«Шахристан» – шаһар шырайы

Тарихи тамыры тереңнен нәралған Тараз қаласының қай аумағының болмасын көркі көрер көзге тартымды әрі үлкен мәнге ие болуы тиіс. Әсіресе, КСРО дәуірінде жасалған қаланың бас жоспары негізінде пайда болған шаһардың кескін-келбетін қайта жаңғыртып, соның арқасында шаһар шырайы бүгінгі заман ағымы мен тіршілік тынысымен үйлесім табуы керек. Облыс әкімі Асқар Мырзахметов аймаққа басшы болып келгелі Тараз аласының сәулеті қайта қалыптастырып, қала құрылысының ажырамас бөлігі саналатын тұрғын үйлердің қасбеттері заманауи келбетке ие болды. Шаһар көшелерінің қай жер болса, сол жеріндегі жалбыраған жабайы жарнамалар мен жабайы сауда орындары ретке келтіріліп, қала мейлінше көркейе түсті, – деп хабарлайды «Elana» ақпарат агенттігі.

Уақыт озған сайын аумағы ұлғайған көне Nараздың тотыдай түрленуіне былтыр құрылған қалалық кеңестің тигізіп отырған ықпалы зор екенін айта кетуіміз керек.

Жалпы, Тараз қаласында барлығы 1 330 даңғыл, көше, бұрылыс болса, оның 39 пайызы асфальтбетонды жолдар екен. Қалғаны шағал, топырақты көшелер. Қала көшелерін қалпына келтіруде былтыр 500 миллион теңге бөлінсе, ағымдағы жылы 2,1 миллиард теңге қарастырылыпты. Оның 1 миллиард теңгесі қалалық, 1,1 миллиард теңгесі облыстық бюджетке тиесілі.

Асқар Мырзахметовтің төрағалығымен өткен осы жолғы жиын «Шахристан» тарихи-мәдени кешенінің құрылыс барысы бағамдауға арналды. Басқосуда «Шахристанның» құрылыс жұмыстарына жауапты штабтың есебі тыңдалды. Бұл аумақта атқарылып жатқан жұмыстардың жайын астын сызып тұрып айтатынымыздай жөні бар. Өйткені бұл кешен күзгі салым толануы тиіс облыстың 80 жылдық мерейтойы қарсаңында ел игілігіне берілуі қажет. бірақ. Осы жиында белгілі болғандай, ондағы құрылыс жұмыстарының қарқыны көңіл көңшітпейді. Осыған аса назар аударған аймақ басшысы құрылыс жұмыстарын жандандыра түсу керектігін баса айтты. Ол үшін екі ауысымдық режимге негізделген жаңа жұмыс кестесі бекітілді. Сол бойынша мердігерлердің жұмысы ширатылып, қарқыны күшейтілмек. Алайда, өңір басшысы уақыттан ұтамыз деп, құрылыс сапасын назардан тыс қалдырмау керектігін де қатаң ескертті.

Бұдан бөлек, жұмыс режимінің өзгеруіне байланысты, құрылысқа қажетті материалдарды уақытылы жеткізіп отыру жайы да сөз болды. ол үшін материалдарды өндірушілермен алдын-ала келісімге отырып, қажетті бұйымдарды күні бұрын дайындатқызып қоюдың маңыздылығы тәптіштелді. Облыс әкімі бұл жұмыстарды күнделікті өз бақылауында ұстайтынын жеткізіп, тиісті тұлғаларға нақты тапсырмалар жүктеді.

Аймақ басшысы жиын соңында алда облыстың 80 жылдық мерейтойы келе жатқанын тілге тиек етіп, барлық жұмыстар оған дейін тиянақты түрде тындырылу қажеттігін тағы бір еске салып өтті.

 

Әлім Мұратов

Жамбыл облысы

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған