Қасиет қонған кісілік иесі.        

Қазақ сөзіндегі «киелі» ұғымының мағынасы М. Қашқаридің «Түрік сөздігінде» «KИЕ – қасиет қонған «кісілік» деп түсіндіріледі.

Айтар ойымды әріден бастап, аз ғана артқа шегініс жасайын :

1992 жылдың күз айы. Көптен мазалап жүрген сырқатыма ем іздеп орайы келіп «Меркі» шипажайына жол тарттым. Шипажай Меркі ауданының таулы аймағында тамаша табиғаттың аясында орналасқан екен. Жан-жақтан келген емделушілермен таныса келе , шипажайда алақаны шипалы , уқалау, нүктелік емдеу тәсілін жақсы меңгерген сынықшы маман бар екендігін , ол кісінің басқа да ауру түрлерін емдеудің тәсілдерін жақсы меңгерген, көпке танымал емші екендігінен мағлұмат алдық.  Емдеуші дәрігерден тиісті ем-шаралар түрін жаздырып алдым да , аяңдап жоғарыдағы сынықшы маманның емдеу тәсілін көзбен көрмек болдым .Кабинетінің алдында емделушілер баршылық екен. Сынықшы жігіттің атағы ел асып алысқа жеткенін,  мұндай қасиет анасынан берілгенін қызу талқыласып отырған емделушілердің жылы лебіздерімен бөлісіп отырды. Кезегі келген емделушімен бірге кіріпемдеу процесіне қатысуға рұқсат сұрадым.  Орта бойлы, көзі өткір , ақ сары отыздар шамасындағы жігіт артық сұрақ та қоймай , үнсіз рұқсатын беріп, бірден ем-шара жасауды бастап кетті.

Сынықшы дәрігер Орынбаев Әбдікерім

Аз күнде шипажай емделушілері сынықшы емшінің шипалы алақанынан  алған емнің нәтижелері жайлы  қызу  бөлісіп жатты. Жол апатынан қалған небір қисық біткен сынықтарды қалпына келтіргенін, құяң , тұз жиналған түрлі дерттердің аз күнде нәтиже беріп жатқанын , үйіндегі Анасының емшілік қасиеті жайлы да таңғажайып оқиғаға толы әңгімелер емделушілердің назарын аударды..

Әбдікерім аз сөйлеп . көп еңбектенгенді ұнататын салмақты жан екен . Мектеп бітіргеннен кейін  Қазақтың мемлекеттік университетінің тарих пәні  мамандығын алып мектепте  мұғалім ,  милиция қызметкері , поезда жолсерік  біраз мамандықты игерген жан болған. Балуан , спорт   шебері . Жұмыстан бос кездерінде анасы емші Бүбірайым апаға көмектесіп  емшіліктің сыры мен қырын игеріп жүрді.

Емші Бүбірайым апа ұлы Әбдікерім , немересі Қайыржанмен

Анасы Бүбірайым Орынбаева ұлты қырғыз , Қырғызстан Қарақол өңірінің тумасы . Әкесі тақуа, имам  ғұлама молда , тамыр ұстаған ,емшілік қасиеті болған  өңірге танымал жан болған екен .  Бүбірайым апа 13 жасынан кісі емдей бастапты.  Алдына келген жандардың   тамырын  ұстап  отырып аурудың диагнозын  қоя білген. Қол-аяғы зақымданғандардың сынықтарын бір салғаннан аяққа тұрғызып жіберетін болған !. Емдеу әдісінде  негізінен сүлік салу әдісін қолданған. Түрлі дәрілік шөптерді қолданып, қолдан «шақар»  сабын жасап       ( апа сабынды осылай атаған екен)  түрлі тері ауруларын емдеп жазып отырған . Бала көтермей алдына келгендерге ем қонып балалы болғаны қаншама ! Обыр ауруларының алғашқы кезеңін , балалардың сал ауруы , экзема , псориаз , тіпті дәрігерлер бас тартқан аурулардың жазылып қатарға қосылғаны да жетерлік болған. Ең ерекшелігі сол , аурудың себебін анықтап барып емге кірісетін болған 

Апаның немересі, Әбдікерімнің қызы Айнұр дәрігердің естелігінен : 

Әбдікерім қызы Айнұрмен 

Бірде Алматыдан екі қолы білегіне дейін жара басып кеткен екен ғалым , профессор  кісі келді. Апа әлгі кісіге : « сен ғалымсың, біраз оқуды тауыстың, мен қарапайым емшімін, маған сеніп келдің бе? , дейді. Профессор дәстүрлі емнің барлық түрінен өткенін, еш нәтиже бермегенін, емшінің алдынан өткен жандардың нәтижелерін естіп жазылуға үміті бар екенін жеткізеді. Бүбірайым апа ; ендеше мен саған ауруыңның  қоздырушысын көзіңе көрсетемін , сосын  барып емге кірісемін деді.  Жүйке тозғанда қанның құрамы  бұзылады . Бұл құрт ауруы  ( псориаз)  , оның қоздырушысы құрт деді де ,  инені отқа қыздырып алып алақанындағы жараға тигізді. Жарадан жіп-жіңішке аппақ құрт шықты . Біраз күн ем қабылдаған ғалым дертінен айықты !  Апа бұл ауруға ешкінің бүйрек майы мен  күкіртті пайдаланатын .

Бүбірайым апа , келіні  Ханипа,немерелері Қайыржан мен Айнұр

Күндердің күнінде Бүбірайым апа оқыстан жазым болып аяғы он екі жерінен сынып, ауруханаға түседі. Ауруханадан екі күн өткен соң апа үйге шығып аяғын уқалап отырып сынығын салып төрт жағынан қатты қағазбен бекітіп байлап тастады. Бір ай уақыт өтіп, рентгенге түскенде сынықтан із қалмағанының кәусі болған дәрігерлер  Бүбірайым апаның қасиетіне таң болған ! Жасы да  келіп, алған жарақатынан біраз жатып қалған апа Әбдікерімге : «балам, осы  уақыт ішінде біраз мамандықтың басын шалдың. Бір жағымда жүріп біраз тәжрибе жинақтадың . Алла берген қасиетті мойныңа алып ары қарай менің жолымды жалғастыратын мезгіл жетті»  деп Әбдікерімге батасын берді. Көп ұзамай Бүбірайым апа сексен жасынан асқанда дүниеден озды.

Толассыз келіп жатқан емделушілерді қабылдап ем-шара жасау үшін арнайы медицина мамандығын игеру мақсатында Әбдікерім Тараз медицина училищесінде оқи жүріп өз алдына кісілерді емдеп жүрді. Училищені бітіріп еңбек жолын «Мерке» шипажайында жалғастырды. Шипажайда жиырма жылдан аса жұмыс істеген Әбдікерім 56 жасқа қараған шағында жол апатынан  өмірден өтті.  Артында бір ұл мен бір қызы қалды.

Өткен жылдың аяғында  біраз күн ем қабылдауға   « Мерке» шипажайына  жол түсті. Емделушілерден шипажайда  Әбдікерім емшінің ұлы  Қайыржан мен қызы Айнұрдың жұмыс істеп жүргенін естіп , олармен сұбхаттасуды жөн көрдім.Айнұр “Мерке” шипажайында жұмыс орнында

Айнұр Тараз медицина колледжін бітіріп шипажайда және аудандық ауруханада жедел жәрдем бөлімінде жұмыс істеп жатыр екен. Ал Қайыржан бала кезінен әкесі Әбдікерімнің жанында ем жасау процесіне қатыса жүріп хирург мамандығын игеруді армандаған екен. Шымкент медицина колледжінің фельдшер мамандығы бойынша оқуын тамамдап, әскер қатарына алынады.

Әскер қатарындағы Қайыржан жұмыс үстінде

Медицина ротасында әскери қызметін атқарып , елге келген соң «Мерке» шипажайына жұмысқа алынады.

Қайыржанның шипалы алақанынан талай ауруларға ем қонып ,  жылдың он екі айында алдынан кезек үзілмейді екен. Үйінен де емделушілер тиісті ем-шараларын алып жатады. Анасы Ханипа Қожабаева да әжелерінен қалған емдік тәсілдерді қолданып түрлі тері ауруларына ем жасайды. Қайыржанға алыс-жақын жерлерден ем жасауға шақырулар үзілмейтін көрінеді .  Өскемен –Риддерге , Қостанай , Рудный , Қарағанды, Атырау ,Ақтау, Орал, Алматыдан  емделушілер жиі шақырады дейді. 

Қайыржан шипажайда жұмыс орнында

Қайыржанмен біраз әңгімелесудің реті келді. Оған себеп шипажайда бірге болған Астана қаласынан келген Сәуле есімді емделушінің « басымнан жарақат алып , денемнің барлық мүшесі дерлік ауырғанына жиырма жылдан асты. Бармаған дәрігерім,алмаған ем қалмады. Қайыржанның ем жасаған бірінші күні көзім ашылды , әлемді өз қалпында көру бақытына ие болдым»! , деген ризашылыққа толы сөзі болды. Қайыржан атына заты сай, аса ыждахатты , мінезге бай , кісінің көңіліне қарап үлкенге ізет көрсетіп тұратын тәрбиелі жан екен .  Жан-жақтан келген емделушілер шипажайдан алдымен Родон шипалы суына , Қайыржанға бола келеміз дейді. Тіпті жылына алты айдан соң қайта келіп емделі ем алып жатқандар да баршылық екен ! Қайыржанның бес баласы бар . Жолдасы мұғалім. Бауыры Айнұрдың әкесіз қалған үш ұлының тәлім-тәрбиесіне барлық материалдық жағдайына  қарап және оны өзінің міндеті деп санайтын нағыз азамат екен ! Аудандағы «Жетімдер үйі» тарағанда екі-үш бала асырап алғым келді, үлгере алмадым елдер алып кетіпті деп өкініш білдіруі оның үлкен адамгершілік иесі екенін көрсетеді !

Алтынның сынығы , тұлпардың тұяғы  – қасиет қонған кісілік иесі Қайыржан осындай азамат !

Емдеу сәтінен 

Қазақ әйеліне тән ұяң , жүзінен мейірім шуағы төгіліп тұратын   Айнұрмен де әңгімелестім ,  біраз сырларымен бөлісті. Алты жасынан әжесінің, әкесінің ем жасау кәсібі көз алдында өткендігі, Бүбірайым апаның «түбі менің қасиетімді сен ұстарсың» деген өсиетін  өзіне міндет етіп алғанын , қолы бос кезінде Қайыржанға сүлік салуға , басқа да ем шараларды жасауға көмек беретінін айтты. Бойында бар қасиет атқарып жүрген қызметіне тигізер пайдасы көп екендігін де айтады.  Айнұр  ортасына сыйлы , тәрбиелі тәлімді жан екен. Оқырман қауыммен бөлісіп отырған осы әңгіменің  көпшілікке жол тартуына негізгі себепші Айнұр болды.

 Фельдшер Айнұр Әбдікерім қызы

Айнұрдың  жоғарыдағы қызықты деректерді күні кеше болғандай әсермен айтып , әжесіне , әкесіне деген сағынышын ерекше толқумен жеткізгені сонша , қолыма қалам алып айтулы әулет жайлы оқырман қауыммен бөлісуді жөн көрдім. Мейірімі шексіз Алланың  ананың ақ сүтімен берген қасиеті осылайша жалғасып келеді…

Әбдікерім бауырымыздың әулетінің  шипалы алақандарымен халықтың алғысына бөленіп алып жатқан ақ баталарын Алла қабыл алсын ! Қанаттарын кеңінен жайып , өркендері өсіп , Алланың рахметі жаусын !

Түйін :

Атадан балаға жалғасып келе жатқан киелі қасиеттің  қадіріне жетіп, көзінің қарашығындай сақтап  қиындықтарына мойымай  шипалы алақандарынан ем қонған халықтың алғыстарына ие болып жүргендер баршылық. Әйтсе де, ақпарат құралдарында көбіне байыбына бармай сынға ұшырап жатқан емшілерге араша  түсу емес, расында құдіреті шексіз Алланың адамзатқа берге сыйы – осындай киелі қасиеттің бар екенін растайтын нақты дәлелдерді көзбен көргенімді жеткізгім келді.

Адам баласының тілейтіні денінің саулығы , ар мен тән тазалығы , рухы асқақ ұзақ та  мәнді өмір.  Жақсы ойлап , тек жақсы тілекте болған жанның  жан жылуы  жан-жағына шуағын төгіп жүреді. Осындай тіршілік бар жерде несібе де, ырыздық та, игілік те, бақыт пен берекеде болады !

Салима Қасымбек

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған