Қызылқоға ауданында ардагерлердің семинары өтті

Атырау облысындағы Қызылқоға ауданының орталығы Миялы селосында республикалық ардагерлер ұйымының VII съезінің және облыстық ардагерлер ұйымының VII есеп беру-сайлау конференциясының шешімдерін жүзеге асыруға бағытталған «Съезд талабы – ардагерлердің  белсенділігі» деген тақырыпта облыстық көшпелі семинар-кеңес өткізілді.

         Семинар жұмысына қала, аудандық ардагерлер кеңестерінің, облыстық кеңестің тұрақты комиссияларының, салалық, бастауыш ұйымдардың төрағалары, ардагерлерге қатысты облыстық, аудандық басқармалардың, бөлімдердің басшылары, ауылдық округ әкімдері, Қызылқоға ауданының  ардагерлер активі, БАҚ  өкілдері қатысты.

%d1%81%d0%b5%d0%bc%d0%b8%d0%bd%d0%b0%d1%80%d0%b4%d0%b0

         «Ардагерлер ұйымы республикалық қоғамдық бірлестігі VII съезінің  және облыстық ардагерлер кеңесінің VII есеп беру-сайлау конференциясының шешімдерін жүзеге асырудағы  облыстық ардагерлер ұйымдарының  міндеттері туралы»  облыстық ардагерлер кеңесінің  төрағасы  Ризуанов Қатимолла Ризуанұлы баяндама жасады.

         Баяндамада атап көрсетілгендей, облыста съезд алға қойған міндеттерді жүзеге асырудың барлық алғы шарттары жасалуда. Ардагерлер  қозғалысын терең талдау негізінде зейнеткерлердің құқын және  мүдделерін қорғаудың, материалдық жағдайларын жақсартудың, жастармен патриоттық  жұмысты жетілдірудің,  өңірде тұрақтылық пен бірлікті сақтаудың  негізгі  басымдылықтары анықталды.

         Есепті кезеңде облыстағы ардагерлер ұйымының  құрылымы  онтайландырылды, соңғы 5 жылда бастауыш ұйым саны 141-ден 249-ға  жетті. Бұл оң құбылыс сайланбалы активпен байланысты  басқару тетіктерін жақсартуға мүмкіндік берді.

         Облыстық ардагерлер активінің іскерлігін, біліктілігін жетілдіру мақсатында Индер, Мақат, Құрманғазы, Жылыой аудандарында 1 не 2 күндік  семинарлар өтті. Қажетті құжаттар, ұсынымдар  көбейтіліп, үлестірілді. Балықшы аймақтық ардагерлер ұйымы төрағасының, Махамбет ауданы  Алмалы селолық округі бастауыш ардагерлер ұйымының  іс-тәжірибелері   әдістемелік құрал, кітапша болып таратылды. 5 мүдделес облыстық басқармамен бірлесе жұмыс жасау жөнінде өзара меморандум жасалды.

         Облыста қарт адамдарды әлеуметтік қолдаудың әр түрлі  шаралары іске асып келеді. 2016 жылы әлеуметтік қолдау айлығында 31 мың адам қамтылып, оларға 38 млн. теңгенің көмегі көрсетілді.

         2016 жылғы 19-21 қазанда Атырау қаласында республикалық ардагерлер ұйымдарының «Елімізде экстремизм мен терроризмге қарсы күреске тың серпін беру мәселелеріне» арналған семинары жоғары ұйымдық дәрежеде өткізілді. Орталық Кеңестің  басшылығы, республиканың барлық облыстарынан, Астана, Алматы  калаларынан келген ардагерлер кеңестерінің төрағалары  өңіріміздің әлеуметтік, экономикалық, мәдени даму тынысымен, ардагерлер ұйымдарының жұмыстарымен  кеңінен танысып, жүзеге  асып жатқан  игі  істерге тәнті болды.

         Әсіресе, «Луговский  жылқы зауыты», «Атырау  Агро  Феликс», «Caspiy Lana Атырау» ЖШС өндіріс орындарының  инновациялық  бағыттағы жетістіктері аймаққа тың  серпін екендігі пайымдалды. Өзге өңірлерден келген ардагерлер өкілдері жергілікті теледидар арқылы немесе студенттер мен оқушылар алдында, педогогикалық ұжымдарда сөз сөйлеп, сан салалы сұрақтарға жауап берді.

      %d0%b0%d1%80%d0%b4%d0%b0%d0%b3%d0%b5%d1%80%d0%bb%d0%b5%d1%80-%d2%af%d0%b9%d1%96   Жас ұрпаққа патриоттық тәрбие беруде біраз оңды тәжірибе  қалыптасты. Республикада алғашқылардың бірі болып  25 мың  боздақтың есімі «Естелік қабырғаға» жазылды. Жерлестеріміз ерлік көрсеткен  Брест, Керчь  қалаларына, Лески деревнясына  арнаулы  экспедициялар  барып келді, бұл сапарлардан альбомдар, роликтер жасалды.

         Интернетте «Атырау ардагерлері» атты арнайы парақша ашылып, оған  облысымыздың өмірінен онға жуық видеокөрсетілімдер орналастырылуына байланысты соғыс болған өңірлермен тұрақты байланыс орнады және  онда   түрлі нысандарға атыраулық боздақтардың аттары беріліп, мұражайларында  естелік бұрыштамалар ашылды. Барыс-келіс бастау алды. Волгоград, Минск,  Москва қалаларында бір топ жазушыларымыз бен тарих зерттеушілеріміз  болып қайтты.

         Баяндамада басқа да жалпы патриоттық тәрбиеде, жастармен жұмысты жетілдіре түсетін тұстар аз емес екені атап  өтілді. Жастар ұйымдарымен байланыста белсенділік аз, оларды теріс діни бағыттардан қорғауда, еңбекке баулуда қажырлы қимыл қажет-ақ. Жастарға ықпал ету көбіне жеке акциялармен  шектеледі, тәжірибелік көмек аз. Осы маңызды бағытта ардагерлер ұйымдарына өз жұмыстарын  жаңа сатыға  көтеру керек.

         Семинар-кеңесте Қызылқоға аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы М. Карин Аудандық ардагерлер ұйымының жұмыс тәжірибесі», облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік басқармалар басқармасы  басшысының орынбасары Б. Мұхамбетов «Ардагерлерге-мемлекеттік қамқорлық», Мақат аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы С. Халенов  «Шаруашылық салаларындағы ардагерлер ұйымдарының жұмысын ұйымдастыру», облыстық кеңес жанындағы денсаулықты қорғау тұрақты  комиссиясының төрағасы М.Сапаров «Тұрақты комиссия жұмысы  талап  деңгейінде», Махамбет ауданы Алмалы ауылдық округі бастауыш ұйымының  төрағасы С.Зиноллаев «Бастауыш ұйым-басты тірек»,  Құрманғазы аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы О.Құмарғалиев  «Жұмыстағы жаңа әдістер мен  формалар» деген тақырыптарда сөйлеп,   жергілікті  жерлердегі іс-тәжірибелерімен  бөлісті, видеороликтер  көрсетілді.

         Облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасарыТ. Нұржігітов семинарға қатысушылар сұрақтарына толыққанды  жауап берді.

         Облыстық семинар барысында  облыста тұңғыш рет аудандық  «Ардагерлер үйінің» ашылу салтанаты болды. Әрбір аудан өкілдері   «Ардагерлер үйінің» жұмыс жасалуына қажетті кітапхана, басқа да құрал-жабдықтарды шашу ретінде табыс етті.

         Семинарға қатынасушыларҰлы Отан соғысына  қатысушыларға арналған ескерткішке тағзым етіп, гүл шоқтарын қойды, аудандық өлкетану  мұражайын, «Еңбек даңқы» орталығын аралап көрді. Мешітте соғыс құрбандарына дұға бағышталды.

         Семинар кезінде қатынасушыларға бастауыш ұйымдар үшін  қажетті іс-құжаттардың үлгілері  әзірленіп  таратылды, көркем әдебиеттер сыйға тартылды. Соңында  ардагерлер күшімен үлкен  концерт тамашаланды.

        %d0%b0%d1%80%d0%b4%d0%b0%d0%b3%d0%b5%d1%80%d0%bb%d0%b5%d1%80%d0%b3%d0%b5-%d0%ba%d1%96%d1%82%d0%b0%d0%bf%d1%82%d0%b0%d1%80-%d1%81%d1%8b%d0%b9%d2%93%d0%b0-%d1%82%d0%b0%d1%80%d1%82%d1%8b%d0%bb%d0%b4 Облыстық семинар-кеңестің жұмысын облыстық ардагерлер кеңесінің  төрағасы Қ. Ризуанов қорытындылап, бұл алқалы жиынның  жоғары   ұйымдық, мазмұнды да тиімді  дәрежеде өткенін атап көрсетті. Шалғай ауданда өткен семинар кеңестің жемісті өтуіне ықпал еткен Қызылқоға ауданының әкімі  Мақсот Сайполұлы Мұқановқа, ардагерлерге ауданға жетуіне жан-жақты жағдай жасаған Қазақстан темір жолы ұлттық компаниясы Акционерлік Қоғамының «Атырау жол бөлімшесі» филиалының директоры Бөріхан Сматуллаұлы Беркінбаевқа облыстық ардагерлер кеңесі атынан ризашылық сезімін  білдірді.

         Семинар-кеңесте облыстық кеңес атынан аудан әкімі М.С.Мұқановқа, Мұқыр, Миялы ауылдық округі  бастауыш ардагерлер ұйымдарының төрағалары А.Сахиевке, Ж.Мұқамбетовке  «Алғыс хат» тапсырылды, Қызылқоға, Ойыл ауылдық округі  бастауыш ардагерлер ұйымдарының  төрағалары С.Тауман, М.Айжарықов ескерткіш медальдармен  марапатталды.

Серік Мұхамбетов

Атырау облыстық ардагерлер

Кеңесі төрағасының орынбасары        

One thought on “       Қызылқоға ауданында ардагерлердің семинары өтті

  • 12.11.2016 at 22:46
    Permalink

    Ардагерлерге жұмыстарыңыз жемісті болсын дейміз. Ардагерлер үйі ашылғаны өте дұрыс іс. Енді олар көп іске араласып,жастарға тәрбиемен айналысатын болды.

    Reply

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған