Қарғыстың әсерін қараңыз

Қарғыс айту – Исламда шетін мәселе. Біреудің қарғысына қалмас үшін де және біреуді қарғаған кезде де өте абай болу керек. Себебі қарғыстың әсері өте күшті. Егер қарғыс айтылған адам сол қарғысқа лайық болса, ол қарғыс оған әсер етеді. Егер ол адам қарғысқа лайық болмаса қарғыс айтқан адамның өз басына келіп, өзіне әсер етуі мүмкін.

Сахаба Әбу Дарда Алла елшісінің мына сөзін жеткізген: «Адам қарғыс айтқан кезде ол көкке көтеріледі, сол кезде аспанның есіктері жабылып қалады. Сонда ол жерге түседі, сонда жер де жабылып қалады.Сонда ол қарғыс кімге қатысты айтылса соған барады. Егер ол адам сол қарғысқа лайық болса соны жаралайды. Ал егер әлгі адам оған лайық болмаса қарғыс айтқан адамның өзіне келіп, өзін жаралайды».

Ihsan.kz

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған