Шымкентте «Қазпочта» АҚ-ның жаңартылған орталығы ашылды

Бүгін Шымкентте жаңа форматта жұмыс істейтін почта бөлімшесі ел игілігіне пайдалануға берілді. Тұтынушыларға қызмет көрсету принциптері жетілдірілген «Қазпочта» АҚ-ның жаңартылған Орталық операция учаскесінің ашылу рәсіміне облыс әкімі Жансейіт Түймебаев қатысып,ұжым қызметкерлерін заманауи талаптарға сай жабдықталған почта бөлімшесінің ашылуымен құттықтады.

«Облысымызда осындай жаңартылған жүйеде Қазпочта» АҚ  20 бөлімшесінің  жұмыс жасап  тұруы компания  басшылығының жаңа жыл  қарсаңындағы тартуы деп  есептейміз», – деді өңір басшысы Жансейіт  Қансейітұлы.

Соңғы кездері заманның сұранысына сай өркениетті елдердің үлгісіне өтіп, 160 қызмет түрін көрсетуге көшу  үлкен жетістік.Мұндай жаңашыл бағыттағы жұмысты Оңтүстік Қазақстан облысында «Қазпочта» филиалында еңбек ететін 1400-ге жуық маман жүргізіп жатыр.

Жаңартылған Орталық операция учаскесі клиенттерге қолайлы болу үшін бірнеше аумаққа бөлінген: почталық және қаржылық қызметтер бойынша жеке тұлғалар үшін операциялық зал, корпоративті клиенттерге қызмет көрсету бойынша орындар, сәлемдемелер супермаркеті, қызмет көрсету орны мен айырбастау пункті.

Орталық залда келушілерге қызмет көрсету форматы өзгертіліп, қолайсыз кабиналар орнына сәлемдемелер супермаркеті жұмыс істейді.

whatsapp-image-2016-12-23-at-13-27-16

Бұл формат компанияның өндірістік шығындарын қысқартуға айтарлықтай үлесін қосады, тұрғындардың өту қабілетін жоғарлатады, тұтынушылар  үшін – сәлемдемелерді алу және жіберу уақытын қысқартады.

Айта кетейік, пошталық және қаржылық қызметтер бойынша жеке тұлғалар үшін операциялық зал аптасына 6 күн қызмет жасайды: жұмыс күндері сағат 08:00-ден 19:00-ге дейін, сенбі күні сағат 09:00-ден 17:00-ге дейін.

Сонымен қатар аптасына 5 күн коорпоративті клиенттерге қызмет көрсету бойынша жеке орындар жұмыс жасайды. Жұмыс кестесі: сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін.

85eb8849-9843-44eb-898f-e316c550f731

Өздігінен қызмет көрсету орнында постаматтар, банкоматтар және төлем терминалдары қойылған. Ал, айырбастау пункті аптасына 7 күн жұмыс жасайды сағат 08:00-ден 22:00-ге дейін. Сәлемдемелер супермаркеті жұмыс күндері сағат 08:00-ден 21:00-ге дейін, демалыс күні сағат 08:00-ден 17:00-ге дейін елге қызмет етеді.

Бұдан бөлек,  облысымыздың 10 аудан  орталығында модернизацияланған жедел басқару орталықтары жергілікті тұрғындардың жұмысын жеңілдететін болады. Сондай-ақ  халыққа  қызмет көрсету сапасын жақсарту мақсатында 43 жаңа автотранспорт пайдалануға берілді.

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған