Құмар Ақсақалов: «Ешкім де қайғысымен жеке қалмайды»

СҚО әкімі Құмар Ақсақалов пен «Нұр Отан» партиясының хатшысы Фархад Қуанғанов Ғ.Мүсірепов атындағы ауданның  Шарық өзенінің деңгейі көтерілуінен су арнасынан шығып 157 үйді басқан үш елді мекенде болды. Онда дүйсенбіден бері төтенше жағдай. 

   Рузаевка ауылында облыс әкімі судан зардап шеккен  жергілікті тұрғындармен кездесті.

– Ешкім де өз мәселесімен жеке қалмайды. Комиссия жұмыс істеп жатыр, олар әрбір үйде болды. Қазір біз шығынның көлемін анықтауымыз керек, өтемақы бойынша мәселе сосын шешіледі. Сіздердің мәселелеріңізді шешуге көмектесетінімізді білулеріңіз керек. Қазір  қоғамдық ұйымдардың шоттарына  ақша түсе бастады, барлық жақтан көмек келуде. Аз уақыттың ішінде барлығына өтемақы төлейміз және көмектесеміз,- деді Құмар Ақсақалов.

   «Нұр Отан» партиясының хатшысы Фархад Қуанғанов осы жерде  қалыптасқан жағдайды байқау үшін Астанадан арнайы келгенін де атап айтты өңір басшысы зардап шеккендермен әңгіме барысында.

 – Жағдайды бақылауда ұстаймыз деп сіздерді сендіремін. Барлық мәселелеріңіз ескерілетін болады. Сіздер үшін ауданның, облыстың басшылары, Қазақстанның барлық өңірлері алаңдап отыр,- деді Фархад Қуанғанов

 Облыс әкімі өтемақы төлеудің жағдайы туралы да айтып өтті.

– Сіздер тұратын орындар дайындаймыз және бір жарым айдың ішінде ақша мәселесін шешеміз. Онда анықталған тәртіп бар. Сақталуға тиіс ереже мен белгіленген комиссия бар, келтірген залалды анықтауға шыншылдықпен қараймыз. Ақшаға келетін болсақ, оны бөліп бермейміз, бірден төлейміз. Үйлері толық бұзылған тұрғындарға тұрғын үйдің құны өтелетін болады, бағалау  комиссиялық тұрғыда болады,- деді Құмар Ақсақалов.  

img_1058

  Көптеген тұрғындар  жергілікті атқарушы органдарға, құтқарушылар мен полиция қызметкерлеріне, табиғи апатты жеңуге көмек көрсеткендердің барлығына және оның зардаптарын  жоюға көмектесіп жатқандарға алғыстарын білдірді. 

Рузаевка ауылының тұрғындарын су тағы да келеді деп тынышсызданудың қажеті жоқ екендігіне сендірді. Үйлері сау қалғандар баспаналарына оралып,  малдары мен мүліктерін әкелуі қажет.

–  Бағалау өткеннен кейін біз тағы келеміз. Жиналып, әңгімелесетін боламыз. Шешілмейтін мәселе болмайды, бастысы – абыржымау, үрейленбеу керек. Барлығы жақсы болады, – деді Құмар Ақсақалов.

    Сапар соңында облыс әкімі  барлық көшелермен жүріп, су тасқыны солтүстікқазақстандықтарға қандай қасірет әкелгендігін байқады.

СҚО әкімінің баспасөз қызметі

 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған