Қарағанды облысындағы көпқабатты үйдің құлауының себептері анықталды

Сенім телефондары арқылы алдын ала болжам бойынша Шахтинскідегі үйдің опырылып кетуінің себептері анықталды. Ресми қорытынды әлі жасалған жоқ деп хабарлайды NUR.KZ.

Қарағанды облысындағы көпқабатты үйдің құлауының себептері анықталдыФОТО: ҚР ІІМ ТЖК

Сенім телефонындағы оператордың айтуынша, көпқабатты үйдің күйреуіне ондағы жылу қазандықтарының жарылысы себеп болуы мүмкін.

“Бұл әзірге жасалып отырған болжам ғана. Төтенше жұмыстар әлі де жүргізіліп жатыр. Ресми қорытынды шыққан жоқ”, – дейді желідегілер.

Естеріңізге сала кетсек, 1 қаңтар күні Қарағанды облысында көпқабатты үйдің бір бөлігі құлап түскен болатын. ІІМ ТЖК алдымен екі адам қаза тапты деп мәлімдеп, кейін қайтыс болғандар саны тоғызға жеткен. Сондай-ақ, апаттан әзірге бір адам аман қалған.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған