Қазақтың үш бірдей зиялысының жары болған татар қызын білесіз бе? (фото)

Өз заманында еуропаша білімімен, сұлу көркімен, озық ойымен ерекшеленген татар қызы қазақтың үш бірдей арысы, заманының заңғар тұлғаларының жары болған деп хабарлайды NUR.KZ.

Қазақтың үш бірдей зиялысының жары болған татар қызын білесіз бе? (фото)

ФАТИМА ҒАБИТҚЫЗЫ. ФОТО: ИНТЕРНЕТ ЖЕЛІСІНЕН.

Фатима Ғабитқызы қоғам қайраткері Біләл Сүлеев, Жетісудың дүлділ ақыны Ілияс Жансүгіров, қазаққа ғана емес, әлемге танымал Мұхтар Әуезовтың жары болған. Ол өзін “қазақтың татарымын” деп атаған. Мағжан Жұмабаевтың өлеңдерін сүйіп, жатқа оқыған.

1903 жылы Алматы облысы Қапалдағы көпес отбасында дүниеге келген Қыздарға арналған орта орыс мектебін, татар қыздар мектебін, медресе және Қазақ университетінің филология факультетін бітірген. Фатима еуропаша білім алған, неміс және француз тілдерін білген. Көзі ашық, сауатты әйел еуропаша киініп, солардың жоғарғы мәдениеттерін ұстана білуімен өзге әйелдерден ерекшеленіп тұрған.

Қазақтың үш бірдей зиялысының жары болған татар қызын білесіз бе? (фото)

БІЛӘЛ СҮЛЕЕВ. ФОТО: ИНТЕРНЕТ ЖЕЛІСІНЕН

 

Бойжеткен Фатима жас педагог, ағартушы Біләл Сүлеевпен танысып, отбасын құрайды. 1929 жылы Біләл облыстық білім беру басқармасына басшы болып. Он жылдай тату-тәтті отбасының тағдырына 1930 жылғы саясаттың салқыны тиеді. Күйеуі Сүлеевті тұтқындап, екі жыл жазықсыз түрмеде отырғызған. Бұдан кейін Біләл ақталып, Мәскеуге кеткен.

Қазақтың үш бірдей зиялысының жары болған татар қызын білесіз бе? (фото)

ІЛИЯС ЖАНСҮГІРОВ ПЕН ФАТИМА ҒАБИТҚЫЗЫ. ФОТО: ИНТЕРНЕТ ЖЕЛІСІНЕН

Ілияс пен Фатима Алғаш рет Ілияс Фатимамен 1919 жылы Біләлдің жары болып жүрген кезде танысқан. Содан бері Ілиястың махаббат лирикасының барлығы дерлік Фатимаға арналған. От ауызды, орақ тілді ақынның шығармашылығына шабыт берген Фатима еді. Біләлдің жары болып жүргенде Фатима Ілиястың өзіне арналған махаббат туралы өлеңдерін 10 жыл бойы үздіксіз алып тұрған, дегенмен абақтыға қамалған Біләлға барынша адал болған Фатима Ілиястың көңілін басқа арнаға бұрмақ болды.

“Сен асқан талантты, көркем сөздің асыл күмбезін орната алатын алғыр “ақынсың”… Енді мен сенің зарлы хаттарыңның орнына еліңнің тұтас тұлғасын көрсететін жалынды жырларыңды оқуды тілеймін. Әдебиет майданында ел таңданатын табыспен көрінгенше, мен саған хат жазбаймын. Сен де маған хат жазба!»,- деген.

Қазақтың үш бірдей зиялысының жары болған татар қызын білесіз бе? (фото)

ФАТИМА ҒАБИТҚЫЗЫ. ФОТО: ИНТЕРНЕТ ЖЕЛІСІНЕН.

Кейіннен Біләлдән үмітін үзген Фатима 1932 жылы оның досы, ақын Ілияспен отбасын құрады. Жансүгіров репрессияға ұшыраған досы Біләлдің балаларында өз балаларындай көреді. 1933 жылы Фатима мен Ілиястың қыздары – Үміт Жансүгірова дүниеге келеді.

Фатима мен Ілияс бес жыл бірге ғұмыр кешкен. 1937 жылы Ілиясты саяси астармен қамауға алады.

Фатиманың Ілиясты іздеумен бармаған жері, баспаған тауы қалмайды. Оған бірде: Охотск, Магадан деп жауап береді. Ол Охотскқа, басқа да солтүстік қалаларға хат жазып, өтініштер білдірген. Екінші рет “халық жауының” әйелі атанған Фатима бауырындағы бес баласымен тағы да тірі жесір атанады. Ілияс Жансүгіров 1937 жылы тамызда тұтқындалып, 1938 жылы ақпанда атылады.

Қазақтың үш бірдей зиялысының жары болған татар қызын білесіз бе? (фото)

МҰХТАР ӘУЕЗОВ. ФОТО: ИНТЕРНЕТ ЖЕЛІСІНЕН

Фатима Ғабитова өз естеліктерінің бірінде былай дейді: “Алматыда көп қиналдым. Бірде болымсыз қызметке орналасып, бірде қызметсіз жүрдім. Жәнібегім де Алматыға қайтқан. Бес бала. Тамақ керек, киім керек. Жаны ашып, жәрдемдесер жан жоқ. Жалғыз өзім. Соғыс басталды. Жәнібек 9-класс бітіріп, жасы әскер жасына жетпесе де, ерікті түрде соғысқа кетті. Қала халқы жабық дүкендерден тамақ алатын болды. Бізге жан басына 220 грамм қара наннан басқа ештеңе жоқ. Дене шынықтыру техникумында болымсыз сабақ беремін. Техникум күніне бір рет мұғалімдерге омаш көже береді. Мен сол көжені ішпей, үйге әкеліп балаларға ішкіземін. Біздің осылай қатты қиналып жүргенімізді сыртымыздан білген Мұхтар бір күні маған келіп, өзінің мені ертеден (1927 жылдан) қатты сүйетінін, менің жанымда бірер сағат болуды өзіне бақыт санайтынын айтты”.

Қазақтың үш бірдей зиялысының жары болған татар қызын білесіз бе? (фото)

ФАТИМА ҒАБИТҚЫЗЫ. ФОТО: ИНТЕРНЕТ ЖЕЛІСІНЕН.

Осылайша, Фатима үшінші рет Мұхтар Әуезовпен бас қосады. Фатима Ғабитқызы Мұхтар Әуезовке Мұрат есімді ұл сыйлайды .

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған