Қайырымдылық – адамгершіліктің белгісі

Атырау облысы ҚХА жанындағы «Ахыска» Қазақстан түріктері қоғамы Атырау облыстық филиалының төрағасы А.Мурадов Атырау қаласындағы кәмелетке толмағандарды  бейімдеу орталығында тәрбиеленіп жатқан 15 балаға қайырымдылық ас ұйымдастырды.

Төрт жылдан бері «Ахыска» түріктер қоғамының филиалы жоғарыда аталған мекеменің тәрбиеленушілеріне осындай акцияларын өткізуді дәстүрге айналдырған.

Үлкен ел – үлкен отбасымыздың татулығы, амандығы және бірлігі үшін осындай игі іс-шаралар өткізу менің дәстүрлі қағидама қалыптасып кетті дейді,- «Ахыска» төрағасы А.Мурадов.

 Түскі асқа келген қаракөз қазақ балалары ұйымдастырушыларға өздерінің жылы лебіздерін білдіріп, жайдарлы көңілде болды.

Дастархан соңында кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығының  тәрбиешілері ұйымдастырушаларға да  өз алғыстарын білдіріп, еңбектеріне сәттілік тіледі.

 

 Атырау облысы әкімі аппаратының

«Қоғамдық келісім» КММ

баспасөз қызметі

 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған