Қаныш Сәтбаевтың жарына жазған хаты

 Қазақтың біртуар тұлғасы, ғылымына өлшеусіз үлес қосқан, Қазақстан геологтары ғылыми мектебінің негізін қалаған ұлт мақтанышы Қаныш Сәтбаевтың өлшеусіз еңбегін бүтін қазақ жұртшылығы ешқашан ұмытпасы хақ. Ұлтымыздың кейбір белгілі тұлғаларының жары орыс ұлтынан болғандығын бірі білсе, бірі білмейді. Ұлт мақтаншы, академик Қаныш Имантайұлының жары Таисия Алексеевна Сәтбаеваға жазған хатына зер салып көріңіздер. 

“Сүйікті Тася! Соңғы хатыңызды алдым. Көңілімде жа­­быр­­­қау туғызғанын жасырғым келмейді. Өзіңіз жазғандай, “күту және әрқилы шырғалаңдар” Сізді де қажытып, қамығуға душар еткенін, әри­не, түсінемін. Сөйтсе де, біз бір жәйтті мой­ын­дауға тиіспіз: өмір — күресу мектебі, оған көрген түстей жеңіл-желпі қарауға болмайды; ғұмы­рымыздың алғашқы кезеңінде осындай жағымсыз жайттардың кездесуі әбден ықтимал. Бұларды мен сөзсіз болуға тиіс құбылыстарға саямын және алда да кездеседі деген ойдамын.

…Өзіңізге мынандай: “Мен онымен бірге жү­ріп, өмір ұсынар әр түрлі қиыншылық пен шырға­лаңдарды бірге кешуге әзірмін бе?” деген сұрау қойыңыз. Менің тұлғамды, ойлаймын, Сіз жет­кілікті білесіз: мен қазақпын — жаратылысым да, жаным да қазақы; ой-түсінігім бойынша да қазақпын; алдағы өмірімді тек қана туып-өскен Қазақстанда өткізбекпін. Бұл жолда ай сәулелі армандарға беріліп асқақтаудан адамын; сондай-ақ сөзсіз кездесер қиыншылықтардан да алабөтен безінгім келмей­ді; жан тыныштығын да шат-шадыман тұр­мыс­тан гөрі рухани күреспен өткізгенді жөн к­ө­ремін; сол үшін де тұрмыстың жайлы күйтінен бас тартып, Қазақстан қиырын кезіп, өмір-бақи кен іздеуге де әзірмін…”

Мәскеу, 8.02.1927 ж

massaget.kz

One thought on “Қаныш Сәтбаевтың жарына жазған хаты

  • 11.06.2017 at 21:44
    Permalink

    орысқа үйленіп не ақысы бар еді… Қанша қазағымның тұлғалары осылай өткен! Өте өкінішті. Не жазса да, өзі де соларымен орыс тілінде қатынас құрғаны белгілі (құлдық псиологияның бір көрінісі). ұрпақтары да қазақ болып жаратпағаны ащы шындыққой?!

    Reply

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған