«Қалғып кеткен» намысты оятар кітап

Журналист-жазушы Бекен Қайрат мырзаның «Қазақия қалай отарланды?» кітабын оқып отырып, журналистке тән ізденімпаздық, табандылық, кәсібіне деген адалдық, сұңғыла талғампаздық, тарихи деректерге толы дәлдік аңғардым. Бұл жағынан, атүсті жазатын, дәлел-дәйексіз тарихи оқиғаларды шиырлайтын, оқыған сайын тілі де қиындайтын жазғыштарға үйренер нәрсе көп екен…

Ең бастысы, кітап өз атына әбден лайық. Қалай отарландық? Отарлануға не себеп болды? Отарлану қалай жүргізілді? Бәрі айқын. Фактілері өміршең. Жылнамалары тарихи негізге сай. Сілтемелері бұлтартпас қақпан. Жалаң пікір, жалған ойдан ада…

…Бұлтаруға жол жоқ. Қанжоса болған танымың мен итрәсуәсі шыққан болмысыңды көріп шошисың. Зығырданың қайнайды. Намысың жігеріңді қайрайды. Қазақ неге дәрменсіз болып қалды деп күйінесің. Ашынасың. Себебі мен салдарын оқи келе ынтымақ пен бірлік қана елді сақтайтынын сезінесің.

Кітапты оқып отырғанда әр тараудан кейін андыздаған ойларға «таланып» қаласың. Отарлаудың қаншама ғасырлар бойы табанды жүргізілуінің «жемісін» жеп отырмыз ғой. Сүйекке сіңгені сондай — тілі мен діні үшін күреспейтін, билікке жетсе, ұлты үшін тіреспейтіндер кімге тұлға? Олардың барынан жоғы… Бейқам ұстасаң, ащы етіңді тыз еткізер намыс қылышы қолыңда тұр. Ол — «Қазақия қалай отарланды?». Мен бұл кітаптың қаны қазақ, тәні азат, ойы озат жастардың тұла бойын шымырлатып, ұлттық рухын оятарына кәміл сенемін.

НАҒАШЫБАЙ ҚАБЫЛБЕК

One thought on “«Қалғып кеткен» намысты оятар кітап

  • 04.04.2017 at 07:12
    Permalink

    Бір кітапқа бір-екі абзац баға бере салғанба?

    Reply

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған