ҚР Орталық сайлау комиссиясының хатшысы сайланды

ҚР Орталық сайлау комиссиясының отырысында комиссия мүшесі Сәбила Сапарқызы Мұстафина ротация тәртібімен Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының хатшысы болып сайланды.

2017 жылғы 15 маусымда «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» ҚР Конституциялық заңының 11 бабының 2-тармағына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Осыған сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының хатшысы ОСК отырысында сайланады.

Айта кетерлігі, бұған дейін 10 жыл бойы осы қызметте болғанн Бақыт Мелдешов комиссиядағы қызметін ОСК мүшесі ретінде жалғастыра береді. Бұл ақпаратты комиссияның баспасөз қызметі таратты.

http://elorda.info

One thought on “ҚР Орталық сайлау комиссиясының хатшысы сайланды

  • 19.07.2017 at 18:34
    Permalink

    Абырой мен сəттіліктер болсын !

    Reply

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған