Қонаев: «Қараң қалған билік қайтып оңалмайды»

 Шетелдік зиялы қауымның аузымен айтылған афоризмдерін әлеуметтік желідегі парақшамызға салып қойғанға шеберміз. Дәл содан артық болмаса, кем түспейтін қазаққа қымбат адамдардың қанатты сөздері мен ой-пікірлері қаншама. Тек жарнамасы аз. Айталық, мына сөздерді Дінмұхамед Қонаев айтып кеткен екен. 

Бүгінгі күн – кешегі күннің шәкірті.

***

Жалада шындық болмайды.

***

Сатыға аяқ салмай жатып, баспалдақтан аттама.

***

Қанмен сіңгенді қасиеттемесең, қадірің болмайды.

***

Өмірдің екі тірегі: үйренуден жалықпау, үйретуден аянбау.

***

Ақиқаттан аттап кету – арға сын.

***

Орынды сын ойлантпай қоймайды.

***

Адамға жазаның ең үлкені – жұмыссыз қалдыру.

***

Адам айнасы – адам.

***

Тәуелсіздіктің жүгі ауыр.

***

Қараң қалған билік қайтып оңалмайды.

***

Бітімі қисық ағаштың көлеңкесі де өзіндей болады.

***

Адамдық қалыпты биік ұстау – кімге де болса үлкен сын. Адамгершілік деген асыл қасиетті аласартып алмасақ екен. Өмір өзегі осы, азаматтық жолы да осы.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған