ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҰЛТТЫҚ ҚАУІПСІЗДІК КОМИТЕТІНІҢ МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСТЫҚ ДЕПАРТАМЕНТІ 25 ЖЫЛДЫҒЫН АТАП ӨТТІ

Олар өмірдің кез-келген сынағына жасымай төтеп береді. Олар жоғары білікті арнайы мамандар. Олар Қазақстан республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Маңғыстау облыстық департаментінің қызметкерлері. Айтылған сала қызметкерлері 25 жылдығын атап өтті. Салтанатты шарада үздіктер  төсбелгілермен, алғыс хаттармен марапатталды.

¤Шарада мереке иелері төрден орын алды. Бүгінгі күннің қаһармандарын аймақ басшысы арнайы құттықтап, қауіпсіздік қызметінің маңызына тоқталды.

Еліміздегі тыныштық пен келісімді,  халықтың болашаққа деген сенімін нығайту тұрақтылықпен байланысты. Бар байлықтың берекенің де бастау алуы ол бірлік. Ел тыныштығын қасқақпай күзету, мерейлі мәртебе, асқақ абырой. Елдегі тұрақтылықты, ұлтаралық конфессияаралық келісімді, терроризмді, лаңкестікті жоюда сіздердің үлестеріңіз айрықша, деді шарада сөз алған Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов.  ¤

Кез келген қауіп-қатердің алдын алу. Ел тыныштығын қамтамасыз ету. Лаңкестік әрекеттің жолын кесу. Бұл ұлттық қауіпсіздік комитеті Маңғыстау облыстық департамент мамандарының басты міндеті. Олар күн демей, түн демей қашан да күрделі мәселелерді шешеді.

25 жылда мемлекеттік құпияларды сақтау, барлау және ҚР ішкі істеріне заңсыз араласуға қарсы күрестің жүйесін құрды. Сондай-ақ, Маңғыстау аймағында жүзеге асырылған “Виктория” қарсы бақылау операциясы ұлттық қауіпсіздік қызметінің тарихында өшпес із қалдырды, дейді ҚР ҰҚК Маңғыстау облысы бойынша департаментінің басшысы Ерлік Тайжанов.

¤Шарада қауіпсіздік саласының 90 қызметкері арнайы төсбелгімен және алғыс хаттармен марапатталды. Еңбегі ескерусіз қалмағанның бірі – Марат Төсекбаев. Көрінбес майданда қызмет еткеніне 18 жыл.

Өте ризамын. Бүгін облыс әкімінің атынан алғыс хат алып жатырмын. ҰҚК қызметкерлерін мерекемен құттықтаймын. Жұмыста табыс тілеймін. Еліміз тыныш, жұртымыз аман болсын, деді ҚР ҰҚК Маңғыстау облысы бойынша департаментінің конституциялық құрылым қорғау басқармасының басшысы Марат Төсекбаев.

 

Айман Оңғарбайқызы

Фото авторы: Серік Майемеров

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған