Қостанай облысында прокуратуралық тексерістен соң дәрігерлерге 25 миллион теңге төленді

Қостанай облысында прокуратура тексерісінен кейін дәрігерлерге өткен жылдардың емдік жәрдемақылары төленді

Ұзынқол аудандық ауруханасының 164 медицина қызметкеріне 2014-2015 жылдары төленбей қалған жәрдемақының соммасы 25 миллион теңгені құраған. Қадағалау органы мұны аурухана қызметкерлерінің әлеуметтік құқын өрескел бұзу деп танып, аурухана жетекшілігінен жағдайды түзеуді талап еткен.

Ведомствоның баспасөз хатшысы Алма Нұрсейітованың айтуынша, дәрігерлер прокурорлардың әлеуметтік құқықты қорғау бойынша өткізген тексерісі кезіндегі кәсіби әрекетіне жоғары баға берген. Биыл Ұзынқол ауданында жалпы 1792 тұлғаның конституциялық құқы қорғалып, соның ішінде 81 миллион теңге еңбекақы төленд

“Алау.kz”

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған