Шамамен 30 мыңдай ақтөбелік жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек алады

Ақтөбеге екі күндік қызмет бабымен келген үкіметтіңҚР Премьер-министрінің орынбасары Гүлшара Әбіхалықова бастаған жұмыс тобы көпбалалы отбасылармен, халықтың аз қамтылған тобымен, мүгедек жандармен және ардагерлермен әлеуметтік қолдау шараларын жақсарту мәселелері жөнінде кездесті. Кездесуге сондай-ақ, облыс әкімі Оңдасын Оразалин, Қазақстан халқы ассамблеясының,  «Nur Otan»партиясының, іскер әйелдер қауымдастығының, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері мен облыс активі қатысты.

Гүлшара Әбіхалықова жұмыс топтарының өңірлерге сапары Президент Н.Назарбаевтың «Nur Otan» партиясының XVIII съезінде берген тапсырмаларын тиімді жүзеге асыру және ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын кең ауқымды жүргізу мақсатында ұйымдастырылғанын атап өтті.

Елбасының «Әлеуметтік қамқорлық» деп аталатын жаңа әлеуметтік шаралары қазақстандықтардың тұрмыс сапасын жақсартуға, бірінші кезекте мемлекет қолдауына зәру аз қамтылған, көпбалалы отбасылардың әл-ауқатын артыруға бағытталған,- деді Г.Әбдіхалықова. – Бүгінде облыс басшылығы тұрғындардың өзекті мәселелерін жеке қадағалап, аталмыш міндеттерді орындаудың нақты шараларын қабылдауы керек. Әсіресе қаржының тиімді пайдаланылуын қатаң бақылау қажет. Қаражат әрбір мұқтаж отбасыға, әрбір адамға жетуі тиіс.

Өз кезегінде Бердібек Сапарбаев мемлекет басшысының тапсырмасын орындауда елімізде көпбалалы отбасыларды жұмыспен қамтуға қолдау көрсету шаралары кеңейтілетінін жеткізді. Сол үшін өнімді жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына тиісті өзгерістер енгізіліп жатыр.

Атап айтқанда, көпбалалы ауыл тұрғындарына отбасылық кәсібін ашу үшін жаңа бизнес идеяларға 505 мың теңге мөлшерінде қайтарымсыз негізде мемлекеттік гранттар берілетін болады. Шағын несиелеу аясында 2019 жылға жоспарланған 14 мың шағын несиенің 5 мыңын ауылдағы көпбалалы аналар мен мүгектігі бар тұлғаларға бөлу ұсынылып отыр. Оларға сондай-ақ, жеке ісін ашу үшін 6,5 млн. теңгеге дейін және зәкірлі қауымдастық үшін 20 млн. теңгеге дейін жеңілдетілген шағын несиелер беріледі.

Бұдан өзге, ауылдағы көпбалалы аз қамтылған отбасыларды сұранысқа ие мамандықтарға қысқа мерзімді оқыту ұйымдастырылады. Сонымен қатар, жекелеген жұмыс түрлері бойынша жалақысы субсидияланатын үйде отырып орындайтын әлеуметтік жұмыс орындары ашылады. Бұл бала күтімі мен еңбек қызметін қоса атқаруға,сондай-ақ қосымша табыс көзін алуға мүмкіндік береді.

Мүгедек балаларға күтім көрсетіп отырған отбасыларды әлеуметтік жағынан қолдауды күшейту үшін 2019 жылдың 1 шілдесінен бастап мүгедектігі бар балаларға және 18 жастан асқан бала кезіненбірінші топтағы мүгедектерге күтім көрсету бойынша мемлекеттік жәрдемақылардың мөлшері артады. Нәтижесінде 100 мың азамат үшін жәрдемақылардың мөлшері 31 183 теңгеден41 578 теңгеге дейін өседі.

Министр сондай-ақ, Ақтөбе облысында атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) алатындар саны бір жарым есе артатынын жеткізді. Егер 2018 жылы 20 083 адам жалпы сомасы 717 млн теңге атаулы әлеуметтік көмек алса, 2019 жылы олардың саны 29 237 адамға артады. Осы мақсатпен биыл бюджетке  903 млн теңге бөлінген, қосымша республикалық бюджеттен тағы 3,5 млрд теңге бөлінбек.

– Бұдан өзге, әрбір өңір өз бюджетінің ммүкіндігін ескере отырып, барлық атаулы әлеуметтік көмек алатындар мен мұқтаж отбасылар үшін қосымша қолдау шараларын пысықтайды. Бастысы, Мемлекет басшысы партия съезінде айтқандай, ең алдымен аса мұқтаж отбасыларға көмек көрсету керек. Сол үшін бүгінде бүкіл өңірде отбасылардың әлеуметтік картасы жасалып жатыр,- деген Бердібек Сапарбаев халықты әлеуметтік қолдауды күшейту және тұрмыс сапасын арттыру шаралары кезең-кезеңімен енгізілетінін айтты.

Жұмыс тобы бейсенбі күні сондай-ақ, «Анаға тағзым» рухани-адамгершілік орталығында азаматтарды мемлекеттік әлеуметтік қолдау сұрақтары бойынша қабылдап, көпбалалы отбасылардың үйлерінде болды және түсіндіру жұмыстарын жүргізу үшін облыс аудандарына шықты. Атап айтқанда, денсаулық сақтау министрі Е.Біртанов Хромтау, білім және ғылым министрі Күләш Шәмшидинова Қобда, ИИДМ құрылыс жәнетұрғын үй-коммуналдық шаруашылықістері комитетінің төрағасы  Мархабат Жайымбетов Алға, АШМ орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің төрағасы Қайыр Рыскелдинов Мәртөк аудандарының халқымен кездесті.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған