«Қазақ қыздары ондай емес» – бір жігіттің жазбасы

Facebook деген жақсы болды. Әркім өзінің ой-пікірін шама-шарқынша жазатын болды.

Мұхит Тастан есімді қандасымыз өз парақшасында қазақ қыздары туралы пікірін жариялапты. Пікірінің жаны бар сияқты. Оқып көріңізші, қаз-қалпында ұсынайық:

Қазақ қыздарын жамандауға болмайды. Неге?

Қазақтың қыздары ашық шашық жүреді. Жүргіш. Темекі шегіп, арақ ішеді. Қырғыздарда, өзбектерде ондай жат әдет жоқ.

Қазақ жастарында мәдениет жоқ дейді. Үлкенді сыйлау. Коғамдык көліктерде үлкендерге орын беру жоқ. Барар жерлері дискотека. Ночной клуб. Ана тілінде сөйлемейді.

Бұл жағынан өзбектер мықты. Танысын-танымасын үлкендерге ассалаумалейкум деп, кеудесіне қолын қойып тұрады. Рухтары мықты,бізге қарағанда деймізБірақ,

Бұл сандырақ!

ЖЕР бетінде жеті атаға дейін қыз алыспайтын ҚАЗАҚТАЙ қаны таза текті халық жоқ. Қазақ қыздарындай ұяң да ұятты, иманды да сыпайы қыздар жоқ.

Мейлі, олар келтелеу юбка киіп, кеуделері ашықтау киім киіп жүрсе де. Қазақтың жастарындай үлкенді сыйлар жігіттер аз, олар орысша сөйлеп, орысша ойласа да. Қалайша дейсіз бе? Түсіндірейін.

Қазақтың жері кең ба? Кең. Революциядан бастап орыстандыру саясаты болды ма? Болды. Қазақтың жерін жаулау үшін оның санасын жаулады ма? Жаулады. Ел бірлігінің ұйытқысы болған имам абыз ақсақалдардымолдаларды кұртты ма? Құртты.

Онда да болмады. Оны біздің рухани мықтылығымыз емес деп кім айта алады? Ешкім де!

Одан соң көзі ашык, көкірегі ояу, ұлт тағдырына алаңдаушы арыстарымыздың көзін жойды ма? Жойды! Асыра сілтеу болмасын, аша тұяқ қалмасын деп қолдан аштық ұйымдастырып, қазақтың тең жартысын қырды ма? Қырды.

Соғыс кезінде кей мемлекеттен бір батыр шыкпай, солдаттары ыдыс-аяқ жуып, тамақ істейтін артқы шепте жүргенде біздің аталарымыз қайда болды? Алдыңғы шепте! Оққа кеудесін тосты. Мұны ешкім өтірік дей алмас. Дәлел: қазақтаншыққан совет одағының батырлары көп. Соғыстан соң тың игеру, пленге түскен, ұрлык жасаған, саяси қылмыскер деген желеумен өзге ұлттарды тоғытты ма осында? ТоғыттыМақсат – Қазақ елін өзіне билетпеу. Өзгелермен толтырып, балансты ұстау. Одан соң өзге діннің астыртын қимылы. 2000 жылдарға дейін Қазақ елін толыктай шоқындырып жіберу.

Егемендік алдық. Ес жинап үлгермей, Батыстың арсыз өркениеті келді. Атыс-шабыс, азғындық. Эротикалык фильмдер ашыктан-ашык теледидардан көрсетіле бастады. Қазақ жастары көріп, бұзылсын дедіЖастардың жатаханаларыжанынан ночной клубтар ашылды. Құмар ойындар ашылды ма? Ашылды.

Үштілділік деген сұмырай саясат қосылды. Егер орыс тілін білмесең, үлкен қалаларда жұмысқа тұра аласың ба? Жоқ!

Қазақ өлмейді, қазақ құрымайды!

Мәссаған! Осыншама соққы! Осыншама шеттеу! Сонша теперіш көрсе де, шалажансар болса да әлі өлмей, өмір сүріп жатқан Қазақ елінен қалай айналмайсыз!

Қалайша қазақты – рухсыз, қыздарын – жеңіл жүрісті, имансыз, жастарын – үлкенді сыйламас тәрбиесіз дей аласыз?

Егер

осы сұрқия саясаттың соққылары сіз үлгі етіп отырған көрші елдерге тигенде – олардан қазір қысқа юбка тұрмақ, көшеде түрсимен емін-еркін жүретін қыздарды көретін едіңіз.

Рухы мықты – Қазақ елі жасасын. Намысты Қазақ жігіттері мен ар-ұятты барынша сақтай білген аруларымыз жасай берсін!”.

Міне, пост авторы солай депті. Ал, сіз не дейсіз?

Аян Мырзабек

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған