Шымкенттегі кілем фабрикасы 3 млн. шаршы метр кілем тоқыды

Оңтүстік Қазақстан облысындағы кілем, кілем өнімдерін және полипропилен жіптерін өндірумен айналысатын еліміздегі алғашқы «Бал Текстиль» кілем фабрикасы экспорт көлемін 20-30 пайызға арттырды. Бүгінде компания өнімдерін Ресей, Қырғыстан, Тәжікстан мен Азербайджан сынды елдерге экспорттауда.

Жылына 5 млн. шаршы метр кілем тоқып, 4 мың тонна полипропиленді кілем түгі жібін өндіруге мүмкіндігі бар фабрика өткен жылы 3 млн. шаршы метр кілем шығарды. Салынған инвестиция көлемі 1,7 млрд.  теңге болатын фабрикада 240 адам жұмыс істейді.212

Фабрикада өндірістік қуаты тәулігіне 9 мың ш.м дейін кілем тоқитын  «Van De Wiele» фирмасының 7 станогы, полипропилен жіптерін иіретін соңғы үлгідегі Франция мемлекетінде жасалған «SUPERBA», Германия мемлекетінде жасалған «AlmaVolkmann» және «OerlikonNeumag»  орнатылған. 

Кілемдер синтетикалық пропилен жіптерінен дайындалады. Полипропилен немесе қысқартып айтқанда BCF жібі қолданысы ең көп таралған  материал болып табылады. Ол жіптің ерекше қасиеттерінің бірі –оның ширатылмайтындығы. Яғни, иірілмеген жіп кілем тоқудағы шығынды мүмкіндігінше азайтады, соның арқасында, кілем шығарудың жұмысын жеңілдетеді.

4512

Фабрикада «Бал текстиль» брендімен мың түрлі кілем тоқылып, «BCF», «Heat-Set», «Frize» маркалы полипропилен жіптері иіріледі.

«Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағында орналасқан кілем фабрикасы қазақстандық кәсіпкерлер мен кілем шығаратын «Kartal Carpets» атты түрік компаниясымен бірігіп 2013 жылдың қазан айында іске қосылған.

Нәтижесінде, өндірілген өнімдердің жоғары сапасы мен тиімді бағасы, алуан түрлі дизайндық үлгі топтамаларының арқасында фабрика ұжымы 2014 жылы республикалық «Алтын Сапа» конкурсында «Халық тұтынатын ең үздік тауар аталымы» бойынша екінші дәрежелі дипломмен марапатталды. Ал 2016 жылы Женевада өткен Халықаралық BID сапа конкурсында «GOLD» номинациясының иегері атанды.

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған