Қазақ киносының көсегесін қайтсек көгертеміз?

Қазақ елінің киносы қожырап, өнерінің өрісі кеңейе алмай тұрғанын жасыра алмаймыз. Қанша айтылып, жазылса да түптің-түбінде бәрін орнына қоятын Заңның керегі хақ. Құр мақтаумен «жұлдызы жанып тұрған» ел болсақ та, жұпынылығымыз қарасаң көз тоятын емес, керісінше, қарның ашатын кинодан көрініс тауып тұр. Кеңес Одағы тұсында көрерменінің көңіл пернесін дөп басып, жүрегіне жол тапқан Шәкен Аймановтың ізбасары болуға лайықты жандар жоқ дейсіз бе? Жоқ! Олай айта алмаймыз. «Ел іші- өнер кеніші» дегендей, алтын құрсақ қазақ аналары ұлттық рухын жоғалтпаса талай тарланның кіндігі кесіліп, елі үшін еңбек етеріне әрқашан сеніммен қараймыз. Бүгін Үкімет отырысында қазақ киносының жай-күйі кеңінен талқыланғанын жақсы білеміз. ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының мәлімдемесінен кейін елімізге белгілі кинематографтар өз ойларымен бөліскен болатын. Солардың бірқатарын назарларыңызға ұсынбақпыз. 

Сатыбалды Жәлелұлы, кинорежиссер, сценарийші:

 %d0%bd%d0%b0%d1%80%d1%8b%d0%bc%d0%b1%d0%b5%d1%82%d0%be%d0%b2«Қазақстан – бұл кино туралы Заңы жоқ жалғыз ел. 2016 жылы кинематографистер мемлекеттік органдармен бірлесіп шетелдік кино саласының тәжірибесін зерттеу бойынша қыруар жұмыс атқарды. Оның нәтижесі кино туралы заң жобасы болды. Заңда отандық киноның өзекті мәселелерін шешудің шаралары көрсетілген. Ұлттық кинематографияны жаңа деңгейге шығару негізінде тұрақты платформаны құру үшін Заң қажет».

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институтының бас директоры Андрей Хазбулатов:

%d1%85%d0%b0%d0%b7%d0%b1%d1%83%d0%bb%d0%b0%d1%82%d0%be%d0%b2 «2015 жылы ҚР Мәдениет және спорт министрлігі мен Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институты Қазақстан кинематографиясын 2050 жылға дейін дамыту тұжырымдамасының және кино туралы заң жобаларын әзірлеу бойынша ауқымды жұмыс жүргізді. Біз жетекші қазақстандық, ресейлік және француз киносарапшыларының қатысуымен заң жобасын кеңінен талқылап, шетел тәжірибесін мұқият қарастырдық. Заң жобасында Қазақстанның киноиндустрия саласының сәтті дамуы мен ұлттық киноның мәртебесін арттыру, оның шетелдегі танымалдығын арттыру үшін қолайлы жағдайлар туғызатын нормалар мен талаптар бекітілген.

Қазақстандық актер, кинодраматург Нұрлан Санжар:

 %d0%bd%d2%b1%d1%80%d0%bb%d0%b0%d0%bd-%d1%81%d0%b0%d0%bd%d0%b6%d0%b0%d1%80«Кино туралы заң біз үшін қажет.  Кинематографияны мәдениет және өнер нысаны ғана емес, экономика нысаны ретінде қарастыратын уақыт келді. Қайта құру кезеңінде Қазақстанда әлем таныған авторлық кинематография болды. Қайта құрудан кейін коммерциялық кинематографияны іздеумен келеміз. Голливудте айтатындай, коммерциялық кинематография өнер емес, ең бірінші бизнес. Біздің кино коммерциялық жағынан сәтті болуы үшін білікті мамандар қажет. Ұлттың бірегейлігін сақтап қана қоймай, кино нарығында сұранысқа ие туындылар әкелетін мамандар.  Жаңа заңды қабылдау қазіргі жағдайды жақсартып, киноны жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік бермек, оны мазмұнды ғана емес, ұлттық нақыштарға ие, коммерциялық сәтті жобаға айналдырады.  

Ахат Ибраев: Киноиндустрия саласының барлық қатысушылары үшін тиімді жағдайлар жасауымыз қажет.

%d0%b0%d1%85%d0%b0%d1%82-%d0%b8%d0%b1%d1%80%d0%b0%d0%b5%d0%b2 «Кино туралы заң қабылдау – фильмдерді қаржыландыру жүйесінен бастап кинопрокаттың инвестициялық жағымды жағдайларын жасауға дейін өзгертуге мүмкіндік береді. «Министрлік әзірлеген кино туралы заң жобасы осы саладағы оң үрдістерге алып келетіні сөзсіз. Мысалы, отандық кадрлардың кәсібилігін арттыру, шетелдің киностудияларымен ынтымақтастық және тәжірибе алмасу, бірыңғай электрондық жүйені енгізу және т.б.  Заң халықаралық нарықтағы ұлттық кинематографияның мәртебесін жоғарылатып қана қоймай, киноиндустрия саласының барлық қатысушылары үшін тиімді жағдайлар жасайды», – деп атап өтті «Қазақфильм» АҚ бас продюсері Ахат Ибраев.    

Вадим Галенко: Кино аймақтардағы көрермендерге қол жетімді болуы тиіс

%d0%b2%d0%b0%d0%b4%d0%b8%d0%bc-%d0%b3%d0%b0%d0%bb%d0%b5%d0%bd%d0%ba%d0%be «Меломан» компаниясының бас директоры Вадим Галенко елімізде кинотеатрлардың аздығын атап өтті.  «Елімізде кинотеатрлардың аздығы байқалады, көрермендерге арналған орындар аз. Орта есеппен алғанда 70 мың қазақстандық киноға барады.  200-300 мың жинайтын фильмдер бар. Яғни, 17 миллион тұрғыны бар біз үшін инфрақұрылымды дамытып, киноға бару мәдениетін жетілдіру қажет. Бизнес те Қазақстан қалаларында кинотеатрлар ашу шығынын көтере алмайды. Сондықтан да, фильмдер түсіріп, оларға қаржы жұмсағанымен оны көрерменге жеткізе алмаса, бұл фильмді ешкім де көрмейді. Кинотеатрлар табысының 85 пайызын Астана және Алматы қалалары жинайтындығы белгілі. Осыған назар аударып, бизнеске көмек көрсету керек немесе бюджеттен қосымша қаржы арқылы жөндеуден өткен мәдениет үйлерінде орналасқан қондырғыны ауыстыру қажет. Қазақстандық кино аудиторияның сұранысын дөп баса білсе, коммерциялық жағынан да сәтті болмақ. Бұл жерде де аймақтардағы көрерменге қол жетімді болуын ойлау керек. Әрине, кинематография туралы заң ұлттық кинематографияны дамыту үшін қажет және біріншіден қазіргі кинонарық талаптарын ескеруі тиіс».

 

 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған