Ғылыми жобалар – оқушыны шыңдайды

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі жыл сайын талантты оқушылар арасында республикалық ғылыми жобалар конкурсын ұйымдастырады. Мақсаты – ғылым мен білімді дамыту, жас ғалымдарды қолдау және еліміздің болашақ ғылыми әлеуетін қалыптастыру.

Оқушылардың республикалық ғылыми жарыстары мынадай тақырыптар бойынша өтеді. Мысалы, «Қазақстан – 2050» стратегиясында Қазақстан дамуының экономикалық және әлеуметтік модельдері», «Ғылыми-техникалық прогресс – экономикалық өсудің негізгі буыны», «Экономикалық және әлеуметтік процестерді математикалық модельдеу», «Таза табиғи орта – Қазақстан-2030 стратегиясын іске асырудың негізі», «Қазақстанның тарихи ескерткіштері және болашақ дамуы бар саяхат маршруттары».

Биылғы оқу жылының басында 1162 оқушының 1473 ғылыми жобасы тіркеліп, оның ішінде 524 жұмыс аудандық кезеңнен өтті. Облыстық сараптаманың нәтижесінде 283 жұмыс үздік деп танылып, оның ішіндегі ең үздіктері ғана республикалық финалдық кезеңге жолдама алды. Енді олар облысымыздың намысын қорғайтын болады.

Мұндай ауқымды іс-шараны Павлодар қаласының жетекші жоғарғы оқу орындарының профессор-оқытушы құрамынан құрылған қазылар алқасы бағалады.

 

Тілеуберді Сахаба

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.