бір қиын, ауыр шақтардан еліңізді хас шеберлікпен алып келе жатқан ұлы тұлғасыз. Қазақтың ұлы көшбасшысы бар, ол — Елбасы. Нұрсұлтан Әбішұлының бұл жолы да дұрыс та айқын жолды данышпандықпен таңдайтынына кәміл сенімдімін. Қазақстан Республикасының азаматы ретінде Конституциямызға өзгертулер мен толықтыруларға байланысты 26-баптың өзгеруіне түбегейлі қарсымын, осындай талаптар мыңдап, он мыңдап кездеседі. 

Барлығының алаңдайтыны – ертеңгі ұрпаққа не қалдырамыз, ұл-қызы жат қолына кетіп, қасиетті қазақ топырағын «әркім» таптамай ма деген күдік мазалайды. Обалы кімге?!..

img_0416

«Әркім» туралы Ата Заңды ашып саралап көрелік: Қазірде 26-бап туралы әркім айта бастапты және «сендер түсінбейсіңдер, заңнан сауатсызсыңдар!» деп сөгушілер пайда болды. Бәрінің пікіріне құрметпен қарай отырып, Конституциямызды бір шолып шығалық. Ең әуелі меншік жайында 6-бап:

1. Қазақстан Республикасында мемлекеттік меншік пен жеке меншік танылады және бірдей қорғалады.

2. Меншік міндет жүктейді, оны пайдалану, сонымен қатар қоғам игілігіне де қызмет етуге тиіс. Меншік субъектілері мен объектілері, меншік иелерінің өз құқықтарын жүзеге асыру көлемі мен шектері, оларды қорғау кепілдіктері заңмен белгіленеді.

3. Жер және оның қойнауы, су көздері, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, басқа да табиғи ресурстар мемлекет меншігінде болады. Жер, сондай-ақ, заңда белгіленген негіздерде, шарттар мен шектерде жекеменшікте де болуы мүмкін.

3-тармақты қысқарта айтсақ, «Жер жекеменшікте бола алады» деп тұр. Ал 26-бап осы меншік кімге берілетінін айқындайды:

1. Қазақстан Республикасының азаматтары заңды түрде алған қандай да болсын мүлкін жекеменшігінде ұстай алады.

2. Меншік, оның ішінде мұрагерлік құқығына заңмен кепілдік беріледі.

3. Соттың шешімінсіз ешкімді де өз мүлкінен айыруға болмайды. Заңмен көзделген ерекше жағдайларда мемлекет мұқтажы үшін мүліктен күштеп айыру оның құны тең бағамен өтелген кезде жүргізілуі мүмкін.

4. Әркімнің кәсіпкерлік қызмет еркіндігіне, өз мүлкін кез келген заңды кәсіпкерлік қызмет үшін еркін пайдалануға құқығы бар. Монополистік қызмет заңмен реттеледі әрі шектеледі. Жосықсыз бәсекеге тыйым салынады.

Бары осы. Ауыз көпіртіп сағаттап түсіндірер түк те жоқ, меніңше. Конституция — мемлекет іргетасы, ең қуатты заң. Елдегі барлық заңдар мен нормативтік актілер осы Конституцияны негізге ала отырып жазылады, түсініксіз тұс болса, осы Заңға жүгінеді. Білуімше, біздің Конституцияны Салық Зиманов бастаған білікті ғалымдар әзірледі. Олардың дәл 26-бапқа «Қазақстан Республикасының азаматтары» дегенді нығарлап жазуы бекер емес. Мұндай нақтылық Конституцияға міндетті түрде керек. Мәселен, 33-бапта: «Республика азаматтарының мемлекеттік қызметке кіруге тең құқығы бар», — делініп тұр. Оны «әркімнің құқығы бар» деуге болмайды. Ал «әркім» сөзі ортақ тұрғыда көп қолданылады: Әркімнің құқық субъектісі ретінде танылуына құқығы бар және өзінің құқықтары мен бостандықтарын, қажетті қорғанысты қоса алғанда, заңға қайшы келмейтін барлық тәсілдермен қорғауға хақылы. (13-бап. 1) Әркім өзінің жеке басының бостандығына құқығы бар. (16-бап) Еңбек құқығын талдайтын 24-бапта да «әркім» деген сөз баршылық. Рас, біз зайырлы ел ретінде әркімнің (отандасымыз, шетелдік) құқығын сақтауға, баршаға тең білім алуға мұрсат беруге, еңбек етуіне рұқсат… Тағы біреуі былай түсіндіреді: «Әркім» шетелден келген инвесторларға арналған, олар ақшасын құяды. Онда «инвестиция құятын шетелдіктерге» деп неге ашып бір пункт жазбайды? Əркімді жазбай-ақ, ауыстырмай-ақ…

Бұл Құран емес қой, адамның игілігіне жазылып, оған қызмет етпей ме? Оны жазатын да адам емес пе дейді.

Ресей мемлекеті өз Конституциясында «Әркім меншік құқығына ие бола алады» деп көрсеткен. Біздің енгізбекші болып отырған нұсқамыз әдеттегідей Ресейдің Конституциясынан алынғалы отыр. Алайда Ресей мен Қазақстанды салыстыруға мүлдем келмейді. Ресей, шын мәнінде, көпұлтты, федеративтік құрылымдағы мемлекет. Ал Қазақстан — унитарлы мемлекет. Ресей — дүниежүзіндегі кез келген елге қарсылық көрсете алатын, әскери қуатты, империялық амбициясы бар ел.

    Сенат спикері Қ.Тоқаев мырза:«Конституцияға енгізілген өзгертулерде Қазақстанды өркениетті ел қылатын шетелдіктер үшін маңызды жаңалықтар бар», — дейді. Бұрынғы сенат депутаты, «Қазақстандағы парламентаризмді дамыту қорының» президенті Зәуреш Батталова ханым конституциялық өзгерістер жобасында 26-баптағы «Қазақстан Республикасы азаматтары» тіркесін «әркім» деп өзгерту — «шетелдіктерге Қазақстан жерін жекеменшікке өткізудің жолы» десе, қазіргі сенатор Серік Ақылбай мырза, оның көлігі, киімі, компьютері бар. Мұның бәрі сол адамның мүлкі болып саналады. Одан басқа, шетелдік азаматтар мұнда инвестиция әкеледі, ол да мүлік. Келген инвестиция қорғалуы керек, оның Конституциямен сақтандырылуын қамтамасыз ету керек»,— дейді Ақылбай мырза.Сенатордың пікірінше, Жер туралы мәселе — басқа мәртебеге ие және мүлде басқа ережемен реттеледі«Біз бұл жерде Конституцияның 6-бабына жүгінуіміз керек, онда жер заңда көрсетілген жағдайларда ғана жеке меншікке берілетіні жазылған. Яғни, мұнда Жер туралы және Азаматтық кодекстерге сілтеме жасалған, ал ол заңдарда шетелдіктердің ауыл шаруашылығына арналған жерлерді сатып алуы туралы бірде-бір сөз жоқ», – дейді ол.

    Белгігі қоғам қайраткері Дос Көшім мырза :«Егер ҚР Конституциясын халықтық референдум арқылы қабылдасақ, Конституцияға енетін барлық өзгерістер мен толықтырулар да референдум арқылы қабылдануы тиіс» депті Көшім Abai.kz сайтында жарияланған пікірінде.Айтуынша, бүгінге дейін Конституция баптарының, кем дегенде, үштен бірі өзгеріске түсті, бірақ билік бір де бір бапты халықтың талқысына салмаған.«Өткен жылғы жер мәселесінің екі сұрағы шешімін таппай тұрғанда, Конституциядағы меншікке қатысты бапты өзгерту – халықты көшеге шығару үшін жасалған арнайы жоспар сияқты», дейді ол бұл ретте. Билік халықты алдай алмайды. …   Айтуынша, жерін, өзен-көлін, ауасын жекеменшікке жатқызуды қазақ қоғамы қабылдамайды.  Әрине, сан түрлі айла-шарғылармен кез келген заңды қабылдауға (қабылдатуға) болатын шығар, бірақ оның түбі үлкен жарылысқа алып келетіні анық.Сонымен қатар, ол «жер – мемлекеттің меншігі» деген тұжырыммен келіспейтінін айтыпты.«Жер – соны сақтап қалған, өз қанымен қорғаған халықтікі, қазақ ұлтының меншігі.Қазақ жері халықтың емес, мемлекеттің меншігі болғанда – ұлт өзінің жерінен айрыла бастайды екен: Кеңес одағына кірген Қазақ мемлекетінің басшылары «экономикалық қажеттілік» деген сылтаумен «өздерінің  меншігіндегі жерді» Ресейге де, Өзбекстанға да таратты… Билікке беруге болмайтын екі нәрсе бар; біреуі – адамдардың құқығы мен еркіндігі (мемлекет тек сол құқықтың сақталуының кепілі ғана), екіншісі – жер (мемлекет жерді тиімді пайдалануды реттеуші ғана), –  дейді, Дос Көшім мырза.                                                                

    Астанада ҚР-ның заңнамалық актілеріне жер қатынастарын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар қарастырылған ҚР Үкіметі отырысында қоғамдық резонанс тудырған 26-бап мәселесін көтерді, нақты себептермен ол бапты өзгертудің қажеті жоқ екенін дәлелдермен, Болатхан Тайжан» қорының президенті Мұхтар Тайжан мырзада пікірін білдірді. 

 Қоғам қайраткері Айдос Сарым: Жер учаскесі, үй, дача, вилла, зауыт, фабрика, кеніш, плантация, егістік, шабындық – жылжымайтын мүлік болып табылады. Жылжымайтын мүлік я жекеменшік, я мемлекеттік болуы мүмкін. Бүгінде жер мен жерасты байлығы мəселесі көбінде əртүрлі мерзімді аренда арқылы шешіліп отыр. Қазір жерге жекеменшік мəселесі бесжылдық мораториймен жылы жабылған. Уақытша.Бүгінгі биліктің ойы жерді жекеменшік етуге қол жеткізу жəне оны кез-келген адамға жекеменшікке сатуға мүмкіндік жасау. Егер жер жекеменшік болса, онда шетелге кетсең де сенікі болып қала береді. Заңдастырылуы мен заңдылығы қамтамасыз етілсе жетіп жатыр. Оны сатып алуға, сатуға, мұра қып қалдыруға болады деген сөз. Оны елдің де, əлемнің соты да қорғап шыға алатын болады.Барша əлем заңында солай. Біздің заңдарымыз да осы əлемдік үрдіске негізделген.
«Бұрын жер мен жерасты байлықтарына қатысты шектеулер болатын. «Əркімдерге» қатысты. Қазір 26-бап өзгертілсе, бұл шектеулер жойылады. Сондықтан да бұның бізге қатысы жоқ, жер қатынастарына еш кеселін тигізбейді, зияны жоқ дегенді айтпаңыздаршы!» — дейді

Қанша адам сонша пікір, дұрыс па, бұрыс па, бағасын беріп, үкімін шығаратын — болашақ! Ел сенім артқан қос палаталы Парламенттің төрінде отырған халық қалаулылары «Қазақстан Республикасының мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасына көп уақыт жібермей, талас-тартыс тудырмай, біздің үнімізге ден қойып, «айдарынан» сипап, Елбасының алдына жіберуінің өзі ашудың түйінін тарқатып, халықты тыныштандырар еді. Енді елді осыншама дүрліктірмей, биліктегілер, халық қалаулылары, заңгерлер осыны халыққа неге түсіндірмейді? Халық қалаулылары ел аралап, Елбасының Үндеуін насихаттап, бұқара халықпен кездесуде, халықтың осы заңдағы өзгерістер мен толықтыруларда ұсыныстарын ескеріп жеткізетініне күмәнім жоқ. Мемлекетіміз күннен-күнге дамып, гүлденіп келеді. Оған сөз жоқ. Бірақ ұлттық мемлекет болып қалу мәселесі әлі де қиын күйінде қалып тұр. Себебі өз бауырларымызды өзіміз кеудесінен итеріп отырмыз. Сырттағы көш тоқырап тұр. Елбасы Н.Назарбаев Конституцияның кепілі, Ұлт көшбасшысы ретінде шетелдегі қазақтардың елге келуіне жағдай жасап, елге миллион қазақты қосты. Конституцияның екінші бөліміндегі 10-бапқа «Республика шегiнен тыс жерлерде тұратын этникалық қазақтар Қазақстан Республикасына кедергізсіз оралады және тұру мерзіміне қарамастан, Қазақстан Республикасының азаматтығын жеңілдетілген тәртіппен (тіркеу тәртібімен) алады» деген тармақ қосуды сұраймыз. Әлемнің 40-тан астам елінде тарыдай шашып жүрген 5 миллион қазақтың елге оралуы және олардың ҚР азаматы атануы сияқты күрделі процесс Елбасы салып берген жолмен жалғасын табуы қажет. Қолданыстағы көші-қон заңының тұрақсыздығы кесірінен соңғы 7 жылда көші-қон айтарлықтай тұралады. Оралмандардың азаматтық ала алмауы, оларға азаматтық беру тәртібінің жиі өзгеруі шеттен келген қандастарымызды қинағаны жасырын емес. Сондықтан да Ата Заңға өзгертулер ішінде «шетелден оралған қазақтарға азаматтық беру» туралы ұсыныстар да бар. Елбасының осы сара жолы тарихқа қалай алтын әріппен жазылатын болса, әлемдегі қазақты бір қазақ қалғанға дейін елге оралтатындай бап Ата Заңда да жазылуы керек. Әлемдік мамыражай тіршіліктің басты шарты — халықтың билікті түсінуі, биліктің халықпен тіл табыса білуі. Ынтымақ пен бірлік сол кезде ғана нығаяды. Сондықтан біз бір-бірімізді түсініп, бір-бірімізді құрметтеуге тиіспіз. Қазақ деген атымызға лайықты ел болу — баба мұраты! Алладан да, тағдырдан да, уақыттан да жылап алған мүмкіндіктен ажырап қалу қаупі туып отыр. Біз өзі аз ғана халықпыз. Ұлтқа ұлағат болатын ақсақал ардагерлеріміз, зиялыларымыз да көп емес. Олардың да осы бір кезеңде үн-түнсіз қалуы мүмкін емес… Биліктің халық пікірімен санасатыны белгілі, тіпті бір ай уақыт беріп, мекенжайын айтып, халық пікір-ұсынысын жазсын дегеніңіз осының дәлелі.

Мемлекет басшысы бүкілхалықтық талқылауға шығарған «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы заңының жобасына қатысты ұсыныстар 2017 жылғы 26 қаңтардан 2017 жылғы 26 ақпанға дейін мына мекенжайда қабылданады: 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы Үкімет үйі Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік құқық бөлімі. Электрондық пошта — ap2017@akorda.kz Ұсыныстар ағылып келіп жатқаны сөзсіз, Ассамблеядағы Қазақстанды өз Отаным деп есептейтін ұлттар мен ұлыстардың да бұған қарсы болатыны сөзсіз…

ТҮЙІН: Мұндай мәселелерге халықтың қобалжуы орынды. Халық қой емес, бас салып жүнін қырқа беретін! Халық — қыран, аңға салсаң, аңды алады, болмаса аңшының өзін алады! Халықпен қашанда санасқан дұрыс. Елдің бәрі сауатты маман емес, осыдан түсінбеушілік туады, сенім кетеді… Не нәрсенің де түбіне бір ауыз сөз жететіні белгілі. «Әркім» сөзі ел тағдырын шешетіні де рас. Сөзге тоқтаған сабырлы халықпыз, Аллаға шүкір, Елбасымыздан бастап, Үкіметте халық үшін шырылдап еңбек етіп жүрген азаматтар жоқ дей алмаймыз. Сіз бен біз білетін қиыншылықтар бар, оларды көзіміз көріп, оқып біліп отырмыз, білмейтініміз қаншама…

Не нәрсе де халықты игілігі бірлігі үшін, болашақ үшін жасалуы тиіс. Мынаны есте сақтайық, дауға айналдырмай, бір-біріміз тыңдап, бұл мәселенің шешілетініне сенейік, ұсыныстарымызды берейік. Қазір бұнымен абырой жинап, ел алдында мықты болғысы келетіндер де бар. Сөз соңында айтарым — сабырмен, асықпай ойланып, ойбайға аттан қоспай, жан-жақты ұрандатпай, заңды оқып қараңдар. Ар таразысына салыңдар, биліктегілердің, халық қалаулыларының пікірлеріне де сыйластықпен қарайық, олардың халықтың пікіріне де солай қарайтынына сенейік, ағайын..! Конституцияға енгізілген өзгертулерде Қазақстанды өркениетті ел болатын да уақыт келер ел аман болса… Ата-бабамыз аманат етіп кеткен Жер-Анамызды баршамыз қастерлейік… Ертең кеш болмасын! Бір-бірімізді тыңдап, əліптің артын бағайық, ағайын, Елбасымызға сенейік. Болашаққа бәріміз жауаптымыз!

Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ,

ҚР Еңбек сіңірген қайраткері

34 thoughts on “Халқым, саған айтам, билік, сен тыңда!

  • 09.02.2017 at 14:12
    Permalink

    “Қатардағы қараша ойлағанды, хан ойламаса, Алтын тахта не қасиет қалады?”- (Қабдеш Жұмдыловтың “Дарабоз” романындағы айтылған сөз) дегенді оқып едім. Осы жер мәселесіне қатысты тармақтар былтырдан бері жұртты мазалап бітірді. Сонда жоғарығы жақ шынымен түсінбей отырма әлде жерді ту-талақайын шығарып сатып, қалталарына басқысы келеме түсініксіз болып тұр. Сонда біз ертеңгі ұрпаққа қандай Қазақстанды қалдырамыз? Осыны неге ойламаймыз? Сұрақ өте көп…
    Сәуле апайымыз өзінің көңліне түйгендерін аналық жүрегімен астастыра отырып жазған екен. Рахмет деймін. Ал өзге де қайраткерлер неге жақтарын ашпай отырғанына таңым бар. Неге біз осы тартына береміз? ӘРКІМ ӨЗ ПІКІРІН АШЫҚ БІЛДІРУЛЕРІ КЕРЕК ҚОЙ.

    Reply
  • 09.02.2017 at 14:16
    Permalink

    Бір кісілердің айтуынша “облыстарда, аудандарда, өте-мөте шығыста жер Қытай фермерлеріне сатылып кеткен көрінеді.” Әрине, тұтас аудан сатылып кетпеседе неше жүздеген гектар егіс алқаптарына қытайлар тұқым сіңіріп жатыр. (мысалы Бесқарағай ауданына) Бұл “әләуләйің” басы ғана.

    Reply
  • 09.02.2017 at 14:21
    Permalink

    өткен жылғы құрылған “жер комиссиясы” құрамында болған біраз кісілерді көріп, әңгімелерін естідік. (әдеттегі кездесулерде) Сондай байқағанымыз- олар да барлығын біліп тұр екен. Тіпті шулап-шұрқырап жүрген былайғы жұрт біле бермейтін небір сұмдықтарды да келешек қауып-қатерлерді де анық біліп болжап отыр екен. Ал сол ойларын жиналыстарда айытпайды, эфирде айытпайды, мақала жазбайды…
    Сауле Мешітбайқызының бұл мақаласын Президент оқымайтын шығар, деседе сол жақтаотырып алып әлеуметтік желіні “аңдып отырған” саққұлақтар көрсе екен, көкелеріне айытса екен…

    Reply
  • 09.02.2017 at 19:28
    Permalink

    Сәуле Мешітбайқызы, дер кезінде үн қостыңыз! Тамаша! Тапжылмай соңына дейін оқып шықтым. Аналық жүрекпен жазылғаны анық көрініп тұр. Аттандай бермей, әрбір азамат сіз секілді сауатты түрде пікірін жеткізіп, қарсылығын білдірсе, бәрі де оп-оңай реттелер еді.
    Не дейміз, азаматтық көзқарасымызды білдірдік, енді Алладан тек қайырын сұраймыз! Басқа амалымыз да жоқ қой…

    Reply
  • 09.02.2017 at 19:35
    Permalink

    Сәуле Мешітбайқызы, дер кезінде үн қостыңыз! Тамаша! Тапжылмай соңына дейін оқып шықтым. Аналық жүрекпен жазылғаны анық көрініп тұр. Аттандай бермей, әрбір азамат сіз секілді сауатты түрде пікірін жеткізіп, қарсылығын білдірсе, бәрі де оп-оңай реттелер еді.
    Не дейміз, азаматтық көзқарасымызды білдірдік, енді Алладан тек қайырын сұраймыз! Басқа амалымыз да жоқ қой…

    Reply
  • 09.02.2017 at 19:51
    Permalink

    Алла разы болсын, Сәуле апай! Сіз халықтың жүрегіндегі, абзал ананың жүрегіндегі аталы сөзді айтыпсыз. Көзі ашық, көкірегі ояу жандардың бәрі мәселенің анық-қанығына жетеді деп ойлаймын.

    Reply
  • 09.02.2017 at 22:37
    Permalink

    Аналық жүрек жарды сөзіңізді жеткізіпсіз апатай.
    Сөз арнаған халқыңыз да, үкімет ағалар да құлақ түрер, дұрыс шешім қаылдар деп үміттенейік. Еортақ. баршамызға ортақ.

    Reply
  • 10.02.2017 at 10:11
    Permalink

    Осы бір “әркім” деген сөздің түп мағынасын біздің билік біле ме екен? Әй, қайдам! Егер білетін болса, мемлекеттің басты құжатына енгіземіз демес еді ғой. Біз көбіне өз арамызда “әркім” дегенді айта береміз, одан қорқыныш жоқ. Ал егер әлемнің жан-жағындағы “әркімдер” қаптағанда болады “қуырдақтың көкесі”. Ол “әркімдеріңіз” қай оң пиғылымен келеді дейсіз бізге? Қазақты көгертейін, қазаққа пайдам тисін, қазақ тілін үйренейін, қазақтың салтын ұстанайын деп келмейтіні анық. “Әркімнің” көздейтіні – жер, ақша, пайда. Одан қалса не қызымызды алады, не қызын береді (әй бірақ бізге қызын қайдан берсін). Сәуле апай айтып отырғандай, не нәрсенің де түбіне бір ауыз сөз жететін мына тасбауыр жасап алған қоғамымызға “әркімдер” дендеп кіріп кетсе, қазаққа жаны ашығанынан бірдеңе жасай қояды дегенге сенбеймін.
    Біздің санамызда қауіптің көбі қытайдан деген ой қалыптасып қалған. Бірақ біз қазақ қыздарының еуропалықтарды айтпағанда, аз-аздап (әзірге!) афронәсілді, үнді, араб, тайланд, басқа да біз білмейтін ұлттардың жігіттеріне күйеуге кетіп жатқанын қалайша қауіп деп айтпайсың! Осындайда жаралы қудай ыңыранып, жарылған мұздай күңіреніп, Қайрауықтың ащы күйіндей қоғам арасынан шығатын санаулы ғана адам болмаса, көбіне селт етпейтін жағдайға жеттік. Бірақ былтырғы жер мәселесі, бүгінгі “әркімге” орын беру ұсынысы халықты бей-жай қалдырмады. Әсіресе, ел алдында жүрген Сәуле Мешітбайқызы қатарлы ЕлАналарымыздың қайрау сөзі ауадай қажет болып тұр.
    Өз басым сырттан келетін қазақтың көші мүлдем тоқтап қалды ма деп қорқамын. Неге тоқтамасын, егер мынадай жалтақ, қауқарсыз заң шығаратын органымыз болса, жемқорлық жайлаған билігіміз болса?
    Сол себепті, Сәуле апай осы мәселені де дер кезінде ұтқыр көтерген екенсіз. Аналық жанайқайыңыз жаңғыра шыққан екен. Мың ұсақ шыбықтан гөрі бір үлкен тоқпақтың ұрғаны қатты тиеді. Сәуле апайымыздың бұл жолғы атқа қонуы да соның айғағы. Ендігі үміт – Елбасыда. Мен де мемлекет басшысы халқының пайдасы үшін дұрыс шешім шығаратынына сенімдімін.

    Reply
  • 10.02.2017 at 11:44
    Permalink

    Конституциядағы меншік құқығы жайлы 26-бапқа үкімет ұсынған өзгертулер жобасына кез-келген қазақ азаматы қарсы. Қазақ туған жерін өз әкесіндей, шешесіндей көрген. Қазақ үшін жер ешқашан сатылмайтын киелі ұғым.Сәуле апамыздың жер мәселесіне “әркімге” орын беру туралы ұсынысқа қарсы аналық жанайқайымен шығуы өте орынды, әрі шынымен де дәл осындай кезеңде ел алдында жүрген Сәуле Мешітбайқызы қатарлы еланаларының қамқар да қайрау сөзі өте қажет. Халқының көкейідегісін дөп басып жеткізген апамыздың бұл жазбасын жоғарыдағылар дұрыс қабыдайды деп сенемін. Сәуле апа біз сізбен біргеміз.

    Reply
  • 10.02.2017 at 17:31
    Permalink

    Қоғам пікірін саралап, уақтылы ой айтатын осындай ақсақалдарымыз көп болғанда жастармыз мәңгіріп, болашақтан үмітсізденіп кетпес еді….
    Қоғам пікірін ескереді деп үміттенемін…

    Reply
  • 10.02.2017 at 17:51
    Permalink

    Сəуле апай, өте сауатты түрде бүкіл халықтың тілегін жеткіздіңіз: Барлығының алаңдайтыны – ертеңгі ұрпаққа не қалдырамыз, ұл-қызы жат қолына кетіп, қасиетті қазақ топырағын «әркім» таптамай ма деген күдік мазалайды. Обалы кімге?!..
    Енді бүкіл халықтың атынан жолдап отырған Ананың датын Президентіміз жерге тастамайды деп сенеміз. Жəне шешімді парасаттылықпен қабылдайтына сенімдіміз! Өйткені Қазақстан жері – ол тек қана Президенттің жеке меншігі емес, халықтікі. Шынымен де, біздің қалған байлығымыз – жер ғана емес пе. Ата-бабаларымыздан қалған қасиетті жерімізден айырылсақ – ұрпақтарға не қалдырамыз?! Сəуле апай, Алла разы болсын сізге! Аман болыңыз!

    Reply
  • 10.02.2017 at 18:22
    Permalink

    Сәуле апай, дер кезінде айтылған әңгіме! осындай жөн сөз айтатын, уақтында ескертетін ақсақалдарымыз көп болса, жастарымыз жағымпазданып мәңгіріп кетпес еді…

    Reply
  • 11.02.2017 at 13:55
    Permalink

    Фейсбук парақшасында жеке пікірлерімен автордың жанайқайына үн қосқан оқырмандардың сайттан орын алмау себебі неде ?

    Reply
  • 11.02.2017 at 14:08
    Permalink

    Саулеш Орак Бәріміздің көкейдегі ойымызды дәл жеткізіпсіз
    Саулеш Орак Бар үмітіміз-Елбасы. Талай қиын түйіндерді ел мүддесіне шешіп еді ғой.

    Reply
    • 11.02.2017 at 15:25
      Permalink

      Сауле Мешітбайқызы рахмет Бүкіл Ұлттың Датын жеткіздіңіз Жетесі Бар Ұлтты ойдайтын адам болса!!!Еңбегіңіз жансын Алла күш -қуат берсін Сізге!Осындай дауға жеткізбей-ақ шешуі қажет еді.Бұл Елбасының Ұлтының алдында берген Антына Адалдығын да көрсетеді!

      Reply
  • 11.02.2017 at 15:05
    Permalink

    СӘУЛЕ АПАЙ ДҰРЫС АЙТАДЫ! Менің қосарым: БІЗДЕР ҮШІН ЖЕКЕ БАСТЫҢ МҮДДЕСІНЕН – ҰРПАҚТАРЫМЫЗДЫҢ БОЛАШАҒЫ, ҰЛТЫМЫЗДЫҢ, ОТАНЫМЫЗДЫҢ МӘҢГІЛІК ТҰҒЫРЛЫЛЫҒЫ БАСТЫ ЖӘНЕ МАҢЫЗДЫ!!! “ӨРКЕНДЕР ЕЛДІҢ БАЛАСЫ БІРІН БІРІ БАТЫРЫМ деп ТҰЛҒА ТҰТАР”!!! НИЕТ ТІЛЕКТЕРІҢІЗ ҚАБЫЛ БОЛСЫН ҚАЗАҒЫМ!!! Осындай КЕРЕМЕТ суреттер, табиғат пейзаждарын, жетістікті іс-шаралар, әзіл-аңыздар жіберіп, осылай анда-санда көңіл көтеріп, бір РАХАТТАНЫП күлдіртіп қоятын, атқан таңға, батқан кешке жақсы тілектер айтып қуантып қоятын, ақ ниетті тілек-баталар беріп өркендетіп қоятын БАРША АҒАЙЫН-БАУЫРЛАР, ДОСТАР БӘРІҢІЗГЕ ШЕКСІЗ АЛҒЫС!!! АЛЛАНЫҢ НҰРЛЫ ШАПАҒАТЫ МОЛЫНАН-ЗОРЫНАН ЖАУЫП, ДЕНСАУЛЫҚТАРЫҢЫЗ БАЙ-ҚУАТТЫ, ҒҰМЫРЛАРЫҢЫЗ СӘТТІЛІКТЕРГЕ ТОЛЫ БОЛАҒАЙ!!! АТҚАН ТАҢДАРЫҢЫЗ ШУАҚТЫ, БАТҚАН КЕШТЕРІҢІЗ ҚҰНАРЛЫ-БЕРЕКЕЛІ БОЛА БЕРГЕЙ ҰЛЫ АЛАШ ҰРПАҚТАРЫ!!!

    Reply
  • 11.02.2017 at 15:14
    Permalink

    Сәуле апа, өте өткір! Қылышпен қиғандай, мақтамен бауыздағандай қансыз жан шығып тұр. Әрине, бұл мәселе мінберде тұрып сан мәрте талқылауды емес., шорт кесіп батыл нақтылауды қажет етіп тұрғаны ақиқат. Жаспыз ғой, жөнсіз, әлде жүгенсіз сөйлеуден аулақ болайын. Дұрыс, әлде бұрыс деп бағдар көрсетуге де өз бағдарымыз әлі жетпес! Тақыр жерден Тәуелсіз ел тұрғызған, небәрі ширек ғасырда Қазақстанды қуатты да, дербес мемлекетке айналдырған Ел ағаларының бұл мәселені де байыппен, дұрыс шешуге ақылы жетер! Сондықтан Сіздің сөзіңізге қосыла отырып, біз де сендік!

    Reply
  • 11.02.2017 at 15:29
    Permalink

    Алла разы болсын ! Сізді қазрдің өзнде ТҰМАР қанмға теңеп тұрмын!

    Reply
  • 11.02.2017 at 15:31
    Permalink

    Міңе, Ел Анасы, Қазақстан Республикасының қайраткерінің сөзі…! Бұдан артық қандай сөз
    керек осыны халықтын арасына Елбасының жолдауын түсіңдіруге кеткен (халық түсіңбейді деп ойлайтын болулары
    керек) “халық қалаулылары” оқыса дұрыс болар еді… Рахмет сізге Сәуле апай…!!!

    Reply
  • 11.02.2017 at 15:37
    Permalink

    Дер кезінде дөп басып айтылған тамаша ой. Сіз жан шырылыңызбен, жүрегі елім деп соққан әрбір
    қазақ баласының көкейінде жүрген ойды айтыпсыз. Қазақ елінің бағына біткен сіз сияқты аналары аман болсын

    Reply
  • 11.02.2017 at 15:41
    Permalink

    Рахмет Сауле апай.Сиздердей улкендеримзден улги алу,ертенги урпакка парыз деп ойлайым.Алла
    жаксылык берсин исинизге !

    Reply
  • 11.02.2017 at 15:46
    Permalink

    Бәрекелд, ЕланАНА !

    Reply
  • 11.02.2017 at 15:55
    Permalink

    Ардагер
    11.02.2017 at 15:52
    Your comment is awaiting moderation.

    Осы әлеуметтік желіде отырған тіл мамандарына сауал : “кім-көрінген мен әркім” сөзінің мағынасын ашып айтып, жұртқа түсіндіріп беріңіздерші , мүмкін ұсынғалы отырған “әркім” сөзінің түп төркіні ел ойлағандай аса “қауіпті” емес шығар?
    Сосын тағы бір сұрақ : әр саланың өзіне ғана тән, басшылыққа алатын бекітілген заңдары бар емес пе? Солардың бірі “әркімдердің” меншік иесінің заңмен қорғалуы да қарастырылған емес пе ? Түсінгім келсе де түсіне алмайтыным , меншік иесінің құқығын Ата заңмен бекітуіне қандай себептер бар екені?.Осындай көптің көкейінде туындаған сұрақтарға сауатты да доступно түсіндіріп, ел арасында түсіндіру жұмысын жүргісе болар еді, арандатушыларға жем болмай! Ел тыныштығы бәрінен де қымбат емес пе ?

    Reply
  • 11.02.2017 at 15:56
    Permalink

    Күмәнсіз, күдіксіз көңіліңізден айналдық, Елана! Сіз ойлағандай бар іс жақсылықпен бітсе екен! Сіз сенгенге біз де сендік.
    Не нравится · Ответить · 5 · 21 ч

    Reply
  • 11.02.2017 at 16:00
    Permalink

    “Мен бұл заң Елбасының алдына бекітілуге барғанда қабылданбайтынына кәміл сенімдімін” деп Сіз дүйім елдің көкейіндегі тілегін айтыпсыз. Алла разы болсын! Сіз сияқты қалың қазақ арқа сүйейтін ел аналары барына шүкір дейік. Аңқау қазақ дағдарып отырған сәтте мәселенің мәнісін сары майдан қыл суырғандай етіп түсіндіріпсіз. Осы аталы сөзіңізді ел-жұртты күтіп отыр еді.

    Reply
  • 11.02.2017 at 16:48
    Permalink

    Қазақ елінің кейінгі жəне келер ұрпақтары, қазақтың кең байтақ жерінде,өз елінде,жүздері төмен түспей, көтеріліп жүрсе екен деп жандарыңыз ауырып,үлес қосып жатқандарыңызға,Сауле апа сізге жəне Elana.kz. сайтына мың алғыс!Алла разы болсын!

    Reply
  • 11.02.2017 at 16:53
    Permalink

    Алла разы болсын

    Reply
  • 12.02.2017 at 12:30
    Permalink

    Сәуле замандасыма алғысым шексіз. Ер адам айтатын салиқалы да батыл сөзді айтып отыр. Әрбір сөзі мірдің оғындай. Мақаланы оқып отырып қатты ұялдым. Жігіттер, қайдасыңдар? Осындай еліміздің болашағы, жеріміздің тағдыры, тәуелсіздігіміздің қауіпсіздігі сынға түсіп тұрғанда аузы буылған өгіздей неге үндемей отырсыңдар? Әншейінде данасынып сөйлейтін ардагерлер қайдасыңдар? Әйел құрлы болмадық-ау. Айналайын, Сәулежан! Әйел дегенге ренжіме! Әйелдің де әйелі болады. Бізде, тарихта дана, батыр аналар бар болған ғой. Соның бірісің деп бағалаймын. Иә, біз көп нәрсеге үндемейміз. Сол үндемегендік, қорқақтық түбімізге жететін түрі бар. Әйтпесе біздің ата-бабаларымыз мына жерімізден басқа қаншама жер қалдырды. Әнеу Сарытау, Аштархан, Омбы, Түмен аймақтары, Ібір, Сібір жерлері біздің ата-баба қоныстары еді ғой. Олар алды, біз үндемедік. Өзбекке қаншама есеміз кетті. Үндемедік. Тағы да Қытайға қаншама жеріміз кетті. Шығыс Түркістан, Алтай таулары. Тағы да бұғып қалдық. Иә, ата-баба қаны тамған қасиетті жерімізді әркім иеленді. Әркім, кім көрінген! Халық ойыншық емес, ақымақ емес, бәрін біледі. “Әркімнің” артында зор салмақ, ауыр тағдыр тұр. Тоқтайық, тоқтатайық! Сәуленің үніне, ел үніне мен де қосыламын.

    Reply
  • 12.02.2017 at 12:36
    Permalink

    Біз, “Абылай хан” атындағы шет тілдер университетінің бір топ студенттері Сәуле апайдың мақаласын оқыдық. Мақала керемет жазылған және өз үнімізді қосуды жөн көрдік. ҚР 28 бабына “әркім” деген сөздің енгізілетіні жайлы естігенде, бәріміз шошып қалдық. Неге біздің жерімізді әркім иеленуі керек? Аталарымыз аманат етіп қалдырған жерімізді ешкімге бермейміз, соңғы қасық қанымыз қалғанша қорғауға дайынбыз! Сәуле апай, біз сізбен біргеміз, сізді толықтай қолдаймыз.

    Reply
  • 13.02.2017 at 21:24
    Permalink

    Сәуле апа, өте өткір! Қылышпен қиғандай, мақтамен бауыздағандай қансыз жан шығып тұр. Әрине, бұл мәселе мінберде тұрып сан мәрте талқылауды емес., шорт кесіп батыл нақтылауды қажет етіп тұрғаны ақиқат. Жаспыз ғой, жөнсіз, әлде жүгенсіз сөйлеуден аулақ болайын. Дұрыс, әлде бұрыс деп бағдар көрсетуге де өз бағдарымыз әлі жетпес! Тақыр жерден Тәуелсіз ел тұрғызған, небәрі ширек ғасырда Қазақстанды қуатты да, дербес мемлекетке айналдырған Ел ағаларының бұл мәселені де байыппен, дұрыс шешуге ақылы жетер! Сондықтан Сіздің сөзіңізге қосыла отырып, біз де сендік!

    Reply
  • 14.02.2017 at 00:27
    Permalink

    Не де болса артын күтейік , айқайға аттан қоспай ! Елбасының кемеңгерлігі талай тығырықтан шығарып, ел тыныштығы сақталып , ешкімге жалтақтамай ел қатарлы күнімізді көріп жатырмыз емес пе?! Сабыр сақтаңыздар !

    Reply
  • 17.02.2017 at 12:29
    Permalink

    Апатай, Рахмет. Еліміздің аналары сіз секілді үн тастамаса болашағымыз бұлыңғыр болайын деп тұр. АНА деген атыңыздан айналдық, менің АНАШЫМ бұл дүниеде бар болса ол кісіде атқа мінер еді елі үшін сізге қол қосып. Аман болыңыз.

    Reply
  • 17.02.2017 at 12:31
    Permalink

    Аумин !Алла разы болсын !

    Reply
  • 17.02.2017 at 13:12
    Permalink

    Ата-Заңымыздың қолжаулыққа айналып,қадірінің кете бастағаны қашан! Ертеңгі күні ұрпақтарымыздың алдында нендей уәж айтамыз?

    Reply

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған