Қордайлықтар ішімдіктен бас тартты

Жамбыл облысы, Қордай ауданында жергілікті ақсақалдар кәсіпкерлер мен тұрғындарға алкоголді ішімдік өнімдерін сатпауларын өтінген. Бұл туралы Экспресс К басылымы хабарлайды.

Аудандағы бірнеше ауылда біраз жылдардан бері дұнған ұлтының өкілдері өмір сүріп келе жатыр. Олар жарты ғасырдан астам уақыт бұрын Қытай елінен қоныс аударып келген. Бұл диаспора дәстүрлі құндылықтардың мұртын бұзбай сақтауға тырысып келеді. Сол себепті, ақсақалдар адамды тура жолдан тайдыратын ащы судан халық болып бас тартуды ұсынған.

«Ақсақалдар өскелең ұрпақ алкоголге бас қойып, ішімдік торына түспеуі тиіс деді. Үлкен кісілер мен имамдар кәсіпкерлерге өтініш жасап, дүкендерде арақ пен темекі сатпауды сұрады. Кәсіпкерлер аталған ұсынысқа бірден келісіп, арақ өнімдерін саудалаудан бас тартып отыр. Ал кей дүкендерде темекі әлі сатылуда» дейді Жамбыл облыстық Дұнған мәдени орталығы ассоциациясының жетекшісі Руслан Исмазов.

Дереккөз: E-ISLAM 

 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған