«Червона Калина» украин ұлттық фестивалі өтті

2018  жылдың  4 қараша күні Н.Жантөрин атындағы филармонияда «Довира» украин этномәдени бірлестігінің ұйымдастыруымен «Червона Калина» украин ұлттық фестивалі өтті.

Шараның мақсаты  –  Қазақстандағы этносаралық ынтымақтастық пен татулықты насихаттау, «Қазақтану» мәдени-ағартушылық жобасы аясында қазақ халқы мен украин халқының арасындағы рухани байланысты нығайту.

Шараға Атырау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының меңгерушісі Г.Шакирова, «Қоғамдық келісім» КММ-сінің басшысы Ж.Досқалиева, этномәдени  бірлестіктерінің төрағалары мен өкілдері, қала тұрғындары, жастар және  Бақ өкілдері қатысты.

Шараны жүргізуші алғашқы сөзді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Қазақстан украиндары радасы» ЗТБ төрағасы   Ю.Е.Тимошенконың құттықтау хатымен ашып, «Довира» украин этномәдени бірлестігінің қатысушылары  «Хуторянка» ансамблі, «Тропикана» балалар би ансамблі,  кеш қонақтары «Фламинго» би тобы қазақ және украин билерін билеп, өз өнерлерін ортаға салды. Сондай-ақ, «Хуторянка» ансамблінің әншілері Павел мен Лаура Салыниндердің орындауында  «Еділ  мен Жайық», «Астапурай-япурай» әндері,  «Мрия» тобының әншілері Шевченко Богдан мен Исмагулова Елизаветаның орындауында ұлы Абайдың «Көзімнің қарасы»  әні және украин тілдерінде әндер шырқалды, украин халқының ұлы ақыны Тарас Шевченконың өлеңдері оқылды. «Атамекен» әнімен аяқталған шара барысынан қазақ  халқы мен украин халқының арасындағы рухани сабақтастықты байқауға болады.

                                           Атырау облысы әкімі аппаратының Қоғамдық келісім КММ баспасөз қызметі 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған