ҚР Бас Прокуратурасы: Жер мәселесіне қатысты шаралар БАҚ-та жарияланып отырады

Кеше Бас прокуратурада Жақып Асановтың төрағалығымен алқа отырысы өтті, онда жерді өз бетімен басып алуға қарсы іс-қимыл мәселелері талқыланғаны баршамызға мәлім.

Алқаның жұмысына Сенат және Парламент Мәжілісінің депутаттары, Президент Әкімшілігінің жауапты қызметкерлері, «Нұр Отан» партиясының өкілдері, Бас прокуратура жанындағы Консультативтік кеңестің мүшелері, мүдделі орталық мемлекеттік органдардың басшылары, бейнеконференциялық байланыс арқылы – Астана, Алматы қ.қ. және облыс прокурорлары мен әкімдерінің орынбасарлары қатысты.

Жиналыс барысында жер телімдерін заңсыз басып алуға тосқауыл қою жөніндегі Бас прокуратура мен Ауыл шаруашылығы министрлігі бірлесе отырып бастамашылық жасаған жоба таныстырылды.

Жоба жұмысы негізгі үш бағыт бойынша құрылды – жерді басып алуға себеп болатын жағдайларды жою, осындай фактілерді алдын алу жүйесін жетілдіру және жерді басып алумен байланысты жағдайларды құқықтық шешу.

Жоба шеңберінде жер заңнамаларының ережелерін түсіндіру бойынша жұмыс басталды. Бас прокуратура халыққа арналған жер телімдерімен алаяқтық фактілерін болдырмау бойынша жадынамалар әзірледі, онда жер телімдерін беру тәртібі, қалай алаяқтардың құрбаны болмау, келісімдерді қалай дұрыс жасау, қалай жер заңнамасын бұзушыға айналмау бойынша ұсыныстар және басқа да маңызды кеңестер берілген.

Жерге қатысты бұзушылықтардың жолын кесудің тиімсіз жүйесі, жерді бөлу рәсімінде ашықтықтың жеткіліксіздігі жерді өз бетімен басып алудың негізгі себептері ретінде аталып өтілді.

Бас Прокурор атап өткендей, жер әрқашан ең маңызды игілік болған және бола береді, сондықтан біз бірлескен күш-жігерімізбен жеке үй құрылысына арналған жерді пайдалануды тәртіпке келтіруіміз қажет. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша бұл мәселелер біртіндеп шешімін табуда. Бүгінде Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай және Қызылорда облыстарында жер беріліп жатыр.

Бас прокуратура: Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша үй салу үшін жер бөлу проблемасы шешімін табуда

Бүгін Бас прокуратурада Бас Прокурор Жақып Асановтың төрағалығымен алқа отырысы өтті, онда жерді өз бетімен басып алуға қарсы іс-қимыл мәселелері талқыланды. Отырыста жерді өз бетімен басып алудың төмендегі негізгі себептері аталып көрсетілді.

%d0%b0%d1%81%d0%b0%d0%bd%d0%be%d0%b2-%d0%b6-%d0%ba

«Біріншіжасаған істеріне жауапкершіліктің жоқтығы. Қылмыстық кодекстің 201-бабының нормасы қолданылмайды.

Екінші. Әкімдіктер жерлерді уақтылы тексермейді. Өздігінен басып алудың жолын дер кезінде кеспейді және құқық бұзушылар осыны пайдалануды жалғастыруда.

Үшінші. Жерлерді бөлу рәсіміне сенімсіздікпен қарау. Адамдар жердің адал жолмен, тамыр-таныссыз алынатындығына сенбейді.

Төртінші. Жеке тұрғын үй салуға дайын жердің болмауы.

Заң бойынша су және электр жабдықтауы жүргізілген учаскелерді беруге болады. Бірақ, оған үнемі қаражат табыла бермейді. Нәтижесінде азаматтар 10 және одан көп жылдар бойына өз кезектерін күтуде.

Талқылау қорытындысы бойынша Бас прокуратура мүдделі органдармен бірлесе отырып жерді өз бетімен басып алуды болдырмауға бағытталған жоба шеңберінде шараларды іске асыру бойынша кешенді жоспар бекітілді. Аталған шараларды іске асыру барысы туралы мерзім-мерзімімен БАҚ-қа хабарланып тұратын болады.

***

Бас прокуратурада жер телімдерін заңсыз пайдалануды болдырмау жөніндегі жоба таныстырылды

Бас Прокурордың орынбасары Андрей Кравченко алқа отырысында сөз сөйлей отырып, іс-шара қатысушыларын жер телімдерін заңсыз пайдалануды болдырмау жөніндегі жобаның негізгі мазмұнымен таныстырды.

%d0%ba%d1%80%d0%b0%d0%b2%d1%87%d0%b5%d0%bd%d0%ba%d0%be-%d0%b0-%d0%bd

«Жобаның мақсаты – жерлерді өздігінен иеленіп алуға қарсы іс-қимылдың тиімді тетігін құру. Бас прокуратура Ауыл шаруашылығы министрлігімен бірлесе отырып, Іс-шаралар жоспарын әзірледі. Онда мыналар ұсынылады.

Бірінші. Қылмыстық жазалаудың тиімсіз жүйесін қайта қарау. Жерлерді басып алуды Қылмыстық қудалаудың жеке құрамына шығару ұсынылады.

Екінші. Жерлерді басып фактілері бойынша мемлекеттік бақылау рәсімдерін жеңілдету.

Үшінші. Барлық жерде өздігінен басып алуды ерте анықтау жүйесін құру. Ол үшін спутниктің мүмкіндіктерін пайдалану. Ол бойынша заңсыз басып алудың көру және оны дер кезінде жолын кесу оңай. Өздігінен басып алуды жылдам анықтау жүйесін құру бойынша жұмыс басталды.  Ғарыш Сапары ғарыш жүйесі «Жер кадастры» жүйесімен ықпалдастырылған. Пилоттық режимде Астана қаласы бойынша апробация өткізілді.

Төртінші. Осы бағдарламаны толық іске қосқанға дейін жердің пайдаланылуын бақылау жөніндегі басқармалар игерілмеген мемлекеттік жерлерді тұрақты тексеріп тұруы тиіс.

Бесінші. Экономика министрлігі және Ауыл шаруашылығы министрлігімен бірлесе отырып, егер оны мемлекет жүзеге асыра алмаса, онда азаматтарға өз қаражаты есебінен учаскелерге коммуникация жүргізу құқығын ұсыну мүмкіндігін қарастыру.

Алтыншы. ЖТҚ арналған жерлерді беру мәселесінің ашықтық тетігін табу. Жер саудасының бірыңғай электрондық жүйесін және кезектегі адамдардың орталықтандырылған тізілімін құруға жәрдем көрсету қажет. Бұл бүкіл ел бойынша бірыңғай формат бойынша арыздардың есебін жүргізуге мүмкіндік береді.

Жетінші. Әкімдермен бірге үйлер тұрғызылған және онда отбасылар тұрып жатқан өздігінен басып алған жерлер бойынша жұмысты жалғастырамыз. Олар бойынша жұмыс

***

Талқылау қорытындысы бойынша Бас прокуратура мүдделі органдармен бірлесе отырып жерді өз бетімен басып алуды болдырмауға бағытталған жоба шеңберінде шараларды іске асыру бойынша кешенді жоспар бекітілді. Аталған шараларды іске асыру барысы туралы мерзім-мерзімімен БАҚ-қа хабарланып тұратын болады.

Бас Прокуратураның баспасөз қызметі

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған