Қазақстандағы халық саны 18 миллионнан асты

Countrymeters.info сайты Қазақстан халқының саны 18 миллионнан асқанын көрсетті

Бүгінгі көрсеткіш бойынша, Қазақстан халық саны 18 миллион 22 мың 500 адамды құрайды. Онда, Қазақстан халқының 2015 жылдың аяғына дейін 17 769 475-ға жеткені, биылғы жылдың өсімі бойынша, Қазақстан халқының саны 18 044 724 дейін жетуі мүмкін екені болжанған.

Айта кетер болсақ, биылғы жылдың 17 қыркүйегінде, Ақтөбе облысы әкімі Бердібек Сапарбаев Ақтөбеде өткен халықаралық форумда да бұндай қуанышты жаңалықты айтқан болатын.

«Мемлекеттік бағдарламалардың нәтижесінде Қазақстан халқының орташа өмір сүру жасы 72-ге жетті, халық саны 18 миллионнан асты. Қазақстанда дүниежүзілік стандартқа сай ауруханалар мен емханалар салынып, ғалымдары, дәрігерлері әлемнің үздік емдеу орталықтарында білім алып, еңбек жолын елімізде жалғастырып жатыр», – деген еді әкім өз сөзінде.

Еске салсақ, 2015 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша еліміздегі халық саны 17 млн 630,7 мың адамды құрады. Бұл туралы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитетінен хабарланған болатын.

Сountrymeters.info көрсеткіштері шындыққа жақын болуы әбден мүмкін. Қазақстан статистика комитетінің Негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштердің соңғы деректері бойынша, Халық 2016 жылғы 1 мамырға 17 миллион 753 мың 200-ді көрсеткен.

Қазақстан халқының бір жылдық өсімі 250 мың адамнан көбірек деңгейде болатын болса, біз жыл аяғына дейін анық 18 миллион көрсеткішін көріп қалуымыз мүмкін.

«Қамшы» порталы

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған