Құрандағы екі сүренің ерекше қасиеті

Құранның бастауы саналатын Фатиха сүресінің артықшылығы өте көп.

Сондай ерекшелігінің бірі туралы Әбу Сағид Рафиғ ибн әл-Муғәллә (Алла оған разы болсын) айтады:

«Алла Елшісі (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын) менің қолымнан ұстап тұрып:

«Сен мешіттен шығудан бұрын саған Құранның ең қасиетті сүресі қандай сүре екенін айтайын ба?»,- деген едіңіз, – дегенімде Ол (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын):

«Ол – әлхамдулилләһи Роббил-ъаламин».  Фатиха сүресі әр намазда оқылатын жеті аят және маған түсірілген қасиетті Құранның бәрі», – деп жауап берді»,- дейді.

Ибн Аббас (Алла оған разы болсын) айтады:

«Жәбірейіл (Алланың оған сәлемі болсын)  Нәбидің (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын) жанында отырған уақытта, Нәби (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын) төбеден есіктің ашылғанына ұқсаған дыбысты естіді.

Жәбірейіл (Алланың оған сәлемі болсын) төбеге қарап:

«Бұл дүние аспанының қақпасы. Ол осы күнге дейін жабық болып, енді ашылды», – деді. Ол қақпадан сол күнге дейін жер бетіне түспеген періште түсті.

Періште Нәбимен (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын)  сәлемдесіп:

«Сүйінші! Саған (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын)  осы уақытқа дейін ешбір пайғамбарға берілмеген екі нұр берілді. Ол – Фатиха сүресі мен Бақара сүресінің соңғы бөлігі. Бұл екеуінің қайсысын оқысаң да, тілегенің беріледі», – деді».

 

Дайындаған: ElAna.KZ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған