Іскерлік жобалар жалғасын тауып жатыр

Ақмола облысы әкімдігімен «ForteBank»  Акционерлік қоғамы ынтымақтастық келісім жасап, облыс халқының әл әуқатын жақсартып, кәсіпкерлікті дамытуға серпін беріп, облыс экономикасын нығайтуға  мүмкіндік  ашылды. Мәскеу- Көкшетау бағытында жаңа ашылған әуе бағыты, алыс жолды жақындатып, уақытты қысқартуға ықпал етті. 

Кәсіпкерлікпен  бизнестің  өркендеуіне жақсы жағдай.

Көкшетауда «ForteBank»  акционерлік қоғамы филиалының жаңа кеңсесі жаңадан ашылып,  салтанатты жиынға Ақмола облысының әкімі Мәлік Мырзалин қатысып, банк ұжымын қуаныштарымен құттықтады Қазіргі заманға сай жабдықталған жаңа кеңседе заңды және жеке тұлғаларға арналған банк қызметінің барлық түрі көрсетілмекші. Салтанаты жиыннан соң Ақмола облысының әкімі М. Мырзалин мен «ForteBank»  АҚ Басқарма төрағасы М. Әуезов өзара ынтымақтастық туралы меморандумға  қол қойды.
Осы күні облыста аталмыш банктің 30 мыңға жуық клиенті бар болса, оның 1 мыңы заңды тұлғалар. Мамандар, кеңсенің ашылуы банк қызметінің сапасын жақсартып, өңірдегі шағын және орта бизнесті дамытуға өзіндік серпін береді деп отыр.

Ақмола облысының әкімі М.Мырзалин «ForteBank» АҚ-ның басқарма төрағасы М. Әуезомтер құжат алмасу сәті.

«Еліміздегі қаржы институттарының ішінде «ForteBank» акционерлік қоғамының алар орны ерекше. Сондықтан, ақмолалық кәсіпкерлерімен өзара бірлескен жобалар жасауға банк тарапынан оң қадамдар болады деп сенемін. Әсіресе, облыстағы өнеркәсіп пен шағын және орта бизнес саласында инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мен несиелік жәрдем көрсетуге септігі тиетіні сөзсіз», – деп атап өтті аймақ басшысы.

Қазірдің өзінде аталмыш банк облыста 16 млрд. теңгенің жобаларын қаржыландырып, 7 млрд теңгеге шамасында  жеке тұлғаларға несие беріпті. Біздің айтар, ақшасы көп, несиесінің пайыз аз, қалт кеткенге кешірімі мол болсын, деп тілеу ғой.km-ok

Мәскеу Көкшетауға жақындады

Көкшетаулықтар Мәскеуге пойызбен 3 тәулікке таяау жүретін жолды 3 сағаттан астам уақытта жүретін болды. Көкшетау –Мәскеу бағытындағы алғашқы  рейсті қала әкімі Е. Маржықпаев, облыстық туризм басқармасының басшысы Ш. Батырxановтар құрметпен қарсы алып, Мәскеуге аттанатындарды, сәт сапар тілеп шығарып салды. Алғашқы рейспен Мəскеуден 60-қа жуық жолаушы ұшып келсе, Көкшетаудан 30 астам жолаушы аттанды.

pi-ok

Енді Көкшетау халықаралық əуежайы арқылы əр жексенбі сайын “Авиакомпания S7” əуе компаниясының Airbus A320 жайлы  ұшақпен Мəскеудің “Домодедово” əуежайына  тікелей əуе рейсі ашылып отыр. Ұшу уақыты 3-3,5 сағат. Билет құны 50 мың теңге.

Әуе бағытының ашылуы жолаушыларға жайлы болуымен қатар іскерлік байланысқа, яғни табиғаты тамылжыған әсем өлкеге туристер тартуға серпін береді, дейді облыстық туризим басқармасының басшысы Ш. Батырханов.

                                                       Дахан Шөкшир

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған