Қызын қорғамаған қор болады…

Қазіргі қоғамның бет-бейнесіне бажайлап қарасаңыз, қыздардың мерейі тасып, жігіттердің жасық болып бара жатқанын байқайсыз. Қылмыс атаулының көбейіп, отбасылардың ойрандалуының бірден-бір себебі де осы жайт па дейсің. Өйткені жат жұрттыққа балаған қызымызды төбемізге көтеріп жібергеніміз сонша, шаңыраққа ие болып қалатын ұлдың аты ғана «ұл» болып қалды. Заты не әйел емес, не нағыз еркек деуге келмейтін хәлде. Мұндай күйге түсуімізге кім кінәлі? Себеп қандай?

Бағзы заманда білімсіздіктің құрбаны болған араб еркектері өздерінің аспаннан салбырап түспегенін жақсы білсе де, қыз баласына, әйел затына шектен тыс қатыгездікпен қараған. Бірақ Алла Тағала даналығымен сондай азғын қауымның ішінде тіршілік кешіп жүрген адал да таза Әбдумүтәлібтің ұлы Абдулланың kazakyzшаңырағынан Мұхаммед (с.а.у.) Пайғамбарды шығарды. Әуелден ең сенімді адам атанып кеткен, аманатқа адал, уәдесіне берік Мұхаммед (с.а.у.) қырық жасынан өмірінің соңына дейін бүкіл адамзат баласы мен жындар қауымына Алланың әмірін жеткізді. Тақырыбымызға қарай ойыссақ, жаһиле заманында қызын қорлаған арабтар Құран түсе бастағаннан-ақ өзгере бастады. Қияметке дейін құзырын жоғалтпайтын, өлілерден гөрі тірілер үшін маңызды болған асыл кітап — Құран, еркек пен әйелді өз орнына қойды. Әйел затына деген теріс көзқарас уақыт өте келе жойылды. Тіпті, он төрт ғасыр өтсе де, құпиясы мен тылсымы әлі күнге жаңалық болып жарқ етіп жатқан қасиетті Құран Кәрімге көз жүгіртсеңіз, «ән-Ниса», яғни қазақшалап айтсақ, «Әйелдер» атты көлемді сүрені оп-оңай кездестіресіз. Міне, мұның өзі қоғамда ана, әже, апа-қарындас, жеңге және жар болып жіктелетін әйел затының текке жаралмағанын білдірсе керек.

Енді өз заманымыз жайында сыр шертейік. Егер қыздарымызды төрінен түсірмей, тамақтың ең дәмдісін соған ұсынып, киімнің ең сәндісін кигізіп, қолына қымбат телефон, жоғары оқу орнын оқуға, одан кейін жұмыс жасап, ақша табуына бар жағдайды жасап отырсақ, оларды қалай қор қылып жатырмыз деп ойлап отырған боларсыз. Мәселе қымбат көлік немесе әдемі көйлекте емес, оған беріліп жатқан тәрбиеде екенін %d0%be%d1%82%d0%bd%d0%be%d1%88%d0%b5%d0%bd%d0%b8%d1%8f-%d0%b4%d0%be%d1%87%d0%b5%d1%80%d0%b8-%d0%b8-%d0%be%d1%82%d1%86%d0%b0ескерсек, шіркін. Киімінен бастап, не ішіп, не кигенін, кіммен дос, қызының неге қызығатынын да бүге-шігесіне дейін әке-шешенің білуі аса маңызды. Елді, жерді қорғау үшін мемлекет басындағылар қалай бас қатырса, әр ата-ана Құдай берген өрімдей қыздың түздегі қорғаны болған дұрыс тәрбиеге солай ми ашытуы ләзім. Себебі қыздың болашағы ұсақ-түйек емес. «Түлкінің қызылдығы өзіне сор» демекші, талшыбықтай бұралған қыз баласының нәзіктігі, сұлулығы талай ер-азаматтарды баурап алатыны ақиқат, бірақ солар қыздарға әкесіндей, ағасындай, інісіндей қарай ала ма? Қазіргі қыздардың өздері үйде болғанмен, қылығы «Инстаграмда» жүр. Ал жасты да, жасамыс пен кәріні де бұзған әлеуметтік желіде қызымызды, қарындасымызды аңдып қазақ та отыр, қырдағы қытай мен ойдағы орыс, айдаладағы неміс пен кәріс те отыр. Қарап тұрған жігітке қыз артылатын ғасырда зинаның көкесін көріп немесе естіп жүрміз. Алайда шектен шыққан әрекеттері үшін Лұт Пайғамбардың қауымын құртқан, Алла Тағаланың қаһарынан сабақ алып отырған әкелер де, ағалар мен інілер де бүгінде кемде-кем. Керісінше, күлім қаққан кез келген қызға махаббат көзбен қарап, қалауын орындап болғасын күнделікті қамқор әке, ізгі ағаның рөліне қайта кіріп жүргендер бар.

«Тана көзін сүзбесе, бұқа жібін үзбейді» деген мақал — олардың сенімді сылтауы. Алланың барына сенсе де, ақыретіне не дайындап жатқанынан бейхабар болғандықтан, көзі түскен сұлу қазақтың қызы ма, басқа ұлттың адамы ма, онда шаруасы жоқ. Ал енді нәпсісіне құрық сала алмаған, өзінше серілік құрып, желік қуып, жүгенсіз кеткен жігіттердің сіздің қызыңызға немесе апа-қарындасыңызға «шабуыл» жасамасына кім кепіл? Хайуандардың ішінде доңыздан басқа, мәселен, айғыр атаулы үйіріндегі биені өзге айғыр тұрмақ адамнан қызғанатынын қайтерсіз? Әйелі арсыз, еркегі намыссыз болған халықты жаулап алу оңай екені тарихтан белгілі. Ендеше, әке-шеше ұл-қызына дәмді тамағын дайындағаны секілді, оларға дұрыс тәрбие де берсін. Бойдақ та, үйленген ер-азаматтар да нәпсісіне берік, ал қыздар жағы етегін қымтап, қылығын үйде қалдыра жүрсін. Шағын ғана мақаламды айтыскер ақын бауырымыз Нұрқанат Қайраттың бір шумақ өлеңімен аяқтауды жөн санадым:

Ар-намысын арудың кірлетпе, дос,

Қорландарды қорламай, құрметке көш.

Абыройын арудың қорғау үшін

Ата-анаңыз бір болу міндетті емес!

Ермұрат НАЗАРҰЛЫ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған