Шекспир деген екен…

Театр десе ең алдымен ойға екі-үш дүние оралады десек, оның бірі – әйгілі Уильям Шекспир шығармалары екені даусыз. Әлем елдерінің сахналарынан әлі күнге түспеген даңқты «Отелло», «Ромео мен Джульетта», «Гамлет» трагедияларының авторы Шекспирден мынадай нақыл қалыпты:

 «Мен өзімді үнемі бақытты сезінемін. Неге екенін білесің бе? Өйткені, мен ешкімнен ештеңе күтпеймін. Күту деген әрдайым қайғы шектіреді… Ал, өмір қамшының сабындай қысқа… Сондықтан өз өміріңді бағала… Бақытты бол… Күлімде… Бір нәрсе айтпас бұрын, тыңдап ал… Бір нәрсе жазбас бұрын, ойлан… Ақша шашпас бұрын, маңдай теріңді төк… Дұға жасамас бұрын, риясыз кешір… Өзгеге қиянат жасамас бұрын, оны өзің сезін… Басқа жанды жек көру үшін, алдымен сүй… Ажал құшар алдында Өмір сүр!» (француз тілінен аударылған)

18403071_763158503843687_3365479232810278640_n

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған