Қысқы спортымызға қан жүгірді!

Шорт-тректен АҚШ-тың Солт-Лейк-Сити қаласында өтіп жатқан әлем кубогының екінші кезеңінде қазақстандық Абзал Ажғалиев 500 метрге жүрігуде алтын алды. Ал ерлер құрамасы 5000 метрге жүгіруде үшінші келді. Бірінші орынды Қытай, күмісті Голландия азаматтары алды. Қазақстанның шорт-тректен әлем %d0%b0%d0%b1%d0%b7%d0%b0%d0%bbкубогындағы тарихында алған алғашқы жүлделері. Сөйтіп, Қазақ елінің қысқы спортына жан бітіріп, қан жүгірткен жігіттеріміздің әзірге төресі болып тұрған Абзалдың жетістігіне күллі әлем куә болды. Қытайлық Ган Тиану және қос канадалық Чарльз Гамелин, Самуэль Джирарлармен иық тіресе финалда өнер көрсеткен Абзал батырымыз сүрініп-жығылғанша шапқылады. Десе де, Канададан келген екі спортшы өздерінің мықты екенін жарыс басынан білдірген болатын. Қытайдың да, қазақтың да баласын менсінбей атойлаған қос канадалық финишке аз қалғанда сүрінеміз деп ойламаған болар. Бірінің жығылғанына екіншісі қосылып, соңында Қытай және Қазақстан спортшысы өзара алтынға таласты. Мұхиттың арғы бетінде қазақтың намысын абыроймен қорғап, байрағын биікке көтерген Абзал Ажғалиевтің жеңісі құтты болғай!

«ЕлАна»

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған