Қазығұрттағы индустриалды аймақта 5 жоба іске асты

Қазығұрт ауданында өткен жылы жалпы өңірлік өнім көлемі 28,5% артып, 91 млрд. теңгені құраса, осы жылдың алты  айында 33,2 млрд теңгені құраған. Бұл туралы бүгін ОҚО өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында Қазығұрт ауданының әкімі Төлеген Телғараев мәлім етті.

Өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысын баяндаған аудан басшысы өткен жылы «Өңірлер кәсіпкерлігін қолдау картасы» бағдарламасына енген  жалпы құны 2,6 млрд. теңге болатын 7 жобаның бүгінде 5-уі  іске қосылғанын айтты. Осының нәтижесінде 162 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Ал, 2017 жылдың соңына дейін қосымша 2 жаңа жоба іске асырылып, 32 адам тұрақты жұмыспен қамтылатын болады. Бұл кәсіпорындардың жалпы құны 722,7 млн. теңге болатынын атап өтті.

«2017 жылдың 6 айында өндірілген өнім көлемі 2964,2 млн. теңге болып, нақты көлем индексі 105 % құрады. Өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 441 млн. теңгеге артық өнім өндірілді. Олардың ішінде кен өндіру өнеркәсібінің басқа салалары бойынша 40,7 млн. теңге, өңдеу өнеркәсібі бойынша 2363,6 млн. теңге, электрмен жабдықтау, газ беру бойынша 527,8 млн теңге, сумен жабдықтау бойынша 32,1 млн. теңгеге өндірілді. »,- деді Т.Телғараев.

Сондай-ақ, аудан әкімі жыл соңына дейін өнеркәсіп өнімінің көлемін 6,1 млрд. теңгеге  яғни,  нақты көлем индексін 103,5 % жеткізу көзделуде екенін жеткізді.

 

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған