«Шымкент-сити» жобасы аясында 300-ден астам көпқабатты тұрғын үй бой көтереді

Шаһардың ішіндегі қалаға айналуы тиіс нысанның жалпы көлемі 427 га. Қалашық 70 мыңға жуық тұрғынға есептелген.0df8c5c4-9bff-46e5-84c2-2462e9c3715e

ce7f3969-09ec-41cc-9467-8c1d73a47fe9

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Нұралхан Көшеровтың айтуынша, мұнда 316 көпқабатты үй соғылады. 9, 12, 16 қабаттан тұратын баспаналар құрылысының орталығында көлемі 49 га болатын саябақ алаңы орналаспақ.212eed80-7ed9-4a82-b1de-ac266df144f0

 

Жобалаушылардың ойынша, «Шымкент-сити»-де жанға жайлы қажеттіліктің бәрі қарастырылмақ. Әлеуметтік нысандар – мектептер мен балабақшалар, емханалар және шаһарлықтардың бір сәт тынығатын орындары бой көтереді деп күтілуде. 624646da-067f-4686-a221-ad68a9e165cc

«3500 көрерменге арналған кино концерт залын салуды ұйғарып отырмыз. Мұнан бөлек, әзірге, біз «Шымкент-арена» деп атап отырған спорт кешені бой көтеретін болады. Мұнда, ең бастысы, шаһар тұрғындары үшін қолайлы жағдай жасау. 50da59d6-8d18-4938-88f4-6bb94c39124aЖобамыздың ішінде ауданы 24 га болатын бизнес-орталықтың құрылысын салу да көзделген», – дейді Нұралхан Көшеров.d8e8e5c1-9640-46bf-8e18-7541b88477cc

Әкім орынбасарының мәліметінше, қазіргі таңда «Шымкент-сити»-де көше құрылысы мен 10 үйдің (әрқайсысы 54 пәтерден тұрады) инженерлік коммуникациялық жұмыстар жүргізілуде.1f519e60-e580-44cf-ad74-a6a8d7d68873

«Үйлер беріктігі жағынан жоғары санатты құрамалы темірбетонды контрукциялардан бой көтеретін болады. Бұл – коммуналды үйлер. Осы жылы бес көпқабатты үйдің құрылысын бітіреміз деп жоспарлағанымызбен, баспаналардың пайдалануға беру уақыты коммуникациялық қажеттіліктердің барлығы орналастырылып болғаннан соң ғана, 2018 жылға келісілген», – деді әкім орынбасары.aa67fec2-2531-485f-b670-a694e8d46464

Н.Көшеров коммуникациялық жұмыстардың барысына да тоқталды. Айтуынша, бұл жұмыстар «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында іске асырылуда.  Жұмыстар биыл бітсе, келесі жылы пайдалануға беру жоспарда тұр. Ал жолдардың басым бөлігі осы жылы төселмек.

Ал қалашықтағы аяқжолдар мен велосипедтерге арналған көшелерді салу кезегі келесі жылдың еншісінде. Өйткені, аяқжолдар түсетін нысандарға биыл коммуникациялық қажеттіліктер жүргізілетін болады.

АНЫҚТАМАЛЫҚ: «Шымкент-Сити» қалашығы шаһардың солтүстік аймағында,  Бәйдібек би ескерткішіне таяу маңда орналасқан нысан. Аудан заманауи инфрақұрылымымен, тұрмыста, бизнесті бастауда қолайлы жағдайымен және ең жоғары қала құрылысы мен сәулеті жөнінен ерекшеленеді. Аталған жоба Шымкенттің 2020 жылға дейінгі даму тұжырымдамасы аясында іске асырылуда.

Көқабатты үйлер саны – 316, мектептер – 7, бала бақшалар – 21.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған