ҚТЛ-дердің атын өзгертуге қатысты баспасөз xабарламасы

Қазақстанды «Ұлы Дала елі» деп атау жөніндегі сындарлы бастама да, «Мәңгілік Ел» атану туралы ұлттық идея да қоғам тарапынан қызу қолдау тапқаны, біз үшін де үлкен мәртебе.

Ұлт көшбасшысының тікелей қамқорлығының арқасында Қазақстанда «KATEV» халықаралық қоғамдық қоры еліміздің білім беру саласындағы өзіндік орнын тапты деуге болады. Осының нәтижесінде қазақ-түрік лицейлерінің жұмыстары жанданды.

Қор басшылығының (Қордың Құрылтайшылар кеңесі мен Қордың Ғылыми-әдістемелік кеңесі), ҚТЛ білім алушыларының ата-аналар қауымдастығы, лицей директорларының шешімімен ҚТЛ атауына «ребрендинг» жасау, яғни білім беру ұйымының қоғамдағы орны мен мәртебесін жайлы жайғастыру мақсатында атын ауыстыруды, және де оны Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойына орайластырып, атауын«Білім-инновация лицейі» деп өзгерту туралы бастама көтеріп отыр.

Сонымен қатар, ҚР Премьер-министрінің орынбасары И.Н.Тасмағамбетовтің Қордың Қамқоршылық кеңесінің төрағасы, ал ҚР Білім және ғылым министрі Е.К.Сағадиевтің аталған кеңестің мүшесі атануы және ҚР БҒМ өкілдері мен Қордың бұрынғы белсенді мүшелерінің қатысуымен Қор жұмысының жаңа бағыт, жаңа қадамдар, тың идеяларды жүзеге асыруына мол мүмкіндік беретіні кәміл.

Анықтама: «KATEV» халықаралық қоғамдық қоры Қазақстан мен Түркия арасындағы білім беру саласындағы екіжақты ынтымақтастықты дамыту мақсатында екі елдің Президенттері Н.Ә.Назарбаев пен Т.Өзалдың тікелей қолдауымен құрылған.

Қазіргі таңда «KATEV» ХҚҚ басқаруында 27 мемлекеттік қазақ-түрік лицейлері бар.

Қор Қазақстан Республикасы Заңнамасына, халықаралық нормаларға, сондай-ақ, құрылтайшылар арасындағы Жарғы ережелеріне сәйкес қызмет атқарады.

Қордың құрылтайшылар құрамы үш адамнан тұрады, барлығы Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылады.

 

Қазақ-түрік лицейлері осы 24 жыл бойы еліміздің білім беру саласын жаңа сапалық деңгейге көтеру тұрғысында, оны халықаралық аренада абыроймен  атқарып келеді.

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың көреген саясатының арқасында Қазақстан дамудың даңғыл жолына түсіп, жүрер жолын айқындап, бағыт-бағдарын нақтылап алды. Бірлігі жарасқан еңселі елді дүниежүзі таныды, оны танытуға біздің Қорға қарасты лицейлердің  қосар үлесі мол деп ойлаймыз. Оған мысал, 2015-2016 оқу жылы оқушылардың жетістіктері:

Халықаралық пәндік олимпиадалар – 129;

Халықаралық ғылыми жоба жарыстары – 238;

Республикалық пәндік олимпиада – 253

Республикалық ғылыми жоба жарыстары – 62.

Ал, алдыңғы қатарлы оқу орындарына түсу бойынша 2015-2016 оқу жылында ҚР ЖОО-ына (гранттар) 821 түлек түскен.  Назарбаев Университетіне – 148, ТМД және алыс шет елдердің ЖОО – 267 бітіруші қабылданған.

Баспасөз хатшы Қанат Сапарғали

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған