Ғасыр жасаған актриса бақилық болды

Бүгін даңқты Жүсіпбек Елебековтің жары, Қазақстанның еңбек сіңірген артисі, көрнекті театр актрисасы Хабиба Елебекова өмірден озды. Шіліңгір шілденің ортасында дүниеге келген Х.Елебекова биыл жүз жасқа толған болатын. Оның есімі актрисалығынан бөлек М.Әуезов атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық драма театры тарихында ең ұзақ жасаған әртіс ретінде халқымыздың өнер шежіресінде қалатыны сөзсіз. Назарларыңызға «Қазақстан» ұлттық арнасының мұрағатында сақталған жүз жасаған кейуана жайлы «Таңшолпан» бағдарламасының қысқа сюжетін ұсынып отырмыз. Ал, Х.Елебекованың жақындары, туыстарына және барша қазақ халқына «Елана» сайты атынан қайғырып көңіл айтамыз.  

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған