Шымкентте 35 кәсіпорын өнімдерін экспортқа шығарады  

Бұл туралы бүгін Шымкент қаласының әкімі Ғ.Әбдірахымов қала әкімдігінің жанынан құрылған Экспорт жөніндегі кеңестің алғашқы отырысында айтты.  

«Бүгінгі таңда қалада тамақ өнімдерін өндіру, жеңіл өнеркәсібінде, машина жасау, металлургия, фармацевтика және құрылыс өнімдерін өндіру салаларында жұмыс жасайтын 35 кәсіпорын экспортқа өнім шығарады. Ал, Шымкент қаласының негізгі сауда серіктестері Нидерланды, Ресей Федерациясы, Қытай және Өзбекстан мемлекеттері болып табылады»,-деді қала басшысы.

Кеңес отырысында экспортты қолдау инструменттері, экспорттаушыларды қолдау бағдарламасы, сонымен қатар, қала аумағында орналасқан экспортаушылардың проблемалық мәселелері талқыланды. 

Айта кетейік, 2018 жылдың қорытындысымен қаланың сыртқы сауда айналымы 903,1 млн. АҚШ долларын құраған. Оның ішінде импорт – 568,5 млн. АҚШ доллар, экспорт – 334,6 млн. АҚШ долларын құрады.

Бұл кеңестің негізгі мақсаты қаланың экспортын дамыту және алға жылжыту бойынша мемлекеттік саясатты іске асыру болып табылады.

         Сонымен қатар, Кеңесте Елбасының «шикізаттық емес экспорт көлемін арттыру бойынша» тапсырмасына ерекше көңіл бөлінетін болады.

 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған