Экстремизим мен терроризмнің түп тамыры – Уахабизм

ҚР Парламентінде «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экстремизмге және терроризмге қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасы қаралуда. Жаңа заң жобасы бойынша 19 заң мен 5 кодекске өзгерістер мен түзетулер енгізілмек. Олардың ішінде «Байланыс туралы», «Күзет қызметі туралы», «Қазақстан Республикасының ұлттық гвардиясы туралы», «Жекелеген қару түрлерінің айналымына мемлекеттік бақылау жасау туралы» Заңдар мен кодекстер бар. Таныстырылып жатқан заң жобасы бірнеше ай қаралып, жыл соңына дейін қабылданатыны белгілі болды. Сарапшылардың айтуынша, осы заң жобасы халықтың көңілінен шықпаса, жер дауынан кейінгі аты шулы құжат болмақ. Өйткені дін атын жамылғандардың өрескел әрекеттеріне заң бойынша бір шектеу қойылмаса, халықтың ашуызасын туғызары даусыз.

Иә, бізде осы күнге дейін лаңкестерге қатысты заң болмады деп айта алмаймыз. 1999 жылы «Терроризмге қарсы күрес туралы» Заң күшіне мінсе, 2005 жылы «Экстремизмге қарсы іс-қимыл туралы» Заң қабылданды. 2012 жылы 29 қыркүйек күні Парламент Мәжілісі «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заң жобасын мақұлдады. Бірақ уақыт өте келе террористік қылмыстардың тотыдай түрленуіне байланысты айналыстағы заңға толықтырулар мен өзгерістер енгізу талабы туындап отыр.

Ел келешегін әріден ойлайтын Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев қыркүйектің 1-інде өткен Парламент палаталарының бірлескен отырысында елдегі ішкі тұрақсыздықты теріс пайдаланып, қоғамға іріткі салуды ойлайтын күштер барын айта келе, жоғарыдағы заңдарды қайта қарауды депутаттардың қарауына ұсынған болатын. Міне, содан бері заң жобасы Парламент қарауында жатыр.

Қазақта «Келісіп пішкен тон келте болмас» деген жақсы тәмсіл бар. Осыны негізге алған ел үкіметі соңғы уақыттары халықтың арасына сөзі өтетін, өзіндік ұстанымы қалыптасқан, өткір көзқарасы бар зиялы қауымды келелі кеңестерге көптеп шақырып жатыр. Оған кешегі жер комиссиясының отырыстары жарқын дәлел. Енді міне, ел үшін, жер үшін маңызы зор заң жобасына да қоғам белсенділері көптеп тартылуы — жақсылық нышаны. Көпшілік кеңескен жерде өткір сындар мен өтімді ойлардың итжығыс түсіп жататыны да бар. Сан түрлі пікірлердің ел үмітпен қараған заң жобасына тың көзқарастар әкелетіні шүбәсіз. Біздің мақсат мәселені ушықтыру емес, толықтыру. Ел ертеңі үшін қолға алынып жатқан заң жобасының «бір қайнауы ішінде кетіп қалмасын» деген ізгі тілектен туған ой. Осы орайда, алғашқы заң жобасының отырысынан кейін жиынға қатысқан бірнеше азамат пен депутаттардың пікіріне жүгінуді жөн көрдік.

ЗАҢ ҚАТАЙМАЙ, ТӘРТІП БОЛМАЙДЫ

Саясаттанушы Досым Сәтпаев: Менің пайымдауымша, заң қатая түскен тәрізді. Жаза мен талаптардың %d0%b4%d0%be%d1%81%d1%8b%d0%bc-%d1%81%d0%b0%d1%82%d0%bf%d0%b0%d0%b5%d0%b2күшеюі қоғамдағы әлеуметтік наразылыққа әкеп соқтыруы бек мүмкін. Заңның басты міндеті экстремизм мен терроризмге қарсы тиімді күресу екені көрініп тұр. Бірақ ол әлеуметтік тұрақтылыққа залалын тигізбеуін қалаймын. Егер заңның репрессиялық сипаты күшейсе, қоғамдағы наразылықтың белгілі бір деңгейін қалыптастырады. Тәжірибе көрсеткендей, тұрғындарға, қарапайым азаматтарға, бизнеске қысымның күшеюі радикализмнің негізін қалайды. Шенеуніктердің құзыреті кеңейіп, қосалқы бақылау тетіктері қалыптасқан сайын жемқорлық үдей бермек. Сондықтан заң жобасының механизмдерін жан-жақты саралай түскен дұрыс.

СӘЛӘФИЛІК АҒЫМҒА ТЫЙЫМ САЛУ КЕРЕК

Бақытбек Смағұл, Мәжіліс депутаты: Мен аталмыш заң жобасына қатыса алмадым. Алдағы уақытта өтіп жатса, міндетті түрде қатысып, өз көзқарасымды білдіремін. Алайда алғашқы заң жобасын талқылаудың нәтижесімен танысып шықтым. Жеке өз басым дінтанушы Қайрат Жолдыбайдың пікірлерімен толықтай қосыламын. Жалпы, уахабилікке іш тартатын Сауд Арабиясы Корольдігімен қарым-қатынас мәселесіне %d0%b1%d0%b0%d2%9b%d1%8b%d1%82%d0%b1%d0%b5%d0%ba-%d1%81%d0%bc%d0%b0%d2%93%d2%b1%d0%bbкелсек, мемлекетаралық қатынастарда діни мәселелердің емес, экономикалық мүдделердің басты орында тұратынын назарға алған жөн. Дәстүрлі емес ағымдар зардабын бізден ертерек және тереңірек тартқан Дағыстан, Өзбекстан, Тәжікстан секілді елдерде сәләфилік-уаһабилікке сот шешімімен тыйым салынғанына қарамастан, бұл елдердің араб мемлекеттерімен қарым-қатынасына нұқсан келмегені белгілі. Осыны біз ескеруіміз керек. Ата-бабамыздың дәстүрлі діні кең етек жайсын десек, сәләфилерді жазалаумен емес, тазалаумен айналысуымыз керек. Біз зайырлы мемлекетпіз. Сол себепті діндердің барлығын бір дастархан басына жинап, бітімгершілік пен келісімге және бейбітшілікке шақырудамыз. Бірақ кім көрінген келіп ойындағысын істесін деп жатқанымыз жоқ. Біз өзіміздің қауіпсіздігімізді, құндылығымызды халықаралық шарттардың астына салып беруге тиісті емеспіз. Көрінгеннен именіп, құшақ жая беруге болмайды. Бұл мәселені талқылайтын кезеңнен өтіп кеттік. Сарапшы ретінде ой түйер болсақ, осынша зардап-залалын көріп тұрып, сәләфилікке тыйым салудан басқа амалымыз қалған жоқ. Және тәуелсіз саясаты, дербес ұстанымы, ішкі-сыртқы қатынастары орныққан ел ретінде сәләфилікке тыйым салудан тартынуымызға ешбір негіз жоқ. Мемлекет тұтастығына, ұлт бірлігіне сына қағып отырған дәстүрлі емес сәләфилік ағымына тыйым салу қажеттігін қазір бүкіл қоғам ашына көтеруде. Еліміздің аузы дуалы, сөзі уәлі зиялылары, айтары бар аға буын өкілдері, саясаткерлері мен сарапшылары, дінтанушылары мен имамдары бір кісідей сәләфилікке тыйым салу қажеттігін ашық мәлімдеп, айқын дәлелдеп отыр. Оның тигізер зардабы орасан. Соны қаперден шығармаған абзал. Сәләфизмді ұстанушылар биліктің тармағында отыр деушілер де бар. Ол да мүмкін. Өйткені үлкен қаржы жүрген жерде бәрі болады.

ЗАҢ ЖОБАСЫНДА КЕМ-КЕТІКТЕР ӨТЕ КӨП

Қайрат Жолдыбай, дінтанушы: Бұл заң жобасында террорлық актінің алдын алуға байланысты баптар ғана қарастырылған. Ал экстремизм, шектен шығу, қоғамның арасына іріткі салу, адамдарды қатыгездікке тәрбиелеу идеологиясына қарсы нормалар қарастырылмаған. Меніңше, осы жағын қоғам күтіп отыр. Қару-%d2%9b%d0%b0%d0%b9%d1%80%d0%b0%d1%82-%d0%b6%d0%be%d0%bb%d0%b4%d1%8b%d0%b1%d0%b0%d0%b9жарақты бақылау және тағы басқа мәселелер өзекті екені рас. Алайда адамның санасы экстремизм мен терроризмге дайын болса, адам террорлық актіні жасаймын деген ниетте болса, оған қару-жарақтың қажеті шамалы. Еуропада не болғанын жақсы білеміз. Жауыздықты жүк көлігімен де жасауға болады. Жарылғыш заттарды қолдан да жасауға болады. Сондықтан осы жағын ескерген жөн. Мәулен Әшімбаев мырзаның идеологияға идеологиямен қарсы тұрамыз дегені дұрыс. Алайда Қазақстанда бұрын «Таблиғи жамағат» деген ағым болған, ол идеология, еш жерде тіркелмеген ағым еді. Осыған біз заң арқылы тосқауыл қойдық, тыйым салдық. Ал енді тура сол секілді сәләфизм ағымына келгенде біз басқа стандарттар ойлап кетеміз. Неге бұлай? Идеологияға қарсы күрес үшін де мемлекеттен қолдау да керек, қаражат та бөлінуі керек. Әлі күнге түрлі экстремистік бағыттағы кітаптар, әдебиеттер ғаламтор сайттарында өріп жүр. Оларды ауыздықтау қашан жүзеге асады? Дайындалып жатқан заң жобасымен толықтай таныстым. Меніңше, бұл заң жобасы кеткен кем-кетіктерді түзей алмайды. Көңілім толған жоқ. Нақтырақ айтайын, сәләфизмнің бұл заң жобасына еш қатысы жоқ.

 ОЛАРДЫҢ МАҚСАТЫ — БИЛІККЕ ЖЕТІП, МЕМЛЕКЕТТІ ЖАУЛАП АЛУ

Айдос Сарым, саясаткер: Бүгінгі қоғамдағы ең шешімін күтіп тұрған мәселе — діннің ішіндегі түрлі ағымдардың түрін түстеп, бет-бейнесін анықтау. Себебі террориспін деп жүргендердің көбісі өзін сәләфитпін %d0%b0%d0%b9%d0%b4%d0%be%d1%81-%d1%81%d0%b0%d1%80%d1%8b%d0%bcдеп айта алмайды. Бәрінің айтатыны бір сөз: «мен керемет мұсылманмын». Бәрін білемін. Сондықтан оларды анықтау қиын жұмыс болып тұр. Көпшілік үркіп, шошитын сәләфизм шетелден қаржыландырылып, еліміздің, ұлтымыздың тамырына балта шабуға дайын діни ағым. Олардың көксеп жүргені қазақ елінің иманы, салауаты тағы басқасы да емес, олардың басты, түпкілікті мақсаты — билікке жету, мемлекетті жаулап алу. Осы жолда олар бәрін жасап жатыр. Дін жөніндегі бөлек министрлік құрылып жатыр ғой. Меніңше, оның атқаратын жұмысының бірі — осыларға майдан ашып соққы беру. Сондай-ақ, бүгінгі ұсынылып жатқан заң жобасына да жауапты болуға тиіс. «Дін мен мемлекет бөлек» деген ұстанымға сай жаңа құрылған діни министрлік өз статусы мен ролін бекітіп алмаса, тағы болмайды. Жұмысқа кіріскен министрлік алдағы уақытта «ҚР діни басқармасы туралы» деген жаңа заң қабылдауы керек. Ол заңның ішінде, менің ойымша, мыналар болса деймін. Қоғамдағы исламның орнын анықтайтын, атадәстүрден келе жатқан, ұлт ретінде қалыптасуымызға әсер еткен Әбу Ханифа мазхабы туралы бап енгізілсе. Бүгінгі заңда бұл айтылған. Соны толықтыра түсу үшін. Мұның ішінде ақида деген мәселе бар. Сол ақидаға дейін терең қаузалса. Мысалы, біз Ханафи мазхабы, Матуриди ақидасымен жүретін елміз дегендей. Себебі дамыған елдер өз дінін заң бойынша нықтап бекітіп алады. Біз де осыған бет бұруға тиіспіз. «Егер бұған мойынсұнбағандарды экстремистік деп танимыз» деген бапты жаңа заңның ішінде бөлек қарастыру керек секілді. Сонда бүгінгі бұра тартқандардың көбісінің арты көрініп қалар еді. Тағы бір айта кетер мәселе миссионерлік туралы сөз қозғасақ, есімізге көбіне иегова, християн діндері түседі. Бірақ ислам атын жамылып, өзге елдердің саясатымен, этно-мәдени ерекшеліктерін әкеліп, насихаттап жатқан діндарлар тасада қалып қоюда. Соларға қатысты нақты үлкен шешімдер қаралуы керек, яғни дінді уағыздайтын кімдер? Жаңа заңда Діни басқармадан арнайы рұқсаты бар адамдар ғана болғаны дұрыс. Олардың өзі арнайы орындарда ғана үгіт-насихат, уағыздарын айтуы тиіс. Басқа, бөтен адамдарға заң бойынша тыйым салынса ғана іс алға басады.

Нағашыбай Қабылбек

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған