«Шабыттың» кезекті жеңімпаздары анықталды (Фото)

Астанада XIX«Шабыт» халықаралық шығармашыл жастар фестивалі мәресіне жетті. Бүгін Қазақ Ұлттық Өнер Университетінің Жамбыл Жабаев атындағы концерт залында фестивальдің қорытындысы шығарылып, байқауға қатысушыларға лауреаттық және атаулы сыйлықтар табысталды.

Алты күн бойы әділ қазылар алқасының мүшелері «Бейнелеу өнері», «Хореография», «Халық музыкасы», «Үздік әдеби шығарма», «Классикалық музыка» және «Эстрадалық вокал» номинациялары бойыншаконкурсанттардың жұмыстарына өз бағасын берді.

«Классикалық музыка» номинациясында шығармаларды ағаш үрмелі аспаптарда орындағаны үшін жеңімпаздар «Шабыт» халықаралық фестивалінің дипломдарымен марапатталды. Атап айтқанда, Әлиев  Ислам – ІІІ дәрежелі диплом, Тургунов Фуркат, Сапабеков Талгат – ІІ дәрежелі диплом, Дәуітбаева Әйгерім, Ералы Фариза – І дәрежелі диплом. Аталған номинация бойынша Дәулет Толғанай фестивальгран-приін иеленді.

«Классикалық музыка» номинациясында(Мыс үрмелі аспаптар мен соқпалы аспапта) Амешов Ерасылға және Фазылов Айдарға дипломдар табысталды. Аталған номинациябойынша гран-при Әбдірашев Ілиясқа бұйырды.

                       htmlimage-3   htmlimage-1

«Классикалыық музыка» номинациясында (Классикалық аспапты ансамбль) Тоқтаған Ақдидармен Букунева Дана жеңімпаз атанды. Сапарғалиева Жібек, Сайдалина Гумира, Солтыханова Роза, Климов Александр (Флейта квартеті),соғымпаздар Елеусін Саят, Середич Ярослав, Балтабайұлы Мұхамедбатыр, Фазылов Айдар, Раманов Сакен, Рахимов Еркебұлан, Шаншарбаев Кабдул дипломдармен марапатталды. І дәрежелі диплом Васильева Дарья (виолончель) және Мухаметдинов Камиль (фортепиано)дуэтінетабысталды.

«Бейнелеу өнері» номинациясында Асқар Нұрболат гран-приге қол жеткізді. Бұрын хабарланғандай, бұл санат бойынша ең көп адам қатысты – қазылар алқасының бағалауына 192 адам өз еңбегін ұсынды. Сонымен қатар, «Бейнелеу өнері» номинациясында (көркемсурет) Нұрбекұлы Жәнібек, Асылхан Нұржан және Беркінбаев Рустем, «Бейнелеу өнері» (графика) –Қыдырбаева Мәдина, Ақылбекова Жансая, Михайлова Янина диплом алды.

htmlimage

«Халық музыкасы» номинациясында Тұрғанов Аятолла (қобыз-прима, қылқобыз), Құдайбергенов Дарын (домбыра) және Мұқажанов Бауыржан (домра-прима, шертер, бас-шертер) үздік атанды.

«Эстрадалық вокал» номинациясында Далайұлы Қайсар топ жарды. Сонымен қатар, Улан-Удэден келген қатысушы Сунрапова Дулма менқытайлық конкурсант Сидорук Юлия дипломдармен марапатталды.

«Үздік әдеби шығарма» номинациясында бас жүлдені Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты және ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, «Парасат» орденінің иегері Несіпбек img_8431-09-11-16-08-09Айт табыс етті. Ол қазылар алқасы атаулы дата – Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған шығармаларға ерекше назар аударғанын атап көрсетті. Аталған номинацияда «Шабыт» фестивалінің Гран-при жүлдесін  Ербол Алшынбайдың шығармасы иеленді. Сондай-ақ, ол «Шабыт» XIX шығармашыл жастар фестивалінің Президенті Кубогын жеңіп алды. Қазылар алқасының назарына жас ақын қазақ халқының тәуелсіздік жолындағы қиындықтары туралы баяндайтын «Көлеңкесіз адам» атты шығармасын және «Құлан ауған» өлеңін ұсынды. Ербол Алшынбай биыл «Шабыт» фестивалінде бағын сынаған 644 қатысушының ішінен үздік деп танылды. «Шабыт» фестивалінің жеңімпазы бірқатар әңгімелер жазған және «Астана» радиосында «Мен қазақпын» авторлық бағдарламасын жүргізеді.

«Хореография» номинациясында Алматы облысының «Алтынай» би ансамблі үздік деп танылды. Ұжым халық биін орындады. Шетелдік қатысушылардың ішінен Бішкектен келген «Жаш Қанат» ансамблі атап өтілді. Жеке орындаушылардың номерлері де жоғары деңгейде орындалды. Дана Топтаева, Омар Мухамметәлиев, Ержан Құдайбергенов және Көркем Шолошовалар дипломдармен марапатталды.

Астана қаласының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы

 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған