Қарасаздан ұшқан Ақиық – қазақтың мәңгі «есінде…»

М.Мақатевқа – 88 жыл

     Қазақтың қара өлеңін құдіретім деп жырлаған қасиетті қара өлеңнің патшасы, ақиық ақын  Мұқағали Мақатаевтың туғанына биыл табаны күректей 88 жыл толып отыр. Ақын тірлігінде халқының ақ батасын арқалап жүгі аур жұмыр жердің бетіндегі поэзия өнеріне өлшеусіз үлес қосқанымен, аттан салар атаққа тірісінде бөленбеді. Алайда жақсының аты өлемеген адамзат тарихында атпал азамат мәңгіге қалып қойды. Соның бір айғағы М.Мақтаевтің туған күніне орай жыл сайын дәстүрлі түрді жер-жерлерде мүшәйралар мен әдеби кештер өткізілуінен аңғарасыз. Ал біздің өлкедегі ақынды еске алуға арналған биылғы кештің сәні бөлек. Әулиеатнаның төріндегі өлең сүйер қауымның алдында ақын рухына  арналған «Есіңе мені алғайсың…» атты үлкен  әдеби-сазды кеш жоғары деңгейде өтті. Кешке еліміздің түкпір-түкіпіренен жыр жүйріктері мен жүрегі поэзия деп соққан бірқатар зиялы қауым өкілдері де қатысты.

Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасының ұйытқы болуымен өткен шара Ы.Дүкенұлы атындағы қалалық мәдениет үйінде болды. Кейбір конскертпенен көңілді кештерде күштеп келтіре алмайтын жұрт бұл күні залдан иене шаншар орын таппады.  Бұл да ақынның өнеріне, өшпейтін өлеңіне деген халықтың риясыз сүіспеншілігі һәм сағынышы болса керек.

Әдеби кештің әрін кіргізетін, әрине, ақынның өз шығармашылығы. М.Х.Дулати атындағы тараз мемлекеттік университеті «Мәдениет және өнер» кафедрасының талантты жастарынан құралған шығармашылық топ ақын өлеңдерінен әзірлеген жан тебіренткен компазициямен кештің шымылдығын  түрді.

Бұдан кейін шараны белгілі ақын, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының  лауреаты Қалқаман Сариннің өзі тізгіндеді. Облыс әкімінің бірінші орынбасары Бекболат Орынбеков ақынның өнері мен шығармашлығы турасында кенелі ойлар атып, киелі өлкедегі өлеңсүйер қауымның қуанышына ортақтасып, арнайы келген ақиық ақынның ұлы Жұлдыз Мұқағалиұлы мен келіні Бақытгүл Айдароваға қазақы жоралғы бойынша сый-сияпат көрсетті. Қазақстан Жазушылар одағы басқарма төрағасының орынбасары, ақын Бақыт Беделхан қара өлеңді кие тұтып, қазақтың сүйікті перзентіне айналған Мұқағали ақынның шығармашылығына ерекше тоқталды. Терең толғаныспен сүбелі естеліктерін айтқан ақын    рухани мән мен мазмұнға толы рухани кештің ашылуымен құттықтады.

– Топырағына құт дарыған, тарихы терең тартқан киелі Әулиеата жерінің тұрғындарымен қауышқаныма қуаныштымын. өскелең ұрпаққа өшпес мол мұра қалдырып, сара жол салып кеткен Мұқағалидың рухын аспандатып, осы өлкеде үлкен шара өткізу бүкіл алашқа үлгі боларлық игі бастама. Ақынның өзі айтқандай, ол расында ХХІ ғасырдың құрдасы бола білді. Дүбірлі тойдың 2000 жылдан аса тарихы бар Тараздан өтіп жатқандығы барлығымызды қуантты, – деді Б.Беделхан.

Поэзияның әлемінде ойып тұрып орын алған ақын жайында белгілі жазушы, «Алаш» халықаралық әдеби сыйлығының лауреаты Несіпбек Дәутаев «Әр аймақ өз топырағынан түлеп ұшқан ақындарымен, батырларымен мақтанады. Жастар Абай да, Жамбыл да, Махамбет те, Қасым да біздікі екенін біліп жүруі тиіс. Бұл тұлғалардың барлығы қазақты келер ұрпақ алдында рухтандырып, бір жұдырықта жиып ұстайтын есімдер»  десе, ҚР құрметті азаматы, ақын Қайырбек Асанов та мұзбалақ ақынның отты жырлары, оның кісілік келбеті мен өршіл мінезі туралы мәнді де мазмұнға толы толғаныстарымен бөлісті.

Бұдан кейін поэзия перзентінің ізбасар іні-қарындастарының атынан Нұржан Қадірәлі мен Марал Хантөре ақын рухына жалынды жырларын арнаса, мектеперінің оқушылары арасындағы бірнеше көркем сөз оқу байқаларының жеңімпаздары Мұқағали Мақатаевтың  өлеңдерін мәнерлеп оқып, көрерменнің ықыласына кенелді. Сонымен қатар Кенен Әзірбаев атындағы филармония әншілері де ақынның сөзіне жазылған «Сарыала қаз…», «Сарыжайлау», «Ұнатамын мен сені» сынды әсем де, әуезді әндерді шырқады.

Кеш соңында М.Мақатаевтің перзентті Жұлдыз Мұқағалиұлы мен келіні Бақытгүл Айдарова әкенің аруағын еске ала отырып, бірқатар атпал азаматтардың басын  біріктірген ұймдастырушылар тарапына, жалпы жамбыл жұртшылығына алғ айтып, ақжарма тілектерін  жеткізді. Содан кейін ұлтымыздың сарқылмас қазынасы сөз өнеріне өзіндік үлес қосып, ардың ісі әдебиетің жолында ерен еңбек етіп жүрген Қайырбек Асанов, Қалқаман Сарин, Берік Уәли, Нұржан Қадірәліге «Мұқағали атындағы халықаралық қор» атынан арнайы медальді тақты.

Қазақтың болмысы мен бітіміне ұқсайтын текуті құсы Бүркіттің әр жасы теңеледі ақынға. Өйткені ол өзі жырлағандай асқақ та, тәкәппар, биік те, пәк Таулық перзет еді. Ал қыран құс таудың ең биік, құзар шыңына ұя салмай ма. Мұқағали Мақатаев – өзі жырға қосқан қазақтың қара өлеңіндегі ең биік шыңы Хан-Тәңірінде «Мұзбалақ» ақын болып мәңгіге қалып қойды.

Көрерменді арылмас әсерге бөлеген кеш соңында Оңал Азамтова ақынның сөзіне жазылған Елена Әбдіхалықованың «Есіңе менің алғайсың» әні шырқалды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған