ЭКСПО-2017: Не бақ, не дақ!

Әлем көз тіккен «ЭКСПО»-ны абыроймен атқару Қазақия үшін үлкен сын.  Енді мінекей, «Тойдың болғанынан боладысы қызық» дегеннің кебі келіп тұр. Зырлаған уақыт өз дегенін жасап жатыр.  «ЭКСПО – ға» не бәрі  бір жарым ай қалды. ЭКСПО кезінде Астанада 90 күн бойы мәдени шаралар ұйымдастырылатыны белгілі.  Ойын-сауық шаралары бүкіл елорда аумағында өтеді.  Үш ай ішінде 6 млн қонақ келіп кетуге тиіс. Олардың жүріп-тұруы, қауіпсіздігі, ішім-жемі қай деңгейде? Оларға көрсетілетін толып жатқан  көмек түрлері ескерілген бе?  Сұлу астананың шетіне шықса көңілдері құлазып, жүректері айнып, біздің елге деген көзқарастары өзгеріп кетпей ме?

Алайда көңілде қорқыныш басым. Себебі құрылыс пен сәулетті сарайлардың, қала көшелеріндегі кептелістің жыры таусылар емес. Қаладағы адам санынан көлік саны көбеюіде бір проблема!  Тіпті ЭКСПО қарсаңындағы кейбір былық-шылықтар Елбасының өзіне жетіп ашуын келтіре бастапты.  Ақордаға шенді мен шекпендінің сүт бетіне шығар қаймақтарын жинаған президент: – «ЭКСПО» көрмесіне дайындық жоғары деңгейде. Нысандардың құрылысы аяқталуға жақын. Алайда, бас қаланың кейбір жерлерін шетелдік меймандарға көрсетуге ұят», – деп, өзге де кемшіліктерді тізіп шықты. Сондай-ақ Елбасы Астана әкімшілігінің жұмысын сынға алып, «ЭКСПО» көрмесіне дейін мәселелерді шешуді қатаң тапсырды.

1476958108_20818-6-rukovodstvu_astana_eks_ru

Осы жиында Елбасы ЭКСПО көрмесі басталғанша қаланың дайындығын таңертең ерте тұрып өзі тексеретінін ескертті. Көрме нысандары дайын болғанымен,  елорда қонақтарды қарсы алуға әзір емес секілді. Мемлекет басшысының қала дайындығына көңілі толмағаны сонша, шаһар басшысын жерден алып, жерге салды.  Сонымен Астана 6 миллион адамды қабылдауға дайын ба? Қалған бір жарым айда қала әкімі Әсет Исекешов не тындыра алады? Келген қонақтардың көңіліне жағатын не істелді?

 «Жақсы әкім таңғы 5-тен тұруы керек», – деген Президент, қала әкімі Әсет Исекешовтің ана тіліне шорқақ екенін ескеріп, оған түсінікті тілде былай деп сөкті: Посмотрите, как у нас выглядит центр города. Сейчас, вот смотри, центр города, а там с той стороны театр оперы знаменитый наш, видишь, еще другие места есть. Вот центр города. О чем мы говорим? Вот туда туристы пойдут, сфотографируют, покажут по всему миру. Лицо города помыли, а задница вся дырявая».

Елбасы бір пәтерге мыңға тарта адам тіркелетінін де білетін болып шықты, оны шешуге міндетті басшылардың немқұрайлығына да шүйлікті. Жауапты орган басшылары елбасының алдында тілі жаңа шыққан баланың  күйіне түскені қызық болды.

Президент интернет желісін кезіп жүрген жарнамалардан да хабардар сынды: “Прописка в Астане, дешево, через ЦОН. Адресная справка 15 минут, прописка постоянная, временная, законно, через ЦОН, адресная справка, через 10-15 минут. Помогу восстановить удостоверение личности, загранпаспорт даже сделаю”.

«Мынау не деген масқара. ЦОН-ның өзі қылмысқа белшеден батты ма?» деп ашуланды президент жиналған шенділерге.

Бұдан былай тұрғын үйлер тек инвесторлар есебінен салынатын болды. Бұл президенттің тапсырмасы. Астана халқын 2 миллионға толтырамыз деп әбігерге түсуде дұрыс емес деген пікірде Елбасы. Одан да инфроқұрылымды жақсартып, қала келбетін қолға алуға кеңес берді.

Сөз соңында айтарым, президент, Астананың ЭКСПО қарсаңындағы сұлбасына біраз мін тағып өтті.  Олар: Астанадағы көлік кептелісі, жарығы аз көшелері, сұрғылт тартып тұратын үйлері, жер асты жолдары мен көлік тұрақтарының жетіспейтіні, үгітілген тротуар тастары мен үйлердің құлап жатқан  фасадтары секілді келеңсіздіктер.

P.S. ЭКСПО тақаған сайын шенділерден де маза кете бастаған секілді. Қазақ мұны «Не бақ, не дақ» деп атайды. Ел мерейі үстем болып жатса атақ абыройлары аспандап қалады кейбіреулерінің. Егер ЭКСПО өз деңгейінде өтпесе, талай шіренген басшылардың аяғы көктен келері анық.

НАҒАШЫБАЙ ҚАБЫЛБЕК

Суреттер inform.kz, expo2017.com сайттарынан алынды

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған