Құрбан шалудың 10 артықшылығы

1. САУАПҚА ҚОЛ ЖЕТКІЗЕДІ: Алланың “Раббың үшін … құрбан шал” деген бұйрығына бойұсынып, құрбан шалғаны үшін сауапқа қол жеткізеді;

2. ПЕНДЕНІ АЛЛАҒА ЖАҚЫНДАТАДЫ: Алланың әмірін орындап, өз иелігінен құрбандық ретінде мал шығару арқылы пенде Аллаға жақындай түседі;

3. ИБРАҺИМ ПАЙҒАМБАРДЫҢ СҮННЕТТІН ТІРІЛТЕДІ: Ибраһим пайғамбар Алланың мейірімімен ең алғаш құрбан шалған адам;

4. АЛЛАНЫҢ ӘМІРІН ОРЫНДАУҒА САБЫРЛЫҚ ЕТУГЕ ҮЙРЕТЕДІ: Алла Тағала сүйікті ұлын құрбандыққа шал деп бұйырғанда Ибраһим пайғамбар бұйрықты орындауда сабырлық танытып, Алла әмірін екі етпеуге талпынды;

5. ШҮКІРЛІКТІ АРТТЫРАДЫ: Құрбан шалу арқылы пенде өзіне Алланың берген жақсылықтарына шүкірлік ететіндігін білдіреді; 

6. ТУЫСТЫҚ ҚАТЫНАСТЫ ЖАҚСАРТАДЫ: Құрбан шалған үйге туыстар жиналып, дәмнен ауыз тиеді. Осылайша туыстар жүз көрісіп, мәре-сәре болады;

7. ПЕНДЕНІҢ ТАҚУАЛЫҒЫ АРТАДЫ: Алла сойылған құрбан малының қанына да, етіне де мұқтаж емес. Құрбан шалуды бұйыру арқылы Алла құлдарының тақуалығын сынайды. Кім осы сынақтан сүрінбей өтсе, оның тақуалығы артады; 

8. МҰҚТАЖ ЖАНДАРДЫ ҚУАНЫШҚА БӨЛЕЙДІ: Құрбан шалған әр пенде құрбанға шалынған малдың бір бөлігін мұқтаж жандарға үлестіреді осылайша оларды да қуандырады;

9. ҚОНАҚҚА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТУ ҚҰЛШЫЛЫҒЫ ЖҮЗЕГЕ АСАДЫ: Құрбандыққа шалынған малдың бір бөлігін қонақ шақырып дастархан жаяды. Осы кезде қонаққа құрмет көрсету әдептері жүзеге асады;

10. БӘЛЕ-ЖАЛАДАН САҚТАЙДЫ: Пенде иелігіндегі малынан құрбан шалып, оның бір бөлігін садақа етіп тарату арқылы амандыққа қол жеткізеді.

Ернар НҰРТАЙҰЛЫ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған