ХОК қытайлықтардың медалін «сыпырып» жатыр

Халықаралық Олимпиада комитеті 2008 жылғы Бейжің олимпиадасында зілтемір көтеруден алтын медаль алған үш қытайлық спортшының медалін қайтарып алу туралы шешім шығарды. Бұл туралы Қытай БАҚ-тары BBC-ге сілтеме жасап xабарлауда. Яғни, Халықаралық Олимпиада комитетінің 2017 жылы 13 қаңтардағы мәлімдемесі бойынша 2008 жылғы Бейжің Олимпиадасында чемпион атанған үш қытайлық қыздың медалін қайтарып алады. Олар: Лю Шун Хұң (69 келі), Шын Шие Шия (48 келі), Цау Ли (75 келі).

Айта кетейік, Қытай ауыр атлеттері (әйелдер) аталмыш дүбірлі додада жеті салмақ дәрежесінде 4 алтын медальді жеңіп алған болатын.

«ЕлАна-ақпарат»

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған