Қос облыс байланыстарын нығайтты

Өңір басшысы Даниал Ахметов бастаған Шығыс Қазақстан облысының делегаттар тобы Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келді. СҚО әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша,  Солтүстік өңірімен танысу жұмыстары «Green park» демалыс орнынан басталды. Бұл демалыс аймағы былтырғы жылдың желтоқсан айында ашылған болатын. «Green park» аумағында монша, бассейн, күркелер, амфитеатр, балалар ойын алаңы орналасқан, ал қысқы уақытта бұл жерде шаңғы және шананы жалға алуға болады.

Әрі қарай қонақтар Спорт сарайына барды. Делегаттар тобы жеңіл атлетикалық манеж бен хоккей кортында болып, солтүстікқазақстандық спортшылардың оқу-жаттығу барысымен танысты. Конференц-залда қос облыс өкілдерінің қатысуымен екіжақты кездесу өтті. Өңір басшысы Ерік Сұлтанов қонақтарды қарсы алған соң, Шығыс Қазақстан облысы Солтүстік Қазақстан үшін ірі өндірістік қуатқа ие, маңызды сауда-экономикалық әріптес екенін атап өтті.

«Шығыс Қазақстан облысынан жыл сайын 12%-ға дейін (3,5 млрд.теңге) өнім біздің өңірге тасымалданады. Бұлар негізінен автокөлік, ауыл шаруашылығы саласына қажетті тракторлар, ет және субөнімдер, құрылыс материалдары», – деді Ерік Сұлтанов.

dsc_6752

Айта кету керек, ағымдағы жылдың маусым айында Солтүстік Қазақстан облысының Өскемен қаласына жұмыс сапары барысында екі жақты ынтымақтастықтың қарқынды дамуына мүмкіндік беретін келіссөздер жасалған болатын. Кездесу аясында табысты келісімдер жасалып, тараптар бірқатар құжаттарға қол қойған болатын. Осы уақыт аралығында кәсіпорындары жалпы сомасы 60 млн. теңгеден астам қаражатқа келісім-шарт жасаған.

«Мұндай кездесулер ынтымақтастықты дамытуға үлкен мүмкіндік береді. Солтүстік Қазақстан өңірі бұл байланысқа қызығушылық танытып отыр. Өңіраралық байланыс нығайған сайын, өңірлердің экономикалық әлеуеті де қарқынды түрде дамитын болады», – деді Ерік Сұлтанов.

Өз кезегінде Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов бүгінгі кездесу өңірлер арасындағы стратегиялық ынтымақтастықтың жаңа кезеңі екенін атап өтті.

«Солтүстік Қазақстан облысы агротехниканың үздік үлгілерін көрсетуде. Мен солтүстікқазақстандық шаруалар әлемдік ауыл шаруашылық саласында бәсекеге қабілетті екеніне күмәнім жоқ. Солтүстік Қазақстан облысының индустриялық өндіріс кешені бәсекеге қабілетті және сапалы азаматтық қана емес әскери-технологиялық мақсаттағы өнім де өндіреді. Шығыс Қазақстан – еліміздің индустриалды орталығы. Біздің өңірде мақтануға тұрарлық инновациялық технологиялар бар. Өңір байланыстарын сақтап, дамыту үшін қазірден бастап инвестициялық жобаларды жүзеге асырудыекіжақты ынтымақтастық шараларына қосу қажет», – деді Даниал Ахметов.

dsc_6934

Әрі қарай екіжақты ынтымақтастықтың болашағы туралы қатысушыларға Солтүстік Қазақстан облысының кәсіпкерлік және туризм басқармасының басшысы Евгений Глотов ақпарат беріп өтті.

«ПАМЖЗ» АҚ 2016 жылы «Өскемен титан-магний комбинаты» АҚ-мен жылытқыштарды жеткізу жөнінде келісім-шарт жасаған болатын. 2016 жылы «Мұнаймаш» АҚ «АрбатВостокСервис» ЖШС үшін шайқау машиналарын шығарды. «Қазмұнайгазмаш» АҚ келісім компаниясы «Арм Сауда» ЖШС-мен тиекті арматура жеткізу бойынша келісім жасады», – деді Евгений Глотов.

Ауыл шаруашылығы саласында, нақты айтсақ, маркетинг, брендтеу, бал шаруашылығының дайын өнімін өткізу, күнбағыс дәнін жеткізу бойынша да ынтымақтастық жасалған. Сауда саласын дамытудың да жақсы мүмкіндіктері бар. Солтүстік өңірінің кәсіпорындары Өскемен, Семей сауда жүйелерінде өз өнімдерін өткізеді. Бұдан бөлек, СҚО-да тұрақтандыру қорын құру мақсатында көтерме саудамен айналысатын кәсіпорындар ШҚО-ның тауар өндірушілерінен өсімдік майын сатып алуда.

dsc_6950

Екіжақты ынтымақтастық тақырыбын одан әрі Шығыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік пен индустриялды-инновациялық даму басқармасының басшысының міндетін атқарушы Мақсат Мүсәпірбеков жалғастырды. Өз баяндамасында мекеме өкілі индустриалды кластерге үлкен назар аударды.

«Шығыс Қазақстан облысының өндірістік әлеуеті зор, сондықтан тек қана Қазақстанның өңірлеріне ғана емес ТМД елдері мен алыс шет ел нарығына шығуға мүмкіндік береді. Тұрғындардың өмір сүру деңгейіне әсер ететін салалардың ең маңыздысы – өндіріс саласы және ол ЖӨӨ-нің 29,6 %-ын, сауданың 14%-ын, ауыл шаруашылығының 9,6 %-ын құрайды. Өндіріс өнімін өндіру көлемі жыл сайын артып келеді. Соңғы 10 жылда 2,5 есеге артқан. 2015 жылы өндіріс өнімінің көлемі қолданыстағы баға бойынша 1 триллион 21 миллиардты құрады. Физикалық көлем индексі 92,6 пайыз. 2016 жылдың қаңтар-тамыз айлары бойынша өндірістік өнім көлемі 927 миллиард теңгені құрады», – деп атап өтті Мақсат Мүсәпірбеков.

Кездесу барысында сөз сөйлеген «Петропавл трактор зауыты» БК» ЖШС-ның бас  директоры Сергей Шинкаренко қонақтарға солтүстікқазақстандық «Батырды» таныстырды.

«Бүгінгі таңда біз бұл тракторларға екпе кешенін жасап жатырмыз. Бұл жұмыстарды қараша айында аяқтаймыз деп ойлаймын. Жыл соңына дейін тағы 10 трактор шығарамыз. Алдағы уақытта зауыт жылына 100 техника жасауы қажет. Біз өз өнімімізді ШҚО-ға тасымалдауға әзірміз. Қанша қажет болса, соншасын жеткіземіз. Еліміздің аграрлық өңірі ретінде бізді ең алдымен өнімнің сапасы, бағасы мен сапасының сәйкестігі, жөндеуге жарамдылығы, кез келген климаттық ортада жұмыс істеу мүмкіншілігі қызықтырады. Аталған талаптың барлығына біздің «Батыр» сай», – деді Сергей Шинкаренко.

Машина жасау саласы бойынша өзара тиімді ынтымақтастық жөнінде «Daewoo Bus Kazakhstan» ЖШС директоры Асемқан Досқожанов ақпарат беріп өтті.

«Біз автобустардың 5 моделін шығарамыз. Кәсіпорын жылына кем дегенде 1000 автобус шығарады. Бұл көрсеткіш біз Қазақстанды түгелдей бағасы бойынша қытайлық, ал сапасы бойынша еуропалық автобустармен бәсекелесе алатын көлікпен қамтамасыз ете аламыз дегенді айғақтайды», – деді Асемқан Досқожанов.

Кездесуді қорытындылай келе Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне берген сұхбатында ең алдымен машина жасау саласында ынтымақтасуға мүдделі екенін жеткізді.

«Өңіраралық ынтымақтастықтың алғашқы қадамдары жасалды, Өскемен титан-магний комбинаты ПАМЖЗ-ға тапсырыс берді. Ендігі кезекте бұл жұмыстарды әрі қарай жандандыру қажет, Солтүстік Қазақстан облысының тапсырыс қабылдауы ал, Шығыс Қазақстан үшін Солтүстік Қазақстан облысының кооперацияда жұмыс істегені маңызды. Сондықтан бұл мақсатта облыстар бір-бірін табысты толықтырады. Солтүстік Қазақстан облысында сапалы ауыл шаруашылығы машиналары жасалатынын білеміз. Біз мұннан финдік «САМПО» комбайндарын сатып алатын боламыз», – деді Даниал Ахметов.

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Солтүстік Қазақстанда қуатты ауыл шаруашылығы кластерін құру жоспарланғанын атап өтті. Өңірде трактор, комбайннан бөлек, алдағы уақытта тұқым себетін машиналар да жасалмақ.

«Біз Шығыс Қазақстан облысына өсімдік майын өндіру үшін майлы дақылдарды тасымалдау мүмкіндігін қарастырудамыз. Шикізатты тасымалдау арқылы дайын өнімді алсақ дейміз. Ауыл шаруашылығы саласында да іргерілеулік бар. Біз осы жылы бес жүз бас ірі қара мал саттық. Бұл бағытта екі өңірдің де табысты дамуы үшін қолда бар қор жеткілікті. Бұл жұмыстардың барлығы Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың тапсырмасы бойынша жүзеге асырылуда. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасатын болады», – деп атап өтті Ерік Сұлтанов.

dsc_6864

Кездесуден соң қонақтар Солтүстік Қазақстан облысының кәсіпорындарымен танысты. Бірінші нысан «Сүтөнімі» ЖШС болды. Мұнда пастерленген сүттің 25 түрі өндіріледі.

Содан соң делегаттар тобы «РимҚазАгро» ЖШС-на барды. Жылдам әзірленетін тағам өндірісінде картоп ботқасы мен жылдам даярланатын сорпаның бірнеше түрі шығарылады.

Сондай-ақ шығысқазақстандықтар өңірдің ірі зауытының бірі «ПАМЖЗ» АҚ-да болды. Мұнда екіжақты ынтымақтастық туралы толық талықлаулар өтті. Шығыс Қазақстан облысының делегаттар тобы жабық хоккей кортымен де танысты.

                           dsc_7039   dsc_7018

«Келісім мен жасампаздықтың 25 жылы» ұранымен өткізіліп жатқан Солтүстік Қазақстан облысындағы Шығыс Қазақстан облысы күндері бағдарламасы аясында келушілер археологиялық артефакт эскпозициясын, «Шығыс Қазақстан суретшілері. Уақыт портретіне штрихтар» картинасын, сондай-ақ фотокөрмені  тамашалады.

                       dsc_7119  dsc_7078

Шығыс Қазақстан облысының Солтүстік Қазақстандағы күндері аясындағы кездесу Шығыс Қазақстан облысының  шығармашылық ұжымы ұйымдастырған «Алтын Алтай» гала-концертімен аяқталды. Концерттік бағдарламада бал және халық биі мен классика, джаз жанрында орындалған әндер көрерменнің ыстық ықыласына бөленді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған