Қырғыз режиссері Қазақ елінің Президенті жайлы фильм түсірді

Бүгінгі таңда қырғыз кино өнерінің көшін ілгерілетуге ат салысып жүрген режиссер Омурзак Толобеков «Әлемдік Назарбаев» атты деректі фильм түсірді. Бұл туралы Knews.kg сайты хабарлайды. Фильм орыс және қызғыз тіліндерінде әзірленген. Автордың айтуынша, Назарбаев жас кезінде көптеген жыл Қырғызстанда болған, фильмде осы кезең қамтылған.

«Біз Назарбаевпен таныс, дос адамдарды таптық. Олар қызықты сұхбат берді. Нұрсұлтан Назарбаев Қырғызстанда өскен, ол біздің тілімізді, халқымызды, салт-дәстүрімізді біледі. Қазір Қазақстанда 300 қырғызтандық мигрант бар, біз сол үшін оған алғыс айтамыз», – дейді Омурзак Толобеков.

Деректі фильмнің шығармашылық тобының айтуынша Елбасының жастық шағы көрініс тапқан фильмді Н.Назарбаев та көрген. Сондай-ақ, продюсерлер жобаны өз қаражаттарына түсіргенін, фильм бюджеті 20 мың долларды құрағанын да атап өтті.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған