Ғалымдар ғылым арқылы өнеркәсіпті өркендетпек

Елбасы биылғы Жолдауында ауыл шаруашылығы саласына ерекше басымдық беріп, аграрлық сектор экономиканың жаңа драйверіне айналуы керектігін атап көрсетті. Осыған орай, қазір өңір-өңірлерде бағдарлы бастамалар көтеріліп, қыруар жұмыстар атқарылуда. Жамбыл облысы да Жолдау жүктеген міндеттерді жүйелі орындау мақсатында  тың жобаларды қолға алып жатыр. Соның бірі – апта басында еліміздің алдыңғы қатарлы оқу орындарының ғалымдарымен бірлесе  бастау алды.

«Достық үйінде»«Жамбыл облысының  өнеркәсіп кешеніндегі ғылым мен өндірістің интеграциясы» тақырыбымен өткен семинар кеңеске облыс әкімі Кәрім Көкрекбаев қатысып, озық оқу орындарының ғалымдарының ұсыныстары мен ойларын  тыңдады.

%d1%81%d0%b5%d0%bc%d0%b8%d0%bd%d0%b0%d1%802

Ең алдымен Қазақ ұлттық аграрлық университетінің ректоры Тілектес Есполов сөз алып, Елбасы Жолдауындағы басым бағыттарға тоқтала келе, ғылым мен өнеркәсіп саласының байланысы хақында  тереңірек әңгіме қозғады.

-Бүгінде еліміз аграрлық сала бойынша ірі державалардың біріне айналып келеді. Өткен жылдың өзінде ауыл шаруашылығы саласына бөлінген қаржының 35 пайызы инвестициядан келді. Сондай-ақ, ауыл шаруашылығы өнімдері ішкі сұраныстың 60 пайызын қамтамасыз етіп, экспорттың да әлеуетін арттыруда. Десе де, сырттан келетін тауарларға деген тәуелділікті азайту үшін бізге ғылым мен агро саласын байланыстыру қажет. Егер қос сала бір бағытта жұмыс жасайтын болса, өніміміз еселеп өсетені сөзсіз. Бүгін осы жиынға қатысып отырған еліміздегі алдыңғы қатарлы оқу орындарының ғалымдары бұл сөзіме кепіл бола  алады.

Бұдан бөлек, біз ауыл шаруашылығы саласының мамандарын да арнайы оқытуымыз қажет. Еліміздегі агро мамандардың қазір 22 пайызының ғана жоғары білімі бар. Міне, осы олқылықтың да орнын толтыруымыз керек. Сол себепті, бүгін сіздермен бас қоса отырып, өз жобаларымызды ұсынып, бірге жұмыс атқаруды көздеудеміз, – деді университет ректоры.

Ал өз кезегінде көз алған «Ұлттық аграрлық ғылыми беру орталығы» АҚ басқарма төрағасы Асқар Марзахметұлы ғылыми жобаларға тоқталып өтті. Оның айтуынша, қазір еліміздегі ғылыми жобалардың 75 пайызы егін шаруашылығына, ал  25 пайызы мал шаруашылығына бағытталған екен. Ал Жамбыл облысының шаруаларының  17 жобасы қаралу үстінде көрінеді. Міне, осы жобалар аясында жұмыс жасауды мақсат тұтқан басқарматөрағасы өңірдің өндірушілерімен  тығыз байланыс орнатуға  ниетті екенін жеткізді.

%d1%81%d0%b5%d0%bc%d0%b8%d0%bd%d0%b0%d1%80

Басқосуда сондай-ақ, облысқа жұмыс сапарымен келген оқу орындарының ғалымдары да сөз алып, өз ойларын ортаға салды.  Олардың дені кооперативтердің құрылу тәртібі, ет кластерін дамыту, ветеринария саласы мен вирусты паразиттермен күрес және су үнемдеу технологияларын жаппай егістікте қолдану сынды тақырыптар төңірегінде сөйлеп, өз жобаларын ұсынды. Сондай-ақ, жиында  қант қызылшасына қатысты мәселер қызу талқыланып, облыс әкімі Кәрім Нәсбекұлы бұл бағытта өңір шаруалары толайм табысқа қол жеткізіп жатқанын, десе де ғылымды қолдану арқылы өнімді еселеп өсіруді қос қолдап қолдайтынын  айтты.

img_8011

Семинар кеңесте бұдан бөлекте түрлі мәселер көтеріліп, шаруалар көкейлерінде жүрген сұрақтарын ғалымдарға қойды. Ал түс қайта өңірге келген топ аудандарға аттанды. Мұнда олар диханшылар мен  агро саласының мамандарымен кездесіп, түсіндірме жұмыстарын жүргізетін болады.

Жалпы оқу орындарымен мұндай әріптестік  байланыс  өткен жылдан бастау алған болатын. Енді міне биыл жаңаша  қарқын алып отыр. Егер жоспарлаған жобалар толықтай жүзеге асатын болса, бұл өңір экономикасына тың серпін беретіні анық.

Саятхан Сатылғанов,

Жамбыл облысы

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған