Қазақстан-Грек ынтымақтастығының кадрларды даярлау саласындағы келешегі талқыланды

 

Академия басшысы Наиль Ахметзакиров Грек Республикасы Жоғарғы Сотының Бас Прокуроры Ксения Димитру-Василопулумен кездесті.

Тараптар екі елдің құқықтық тәртіп органдары үшін кадрларды даярлау, қылмыстылықпен күрестің өзекті мәселелері бойынша бірлескен зерттеулер жүргізу саласындағы ынтымақтастықтың даму перспективаларын талқылады.img_1056

Наиль Ахметзакиров шетелдік әріптестерін Академияның еліміздің құқық қорғау органдары қызметкерлерінің кәсіби деңгейін арттыру бойынша жүргізіп жатқан жұмысымен, ғылыми зерттеулерімен, инновациялық жобаларды жүзеге асырудағы жетістіктерімен, соның ішінде Жаһандық қауіптерге қарсы өңірлік хабтың жұмысымен таныстырып өтті.

Өз кезегінде Грецияның Бас Прокуроры өзін жылы қабылдағаны үшін және ынтымақтастық мәселесін кеңінен талқылау мүмкіндігі болғанына ризашылығын білдірді.

Грек прокуратурасының басшысы бүгінгі кездесу ұзақ мерзімді ынтымақтастықтың негізін қалайтынын атап өтіп, өзара іс-қимыл деңгейін жоғары бағалады. Сондай-ақ ғылыми-білім беру саласын өткір өңірлік проблемаларды шешу құралы ретінде пайдалануға Академияның қосқан үлесін ерекше атап айтты.%d0%ba%d1%81%d0%b5%d0%bd%d0%b8%d1%8f-%d0%b4%d0%b8%d0%bc%d0%b8%d1%82%d1%80%d1%83-%d0%b2%d0%b0%d1%81%d0%b8%d0%bb%d0%be%d0%bf%d1%83%d0%bb%d1%83

Грек делегациясы білім беру процесінің материалдық-техникалық және әдістемелік құралдарымен, Академияның ғылыми қорымен танысты.

Сапар аясында Грек Республикасының Бас Прокуроры прокуратура органдары және өзге де құқық қорғау құрылымдары үшін ювеналды әділеттің дамуының өзекті мәселелері бойынша дәріс оқыды. Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қамтамасыз ету бойынша Грекияның құзыретті органдарының жұмыс тәжірибесімен бөлісті, тыңдаушылардың сұрақтарына жауап берді.

 Құқық қорғау органдары академиясының

баспасөз қызметі

(Астана, 2017 жылғы 25 мамыр)

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған