Қазақы көкпарды «жабайы көкпарға» айналдырып алмайық!

ҚР Мәдениет және спорт министрінің назарына 

Жасыратыны жоқ, кейінгі кездері серкені қазандыққа салар кезде қазандыққа соғылып, аттардың, одан қалса жап-жас жігіттердің жарақат алып, мертігіп қалған қайғылы оқиғалары жиілеп кетті. Осыған орай, көптеген мамандар серкені қазандыққа салуға қарсылық білдіріп жатыр. Осы жағдайды біле, көре тұра кейбіреулер «серкені «қазандыққа» салуды өзгертуге болмайды, ол қазақы көкпардың ежелгі ережесі» деп ақылдымсиды. Ал ұлттық ойынымыздың қазақы қағидасына жүгінсек, қазақтың, арғы түркілердің көкпар ойынында «қазандық» деген мүлдем болмаған. Бүгінгідей серкені қарсы жақтың шебіне емес, өз ауылына әкелген адам қошеметке бөленген.

Ата-бабаларымызда көкпардың 3 түрі болған екен. Бірінші — «мәре» көкпар. Екіншісі — «дара» көкпар. Үшіншісі — «бала» көкпар.

%d0%ba%d0%be%d0%ba%d0%bf%d0%b0%d1%80-45

Мәре көкпарды шабандоздар ауыл-ауылға бөлініп тартқан. Дала көкпарда жігіті мықтылар серкені қайда түсірсе де өздері білген. Ал бала көкпарда жас балалар «тулақ» тартысқан екен. Бірақ кейін осы жас ұрпақты ептілік пен ерлікке, жауынгерлік рухқа баулитын көкпар ойынын жалпақ жұртқа бірдей дамыту, үлкен мерекенің қызықты сәтіне айналдыру үшін Кеңес үкіметінің ұжымдастыру заманында командалар жасақтап, шеп-қазандық белгілеп «Мәре көкпар» жасаған. Оның өзі көп айнала бермей, көбіне «Дара көкпар» болып аяқталатын. Қазіргі оның бір көрінісі жаппай «жабайы көкпарға» айналғанын көзіміз көріп жүр. Ал биыл «ЭКСПО — 2017» көрмесі аясында халықаралық көкпар чемпионаты өткелі тұр. Біз бұл бәсекені «жабайы көкпарға» айналдырмай, ше телдіктер сын айтпайтындай жарыс ережесін көпке ортақ жасасақ, одан ұтылмаймыз, қайта көкпар ойынын жаңаша дамытып, баршаға қолжетімді етіп, аясын кеңейтеміз. Сол үшін көкпар ойынының кейбір ереже тұстарына ұлттық рух танымға сай мынадай өзгерістер бекітілуін сұранамын.

1. Әр команданың құрамы 7 адамнан аспаса, дода қауіпсіз көрерменге жақсы көрінетін, шаң аз,тақымға басу, жерден ілуге ыңғайлы жерде өтсе.

2. Ойын барысында ат ауыстыруға шек қойылмаса, аттарды аман сақтауға көп көмегі тиер еді.

3. Атадан қалған мұра емес, қазандық жойылып, көпке ортақ сұйық бояу арқылы тереңдігі 5 см2 сызық қазандық шеңбер жасалуы керек. Біріншісінің диаметрі — 10 м. Екіншісінің диаметрі — 3 м.

Серке екі шеңберге салынады. Бірақ топта лып шапқан аттар, серкені тақымға басқаннан басқасы бірінші шеңберге жеткенде 2 шеңберге кірмей тоқтап қалуы тиіс. Екінші шеңберде бір ғана қорғаушы аттылы болады. Серкені тақымға басқан шабандоз 2-ші шеңбердегі шабандоздан айласын асырып, күші асса ғана сызық шеңберге серкені тастап, ұпай жинай алады. Бұл ашық, әділ тар тыс болмақ. Осы ұсыныстарыма еліміздің Мәдениет және спорт министрлігі қолдау білдірсе, «шеңбер нұсқасын» әзірлеуге дайынмын.

Жапар Сатылғанов,

Жамбыл облысы, Мойынқұм ауданы

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған