ҚАЗАҚ ҮШІН ҚЫРЫҚТЫҢ ҚАДІРІ

Қазақ халқы үшін «қырық» киелі сан деп есептелген. Қажет десеңіз, баланы қырқынан шығару мен марқұмның қырқын беру деген ұғымда байланыс бар. Қырық күнде бала шетінемесе «осы дүниелік адам» деп есептеген, ал марқұмның қырқын бергеннен кейін еті мен сүйегі ажырайды деген түсінік бар. Бір қызығы ол ғылымда да дәлелденген.
Қырқынан шықпаған немесе уақытынан жай шығарылған бала әлсіз, аурушаң болады. Қол-аяғы ширақ ерте жетіліп келе жатқан ер баланы отыз күнге жеткізбей, қыз баланы 30 күннен асқаннан кейін де қырқынан шығара береді. Ал атауы шартты түрде «қырқынан шығару» деп қала берген. Қырқынан шығару үшін таңдалған күні үйге туған-туыстардан, ауылдан әйел адамдар жиналады.

Нурлан Сонгибайулы фб парақшасынан

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған