Жарымжан балаларға арналған көрме (Фото)

Кеше «Астана» Ұлттық сурет галереясында Мезгілінен ерте туған нәрестелердің халықаралық күніне орай «Мен мезгілімнен ерте тудым» атты қайырымдылық көрмесі өтті. Көрменің мақсаты – көрермендерге 500 грамм салмақпен мезгілінен ерте туған балалар жайлы, олардың өмірге деген құштарлығы туралы жеткізу.

                          img_3865-%d0%ba%d0%be%d0%bf%d0%b8%d1%80%d0%be%d0%b2%d0%b0%d1%82%d1%8c   img_3870-%d0%ba%d0%be%d0%bf%d0%b8%d1%80%d0%be%d0%b2%d0%b0%d1%82%d1%8c

Көрмеге кескіндеме туындылары, көркем фотосуреттер және мүсіндер қойлды. Көрме «28 Ілмек» қайырымдылық қоры және «Астана» Ұлттық сурет галереясының қолдауымен ұйымдастырылып отыр.

                          img_4023-%d0%ba%d0%be%d0%bf%d0%b8%d1%80%d0%be%d0%b2%d0%b0%d1%82%d1%8c   img_3994-%d0%ba%d0%be%d0%bf%d0%b8%d1%80%d0%be%d0%b2%d0%b0%d1%82%d1%8c

2009 жылы Еуропаның Жаңа туған нәрестелерді күту қорымен 17 қараша күні Мезгілінен ерте туған нәрестелердің халықаралық күні болып жарияланды. Нәрестелерге, оның ішінде мезгілінен ерте туған нәресетелерге көңіл бөлу әлем қоғамының даму көрсеткіші болып отыр, бұл мәселенің маңыздылығының көрсеткіші. Аталмыш мәселеге назар аудару мақсатында осы күн ресми түрде белгіленген болатын.

img_3985-%d0%ba%d0%be%d0%bf%d0%b8%d1%80%d0%be%d0%b2%d0%b0%d1%82%d1%8c

            Сәбидің дүниеге келуі – кез келген адамның өміріндегі ерекше қуаныш. Алайда, баланың мерзімінен ерте тууы ананың да, баланың да өміріне қауіпті. Шала туған баланың дене салмағы төмен және тыныс алу мүшелері толық жетілмейді. Мұндайда, шала туған балаға ғана емес, оның анасына да аса ерекше күтім қажет.

1-%d0%ba%d0%be%d0%bf%d0%b8%d1%80%d0%be%d0%b2%d0%b0%d1%82%d1%8c

            Көптеген мерзімінен ерте туған балалар, айтарлықтай қалыпты, тіпті қабілетті болуы ғажап емес. Айталық, Пабло Пикассо, Виктор Гюго, Вольтер, Чарльз Дарвин, Альберт Эйнштейн және т.б. аты әлемге танымал тұлғалар мерзімінен ерте туған, яғни шала туған жандар.

img_3882-%d0%ba%d0%be%d0%bf%d0%b8%d1%80%d0%be%d0%b2%d0%b0%d1%82%d1%8c

            2014 жылы «28 Ілмек» клубы ресми түрде қор мәртебесіне ие болды және қазіргі таңда  Қазақстанның он бір қаласы: Астана, Алматы, Петропавл, Шымкент, Атырау, Ақтөбе, Ақтау, Өскемен, Қарағанды, Семей және Қызылордада өз жұмыстарын атқарып жатыр.  

img_3989-%d0%ba%d0%be%d0%bf%d0%b8%d1%80%d0%be%d0%b2%d0%b0%d1%82%d1%8c

Мерзімінен ерте туған балаға медициналық көмектен бөлек, дене жылуын бір қалыпты сақтап тұру үшін таза жүннен тоқылған киімдер қажет.  

img_3816-%d0%ba%d0%be%d0%bf%d0%b8%d1%80%d0%be%d0%b2%d0%b0%d1%82%d1%8c

«28 Ілмек» клубы шала туған балаларды жылы тоқыма киімдермен қамтамасыз етіп, жас аналарға көмек көрсету мақсатында ерікті жандардың өз қалауы бойынша құрылған болатын. Әйелдердің мейірімді жүрегі мен жылы алақанынан шыққан тоқыма киімдер мен балаларға арналған әртүрлі ойыншықтар олардың денсаулықтарын жақсартып, қалыпты адамдардың қатарына қосылуына септігін тигізері сөзсіз. 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған