«Қарт балық» қайтыс болды

Бүгінгі ғаламтор әлеміндегі жаңалықтардың бірі «ең ұзақ жасаған балықтың дүниеден өткендігі» болып тұр. w020170208559518396014Ақпарат көздерінің хабарлауынша АҚШ-тың Чикаго қаласындағы Shedd аквариумында 1933-1934 жылдардан бері бағымда тұрған «балық атасы» салмақты аурудан өлген. Аквариум басшысы Бриджит Кафлин мырзаның айтуына қарағанда 90-нан асып өмірден өткен бұл қос мекенді балық, 1933 жылғы Чикаго халықаралық көрмесі кезінде Еуропадан жеткізілген екен. Қазірге дейін 1 миллионнан астам адамның көз айымына айналып үлгеріпті. Қос мекенді балық тұщы су балығы болып есептеледі. Желбезекпен де, өкпемен де тыныс ала-алатын мұндай балық, ғалымдардың айтуынша 100 жастан артық жасайтын көрінеді.

«Ел ана» ақпарат

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған