Қазақ халқы адамның жасына қарай мынадай атаулар берген:

1 жасқа дейін – шақалақ, нәресте, сәби;
1 жастан 2 жасқа дейін қыз бала – бөпе, ұл бала – бөбек ;
2 жастан 3 жасқа дейін – бүлдіршін ;
3 жастан 5 жасқа дейін – балдырған, балауса ;
6 жастан 7 жасқа дейін – бала, балақай ;
8 жастан 12 жасқа дейін – ойын баласы, жеткіншек ;
13 жастан 15 жасқа дейін – ересек бала, жасөспірім;
16 жастан 19 жасқа дейін – бозбала, бойжеткен ;
20 мен 30 жас аралығы – жас жігіт, қыз ;
30 бен 40 жас аралығы – дүр жігіт, аға, еркек, кәрі қыз, келіншек ;
40 пен 50 жас аралығы – ер түлегі, отағасы, әке, көке, әйел, ана, тәте ;
50 мен 60 жас аралығы – жігіт ағасы, сары кідір әйел ;
60 пен 70 жас аралығы – қарасақал, ата, қара кемпір, апа, әже ;
70 пен 80 жас аралығы – ақсақал, ақбұрым ;
80 мен 90 жас аралығы – ақ үрпек шал, ақ үрпек ана, қарт, қария ;
90 мен 100 жас аралығы – селкілдек шал, селкілдек кемпір ;
100 жастан жоғары – кейуана, баба.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған